Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

59. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.

Мемлекетіміздің аграрлық саясатының арқасында экономиканың осы секторы тұрақты дамуда. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі өсуде. 2011 жылы оның құны 350,7 млрд. теңгені құрады. 2011 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы 8 млрд. теңге бюджеттік қаражат, соның ішінде 6,4 млрд. теңге субсидия түрінде, егіншілікке 4,1 млрд. теңге және мал шаруашылығына 2,3 млрд. теңге қаражат бөлінді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде жанар-жағармай және ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерінің құнын арзандатуға, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, дәнді дақылдардың өнімділігі мен сапасын арттыруға, элиталық тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығын өсіруді қолдауға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Малды қолдан ұрықтандыру бойынша мал шаруашылығы кешендері мен дистрибьютерлік орталықтардың құрылысына кеткен шығындар бойынша облыстық бюджеттен өңіріміздің 2275 ауыл шаруашылығы құрылымы субсидия алды. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жанар-жағармай және арзандатылған дизельдік отынмен уақтылы қамтамасыз етуге былтыр 152 мың тонна мұнай өнімі алынды. Отынның қажетті көлемі республиканың мұнай өңдеу зауыттарының белгілеген нақты бағасымен бөлінді.

60. Агроөнеркәсіп кешенінің нарығы мен шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмі.

Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен , оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді. Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан. Біріншіден , ол табиғаттың , ауа-райының жағдайына толық байланысты , бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін. Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және бір келкі емес, ал тұтыну болса жыл бойы жүреді. Үшіншіден, оның басқалардың өніміне қарағанда бір жермен бір орында емес, шашыранды , оларды бір жерге жинау мүмкін емес , тиімді болмайды. Төртіншіден, ауыл шаруашылық өндірісі, онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады. Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді. Бесіншіден , бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақты зардап алып келуі мүмкін.

1

2

3