Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

7. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама.

Осы орайда, ауыл шаруашылығындағы кадр әлеуетінің қазіргі ахуалы инновацияларды іс-жүзінде ендіруге елеулі кедергі келтіретіндіктен, инвестициялардың тиімділігін барынша азайтып, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» мемлекеттік жобасының жүзеге асуын тежейтінін айқын ұғынған жөн.Бүгінгі жағдайда ғылым мен техника жетістіктерін ендіру арқылы агроөнеркәсіп өндірісін барынша жаңғыртуға бағытталған инновациялық процестерді дамытып қана дағдарыстан шығуға болады. Инновациялық процестер нақты техникалық және технологиялық идеяларды ғылыми әзірлемелер негізінде жаңа технологияларға айналдырудың және жаңа, сапалы өнім алу мақсатында тікелей өндірісте игеруге дейін жеткізудің тұрақты, үздіксіз ағымы болып табылады. Аталмыш процеске ауыл шаруашылығындағы ғылыми ұйымдар мен оқу орындары, өндірісті басқару мекемелері, қызмет көрсетуші және өндіріске ендіруші құрылымдар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ғылыми-техникалық зерттеу, әзірлеу және өндіріске даярлау, басқаша айтқанда, өндіру, сақтау, қайта өңдеу және өткізу инновациялық процестің негізгі функционалдық бөліктерін құрайды.

Қазақстанда қалыптасып келе жатқан инновациялар нарығының түбегейлі нарықтық қайта құруларды жүзеге асыру кезеңіндегі агроөнеркәсіп кешені экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты төмендегідей бірқатар өзіндік ерекшеліктері байқалады:

- ғылыми-техникалық салада өткен жылдардан ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың жеткілікті қоры қалғанымен, оларды іске асыру және ауыл шаруашылығы саласында жаңа зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу үшін тапсырыс беруші тұтынушылардың қаржысы жетпейді;

- инновация нарығы өнімнің өзінен емес, инновациялық қызметті жүргізуге қабілетті ұйымдардың, ұжымдардың, жекелеген мамандардың жиынтығынан тұрады;

- бүгінгі күні инновациялық ұйымдар көбіне венчурлық капиталмен қамтамасыз ететін ұйымдардың қаражаты есебінен өз беттерінше жұмыс істей алмайды.

8.Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.

Елімізде жақын арада «Агробизнес-2020» жаңа бағдарламасын бекітті. Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесі төрт бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады: 1. Қаржылық сауықтыру; 2. АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қол жетімділігін арттыру; 3. АӨК субъектілерін қамтудың мемлекеттік жүйелерін дамыту; 4. АӨК мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру.Қаржылық сауықтыру қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, кредиттер мен жобаларды қаржыландыру арқылы іске асырылып, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілердің бар қарыздарын өтеу үшін қаржыландыру арқылы болады. Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілдетіп, АШТӨ көбінің банкрот болуын болдырмауға мүмкіндік береді. Ол үшін 375,6 млрд. теңге қажет. АӨК субъектілеріне тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің қол жетімділігін арттыружөніндегі бағыт бойынша өсімдік шаруашылығының, мал шаруашылығының өнім өндірісін, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуін және қамтамасыз етуші салаларын субсидиялау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруін арттыру АӨК инвестициялық жобалардың  рентабельділігін және тартымдылығын көтеруге қосымша ретінде кәсіпкерлердің шығынына ішінара өтемақы ретінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар Елбасының фермерлерді қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту тапсырмасын орындау мақсатында Бағдарламаға қаржылық институттар алдында АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыру мен кепілдендіру жүйесін енгізу қарастырылған.