Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
66
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать
  1. Философия ғылымының негізгі зерттеу обьектілерін көрсетіңіз.

Философия мен философиялық ой өзінің объектісі болып саналатын дүние, әлем мен адам хақында белгілі бір деңгейде қажетті мағлұматтар мен ақпараттар тасқынын бере алады. Екіншіден, бұл үрдіс кезінде адам мен дүние толықтай қатысып, адамның шексіз танымының бір саласын құрайды. Ал өнер ретіндегі қыры – кең шығармашылық ойлауды қажет ететіндігі, өткенін жоққа шығармайтындығы, объектілерін зерделеу барысында мәселелердің бастапқы күйінен тамыр тартып қозғала беретіндігі т.б. Мәселен, әдебиеттегі махаббат, достық, ана сияқты тақырыптар мәңгілік  болса, философиядағы субстанция, рух, ойлау сынды метафизикалық мәселелер де көне замандардан бері, бүгінгі күнге дейін толғанылу үстінде. Ал ғылым өткенін терістеп, сабақтастық бойынша ілгерілей түседі. Мәселен, дүниенің атомдарының соңғы бөлінбейтін бөлшек екендігі хақындағы көне замандардағы теория физика ғылымында қазір жоққа шығарылып, одан кейін атом құрылысы ашылып, тіпті оның шексіз ұсақ бөлшектерге ыдырай беретіндігі  дәйектеліп отыр. Енді философияның қоғамдық теориялық санада, ғылымдар аясында қандай қызметтер атқаратындығына тоқталып өтсек, оның басты функциялары былайша көрсетіледі. Бұл тұста, алдымен, функция немесе қызмет ұғымын түсіндіріп өтуіміз қажет. Функция – міндеттілік, әрекет ету аймағы, өзінің мүмкіндігінің шегіндегі болмай қоймайтын басқа салаларға ықпалы, өзінің атқаруы тиісті мазмұны  болып табылады

—        болжалдық қызметі бойынша философия ғылымы әлемнің, қоғамның, адамның дамуының болашақтағы күйін анықтап, өзіндік жобалар мен модельдер құрады;

—        танымдық қызметі арқылы бүкіл дүние мен адам және оның орны хақында мәліметтер мен ақпараттар жиынтығын тұтастындырып, ғылымиландырып барып ұсынады.

—        әдіснамалық қызметі ғылым философиясы саласына сәйкес, барлық ғылымдарға жолбасшылық жасап, жалпы бағдарларды, зерттеу әдістері мен әдіснамаларын жинақтап бере алады және ол ғылымдар осы бағдарлардан айнымай өзіндік зерттеу бағыттарын тиянақтайды. Мәселен, герменевтика, феноменология, структурализм сынды философиялық бағыттар қазіргі таңда көптеген ғылымдардың жалпы зерттеу әдіснамаларын құрайды.

—        рационалды жүйелеу-  философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып-сараптайды,  оларды белгілі бір жүйеге келтіреді.

—        сыни- философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамның өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді.

—        гуманистік-тәрбиелік-   философия адамды дүниедегі  ең басты құндылық деп таниды және негізінен руханияттық пен адамгершілікті басшылыққа алады.

—        практикалық  -неміс философыГегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да, қазіргі философияның, онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат-міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы болып табылады

2.Философияның басқа ғылыми пәндерден айырмашылығын табыңыз.

Философия ғылымы туралы айтпастан бұрын, әуелі философияның не екендігін анықтап алуымыз қажет, өйткені бұл сауалдың өзі – философиялық мәселе. «Философия дегеніміз не?» деген сауал философия арнайы ғылым ретінде қалыптасқан сонау көне замандардан бастап, бүгінгі күнге дейін ғылыми дискурс аймағында өзекті түрде талқыланатын тақырыптардың бірі. Философия –  ғылым, әрі қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарас, өнер ретінде де көрініс беретін даналық ілімі. Ғылым болып табылатын себебі, арнайы ғылыми әдіснамалары мен әдістерінің болуы, осы ғылым тарихының арнайы қалыптасуы, теорияларын дәйектеуді және дәлелдеуді қажет ететіндігі т.б. болса, қоғамдық сананың формасы ретінде қабылдануы – қоғамның әрбір мүшесінің белгілі бір деңгейде кәсіби емес түрде болса да философиялық пайымдауларды бастан өткізетіндігінен-ақ анық байқалады, тіпті философиялық ой ойламайтын, ойламаған адам болмайды. Осы орайда, философиялық ой адам санасының ажырамас қасиетіне айналады. Сондықтан ол жалпы қоғамдық көпшілік сананың деңгейінде қарапайым формада болса да үнемі қылаң беріп отырады.

