Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

33.Ғылыми-техникалықпрогрестің даму кезеңдері мен оныңагроөнеркәсіпкеәсері.

Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғаттуралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.

16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларғаие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртыныңкомпасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып,Г.Галилей,И.Ньютон, .Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр,Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты.

34. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.

Мемлекетіміздің аграрлық саясатының арқасында экономиканың осы секторы тұрақты дамуда. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің көлемі өсуде. 2011 жылы оның құны 350,7 млрд. теңгені құрады. 2011 жылы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы 8 млрд. теңге бюджеттік қаражат, соның ішінде 6,4 млрд. теңге субсидия түрінде, егіншілікке 4,1 млрд. теңге және мал шаруашылығына 2,3 млрд. теңге қаражат бөлінді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезінде жанар-жағармай және ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерінің құнын арзандатуға, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, дәнді дақылдардың өнімділігі мен сапасын арттыруға, элиталық тұқым шаруашылығы және асыл тұқымды мал шаруашылығын өсіруді қолдауға, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Малды қолдан ұрықтандыру бойынша мал шаруашылығы кешендері мен дистрибьютерлік орталықтардың құрылысына кеткен шығындар бойынша облыстық бюджеттен өңіріміздің 2275 ауыл шаруашылығы құрылымы субсидия алды. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жанар-жағармай және арзандатылған дизельдік отынмен уақтылы қамтамасыз етуге былтыр 152 мың тонна мұнай өнімі алынды. Отынның қажетті көлемі республиканың мұнай өңдеу зауыттарының белгілеген нақты бағасымен бөлінді.