Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

23. Еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі.

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді. Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Еңбек ресурстары - халықтың еңбектік әлеуеті, ел (аймақ) халқының шаруашылық саласында жұмыс істеуге қажетті білім деңгейі бар, дене күші толысқан және дені сау бөлігі; елдің экономикалық әлеуетінің маңызды элементі.

24. Аграрлық өндірістегі инвестиция

Аграрлық өндіріс игіліктер және өмірлік қор өндірісімен тікелей байланысты еңбек сферасына жатады. Бұл оның адамзат қоғамының эволюциясындағы ерекше ролін белгілейді. Аграрлық еңбек — барлық қоғамдық өндірістің алғашқы және шешуші бастамасы бөлін табылады. Қоғам үшін ол біріншілік қажеттерді қамтамасыз ететін өнімдерді жасайтын толығынан қажетті еңбек болып табылады. Сирек болу заңы тұңғыш рет өзін аграрлық өндіріс арқылы көрсеткен. Аграрлық өндірістің ресурстарында (алдымен егіншілікке жарамды жер қыртысы), осында жасалатын материалдық игіліктері де сан жағынан шектелген болады, олар сирек кездеседі. Өндіріс мүмкіндігінде шек болады, ал біріншілік қажеттерді алмастыру мүмкін емес. Алмасу заңы бұларға ықпал етпейді. Сондықтан тарихи нақты кезеңдердің қандайында болмасын, қоғам, өндірістің аграрлықтан басқа түрлерінің барлығына азық-түлік қорын жасауға қажет шығындардан артатын жанды және заттық еңбек көлемін ғана жұмсайды. Кез келген елдің ұлттық өндірісінің құрылымы елеулі дәрежеде азық жасайтын еңбектің өнімділігімен белгіленеді, ал аграрлық сектордағы өндірістің өсімі жалпы ұлттық өнімнің бір жылдық өсімінің негізгі үлесін құрайды. Қазіргі кезеңде барлық елдерде тамақ өндіретін сферада құрылымдық өзгерістер жүріп отыр. Аграрлық еңбектің өнеркәсіптік еңбекпен кооперациялануының және комбинаттануының нәтижесінде, азық-түлік өндірісі шығындарының елеулі бөлігі егістік және мал шаруашылығына өндірістік қызметтер көрсететін, олардың өнімдерін өңдейтін, өнеркәсіптік салаларға ауысып отыр. Осымен бірге, тікелей аграрлық еңбекпен айналысатын адамдар санын қысқартуға әкелетін егістік және мал шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі байқалады. Бұл, бірақ, адам өміріндегі аграрлық өндірістің маңызын төмендетеді деуге болмайды. Аграрлық өндірістің бірінші және негізгі ерекшелігі — ол, осындағы адам еңбегінің, өнеркәсіптік еңбекпен салыстырғандағы айырмашылығы болып табылатын планетаның белгіленген қуатын жұмсауға емес, оны жинақтауға бағытталады. Қоғам эволюциясының төменгі сатыларында адамдар өз тамақтарын жинау, аң аулау, балық аулау арқылы тапқан, ал оларды сақтауды білмеген. Осы жағдай адамдардың күн көріс негізіне шек қояды, планета халқының өсуіне кедергі келтіреді. Эволюциясының белгілі кезеңінде, адамзат өзін жойып жіберетін экологиялық апатқа ұшыраған: адамдар санының өсуі, олардың табиғи күнкөріс базасының ұдайы өндірілу мүмкіндігінен артып кеткен.