  1. Философия мен өнердің айырмашылығы мен  ұқсастықтарын салыстырыңыз.

Философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда — даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.

Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы.Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады.

Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстыратын болсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады. Менің ойымша философияға қанша тұлға атсалысса, соншалықты философияның түрлері бар. Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, ол жерде өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық, сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады. Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты, адамның жүрегінде, ой өрісінде өшпес із қалдырады,оның жан дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді.Филослфияны өнерге жақындығы – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. Өйткені Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін емес.Ал, бірақ адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім толқындарымен бояйды. Олай болса, философия өзін тудырған мифологиядан толығынан бөліне алмайды. Философия мен көркемөнердің бір-біріне жақындығын, бір-біріне өтіп жатқанын айқын көрсететін нәрсе – тарихтағы ұлы тұлғалардың шығармалары. Оған Платонның «Диалогтарын», нақыл сөздерін, Ницшенің афоризмдерін, Камюдің эсселерін жатқызуға болады, өйткені олардың философиялық мазмұны көркем сөзбен берілген. Ал Абайдың өлеңдері мен Әуезовтың романдарында Достаевский, Толстой сияқты орыстың ғұлама жазушыларының шығармаларында терең философиялық сыр жатыр

  1. Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз.

Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.

Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.

Декарт заманының батысеуропаның философиясында танымды “субъект-объект” арақатынасы негiзiнде қарастырып келе жатыр. Танымсубъектiсi деп арнайы мақсатқа негiзделген, белсендi пәндiк-практикалық таным әрекетiн жасаушы және оны бағалаушыны айтады, мұда жеке индивид, ұжым, әлеуметтiк топ, жалпы қоғам жатады.

Таным объектiсi деп бiз субъектiнiң танымдық әрекетi неге бағытталынады соны айтамыз. Танымның объектiсiне материалдық және рухани құбылыстар, сондай-ақ субъектiнiң өзi де кiредi.

Танымның субъектiсi мен объектiсi бiр-бiрiнiң себебi болып табылады, өйткенi субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъектiнiң де болуы мүмкiн емес.

Таным процесiнде субъект және объект бiр-бiрiне едәуiр әсерiн тигiзедi. Таным объектiсiн тандауының өзi субъектiнiң болуын қажет етедi. Ал бұл тандау адамның iс-әрекеттер мiнезiмен және оның рухани қажеттiлiктерiмен айқындалады: бiреуге өнер туындысы эстетiкалық сезiмдер объектiсi болса, екiншiсiне ол өнертанымдық анализ жасау объектiсi.

Танымның философиялық тұғырнамаларда дәстүрлi екi түрiн белгiлейдi: сезiмдiк және рационалды танымдарды. Олар бiр-бiрiмен тығыз қатынаста болады және әр қайсысы өзiнiң формаларына ие. Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.

  1. Көне Қытай философиясындағы дұниетаным ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Қытай елінде болып жатқан жаңару үрдістері сол елдің терең түп-тамыры – 4-5 мың жылға кететін мәдениетімен, сол халықтың дүниетанымы мен дүниесезімі (менталитеті), философиясымен байланысты. Синологтардың (қытайтанушылар) айтуына қарағанда, Қытайдың моральдық философиясының негізгі қағидалары бүгінгі заманның талабына сай келіп, реформаларды жеделдетуге өзінің зор ықпалын тигізуде. Ендеше сол халықтың тудырған философиясын зерттеп, өзімізге керек жақтарын ойымызға түйейік. Қытай философиясына кіріспестен бұрын бір-екі ауыз сөзді осы халықтың мифологиясына арнау керек, өйткені, қай халық болмасын, оның мәдениеті мен философиясының түп-тамыры, қайнар көзі сол көне аңыздарға барып тіреледі. Қытай аңыздарында Дүниенің жаратылуына көп көңіл бөлінген. Алғашқы тұңғиықтың (хаостың) ішінде үлкен жұмыртқа пайда болып, оның ішінен дәу алғашқы адам – Пань-Гу шықты,- дейді Қытай мифологиясы. Содан кейін ол оң қолымен сермеп қалғанда, хаос қаққа жарылып, жер мен аспан пайда болыпты. Әрі қарай оның тынысы желге айналып, дауысынан – күн күркірейді, бір көзінен күн туса, екіншісінен ай пайда болады, Дүниенің төрт бөлігі – оның екі қолы мен екі аяғынан, өзендері – оның қанынан, жаңбыр – шыққан терінен пайда болыпты. Қытай мифологиясында Дүниенің екі бастауы – еркектік жағы — ян — ол жеңіл, ақшыл бөлшектерден, ал әйелдік жағы – инь – керісінше, ауыр, қараңғы түсті бөлшектерден тұрады. Олардың бір-бірімен әр-түрлі өлшемде қосылуы- бүкіл болмыстағы барлық заттар мен құбылыстарды құрайды. Б.ғ.д. Vқ-V ғ.ғ. Қытай елінде мифологиялық дүниетанымнан философияға қөшу үрдістері басталады. Сонау көне заманнан бастап Қытай философиясында үш негізгі ағым пайда болды. Олар: даосизм – бұл ағымды Қытайдың натурфилософиясы деуге болар еді. Екінші ағым – Кон-фу-циандық — ол Қытай халқының моралдық философиясы, үшінші – Фа-цзя мектебі –ол Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы. Бұл ағымдар сонау көне заманда пайда болып, осы уақытқа шейін осы халықтың дүниетанымында елеулі орын алады.

