Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аграрка2233.docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
131.99 Кб
Скачать

30. Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі.

Өндіріс тиімділігі — экономикалық категория. Ол — өндіргіш күштер мен өндірістік қарым — қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі. Тиімділіктің басты мәселесі — нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі. Тиімділік — ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғы шарты. Ресурстарды таңдау кезінде баламалы нұсқаларды анықтау үшін пайдаланылатын сапалы бағалау көрсеткіші болумен бірге, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы да тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар — ақша қатынасы жағдайында өндіріс тиімділігі ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды. Мұндай жағдай жалпы өндірістік шығындардан қол жеткен нәтиже шамасы абсолюттік мөлшерде артық болып тұрғанда ғана орын алады. Осындай ұтымды тиімділік кез келген ұйымдық — құқықтық шаруашылықтың оңтайлы жұмыс істеуінің, кеңейтілген өндірісті жүргізудің ең бір қажетті шарты болып есептеледі. Сондай — ақ ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми — техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күшке айналып, тұтыну құнының сапасын жақсартады.

31.Өсімдік шаруашылығы саласы

Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Негізгі міндеті – өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығынсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Өсімдік өсірудің өзі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығынсыз мал шаруашылығы да жүзеге аспайды, себебі өсімдіктерсіз малға азық болмайды. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өндірістің көптеген салаларын өсімдік шикізатымен қамтамасыз етеді, мысалы, тағамдық, аралас құрамды, фармацевтикалық, тоқымалық, парфюмерлік және тағы басқалары. Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық, гүл өсіру және жеміс өсіру сияқты кіші салаларды енгізеді.  Ұғымдарды шатастырып алмас үшін, әрбір салаға түсінік беру керек. Терминдерінің түсініктемелері Үлкен Энциклопедиялық Сөздіктің тұжырымдамасы бойынша берілген. Егіншілік – өсімдік шаруашылығының бір саласы, ол егістіктік бір жылдық жаздық және күздік дақылдарды өндіреді (дәндік, технологиялық—қант қызылшасы, зығыр, мақта және т.б. азықтық, картоп).

Көкөніс шаруашылығы – көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар – қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта— маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды. Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі көшет отырғызу әдісін жаппай қолдану, сонымен қатар, өсімдіктерді аяғына дейін өсіру және шығару саналады. Жеміс өсірушілік – өсімдік дақылдарын ерекшеленген жер массивтерінде және үлескі маңындағы жерлерде өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының түрі. Мақсаты – жемістерді, жидектерді және жаңғақтарды алу. Жеміс өсіруге жатады: шемішкелік, сүйектік, жаңғақ жемісті дақылдарды өсіру, жидек өсіру, көшет шаруашылығы. Субтропикалық және цитрус шаруашылығы әдетте өсімдік өсірудің жекелеген салалары ретінде қарастырылады. Гүл өсіру - үзу, бақтарға, саябақтарға, саяжайларға егуге, ғимараттарды әшекелеуге арналған гүлдерді алу үшін гүлдік - сәндік өсімдіктерді өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Көкөніс шаруашылығындағыдай, гүл өсіру де ашық және жабық топырақты болады –жылыжайлар, оранжереялар, көшетханалар.

32. Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен(сүт,май,ет, т.б.) жеңіл жәнетамақөнеркәсіптеріншикізатпен(жүн,тері,етөнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік(ат,өгіз,түйе, т.б.) жәнетыңайтқышпенқамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынанмал азықтары(майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.),дәрі-дәрмектермен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар,гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларынасиыр,қой,ешкі,жылқыжәнетүйешаруашылықтары жатады. Мал шаруашылығы бірнеше топқа бөлінеді:

1 Ірі қара өсіру

2 Шошқа шаруашылығы

3 Қой шаруашылығы

4 Құс шаруашылығы

1.Ірі қара өсіру[

Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы бередіДүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.

2.Шошқа шаруашылығы[

Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.

3.Қой шаруашылығы

Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған.

4.Құс шаруашылығы

Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.