 

  1. Көне Үнді дүниетанымындағы бастапқы жаратылыстанулық білімдерді талдап көрсетіңіз.

Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар ел. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама.  Үнді елінің ғажап ерекшелігі – оның әлеуметтік ұйымдастырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны – варна, я болмаса каста дейді. Негізінен алғанда, Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар:Брахмандар (ақтар) – айналысатын істері – ой еңбегі, негізінен діни қызметкерлер, ел басқарушылар.Кшатрилер (қызылдар) – айналысатын істері – жауынгерлік істер.Вайшьилер (сарылар) – еңбек етеін адамдар, негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с.Шудралар (қаралар) – ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар.Тарихи алғы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары үнді еліне басқа жақтан келген арий тайпалары. Шудралар – жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі.(ab orіgіne — латын сөзі, -басынан бастап). Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және басқа касталармен қандай қатынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді.Басқа жақтан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды. Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген қандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар:әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі;

касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады; реинкарнация, яғни адамның жан-дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі;Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып-өскен каста болғаннан кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. үнді еліне жер ауып келген басқа халықтар ерекше каста болып өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол қоғамның ерекше құрамдас бөлігі болып жеңіл сіңісіп кетеді. Үнді халқының тағы бір орасан-зор ерекшелігі – оның өте бай мифологиясында. Жер-бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды. Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық құдай кейіптері суреттелген! Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, кәртайады, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді мифологиясындағы негізгі ұғымдар:Карма – адамның тағдырын құрайтын жан-дүние; Сансара — ғарыштағы қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі; Мокша – бұл дүниедегі азаптан құтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу; Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар: Ригведа, Упанишада, Махабхарата, Бхагавадгита т.с.с. Үнді космогониясына (Дүниенің пайда болуы) келер болсақ, онда ол Пуруша — ғарыш адамымен байланыстырылады. Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады. “Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен аяғы, не нәрсеге айналды? Оның аузы – Брахманға, қолы – кшатриге, бөксесі – вайшьиге, аяғы – шудраға айналды. Ай – ойынан, күн – көзінен, кіндігінен – кеңістік, тынысынан – жел, басынан – аспан, аяғынан – жер. Осылай Дүние келді², –дейді Ригведа. Ал, Упанишадаға келер болсақ, Дүниені жаратқан Брахман дейді. “Брахман ең бірінші Құдай, бәрін жаратқан, бәрін сақтайды. Ол – Дүниенің ең басы, себебі, байланыстырушы². Оны қалай танып-білуге болады?,- деген сұраққа, “нети-нети² (ол емес, ол емес) деген жауап береді. “ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды …

  1. Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесінің қойылуын сипаттаңыз. 

Үнді мифологиясында адам – табиғаттың өсімдіктер мен жануарлары сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам – дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан-дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса,- мокшаға (құтылу) – сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін. Мифологиядағы моральдық мәселелерге келер болсақ, онда Дүниеге байланбау, кемдерге көмектесу, ешнәрсені зәбірлемеу, өтірік айтпау сияқты талаптарға көп көңіл бөлінген. “Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек – Яма (Яма — өлім құдайы). “Менің білетінім – байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке уақытшамен жетуге болмайды², деген дана сөздерді үнді мифологиясында табуға болады. Үнді мифологиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.

  1. Көне Грекиядағы космологияның даму бағыттарын көрсетіңіз.

Гректердің математикасының бастаушысы Анаксимандр (б.э.б. 6 ғ.). Оның түсінігінде әлем сфералық, оның ортасындағы Жер цилиндр тәріздес, оның қасында Айдың шеңбері орналасқан, ол 9,18,27 сандарына қатынасты қашықтықтарды құрайды. Ал күн жұлдыздар жүйесіндегі ең ірісі деп түсіндірді. Бірақ бұл тәжірибеден алынбаған, тек мистикалық сандар мен геометризациялау ұғымдарымен астасқан. Бірақ бұл мифологема математикалық астрономияға негізделген: бұдан Парменидтің шар формалы болмысы, Аристотелдің әлемнің қасиетті құрылымы мен формализмі түсінігі, Птолемейдің геоцентризмі үлгі алған. Б.э.б. 6-5 ғасырлардағы пифагорлықтар мектебі осы сандардың үйлесімділігі ғарыштың негізі деп білген. Бірақ бұл математикалық ғылым емес, діни метафизикаға алып келді: сандар мистикалық мәні бар құбылыстар.

Филолайдың ұғымы бойынша әлемнің орталығында от жатыр, оны бір тәулікте үлгеретін сфералық Жер айналып жүр. Осыған байланысты күн мен түн ауысады, орталықтағы от көрінбейтін, жер мен от арасында АНТИЖер бар (Антихтон), біздің жерге ұқсайды, қараңғы кейіпте. Күн осы оттан нәр алады, жылу мен жарықты алып, мөлдір шыны тәріздес болып келеді. Ал Пифагор да осы сандар мистикасымен шұғылданғанмен, оның түсінігінде әлемнің орталығында Жер тұрған. Күн мен Ай және бес планетананың айналып жүретіндігін ұсынған.

«Тимей» еңбегінде: Платон да Пифагор идеясын қолдайды, жетілген дене – шар формалы, жетілген фигура – шеңбер деп білді де, сандар мистикасын былайша реттейді: Ай 1, Күн 2, Шолпан 3, Меркурий 4, Марс 9, Юпитер 8, Сатурн 27 . Ғарыш математикалық үйлесімділікте құрылған сфералық пішінде. Платон әлемнің біріңғайлығын жоққа шығарып, аспан – өзгермейтін, мәңгі, біртұтас, құдайлық болмыс, ал жер – өтпелі, тұрақсыз. «Заңдар» деген еңбегінде: Ғарыш осы планеталарымен, үйлесімділігімен құдайлардың өмір сүретіндігін дәлелдеп тұр деп түсіндіреді: «Құдайлық ғарыштан мәңгілік, циклдылық, шеңбер бойымен қозғалу туындайды. Күн мен Ай ғарышта адасып жүрген жоқ, олар жүйемен, бір ғана шеңбер бойымен қозғалады»,-деп тұжырымдайды, Күннің айналысы жыл, айдың айнылысы бір айға сәйкес келетіндігін ұсынды. Бірақ бұл да эмпирикалық емес, метафизикалық постулат еді.

  1. Көне Грекиядағы адам мәселесінің философиялық тұрғыдан қойылуын сипаттаңыз.

АДАМ  – жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи үдерісі мен дамуының иегері,сөйлей алатын, ойлауға қабілетті, саналы, рухани әлемі бар, биологиялық–әлеуметтік тіршілік иесі. А. туралы алғашқы идеяларға мифтер мен діни–мистикалық көзқарастар куә бола алады. Ежелгі Үндідегі алғашқы А. туралы әрі мифологиялық, әрі діни және философиялық дүниетаным көне үнділік әдеби мұралар – Ведаларда, оның жалғасы –Упанишадтарда қалыптасқан. Бұл әдеби мұраларда А. рухани–адамгершілік қасиетке ие жаратылыс ретінде қарастырылады және оны құмарлық әлемінен азат ету жолдарын ұсынады. Ежелгі Үнді философиясында А. әлемдік жанның бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Ежелгі Қытайда А. туралы ілімнің өзінше бір формасы қалыптасты. Оның көрнекті өкілінің бірі – Конфуций. Оның көк аспан концепциясының өзегі – А. және оның жер бетіндегі тыныс–тіршілігі мәселесі болды. Конфуций, ең алдымен, адамның рухани мінез–құлқына, адамгершілігіне баса назар аударады. Конфуций ілімі бойынша, А. дао заңына сәйкес өмір сүруі керек және оны оқып–білу арқылы өзін өзі жетілдіруі қажет. Түпкі мақсат – “кемел адам” дәрежесіне жету. Ежелгі грек философиясында А. дербес, жеке дара өмір сүре алмайды, ол тек абсолютті реттілік және космос ретінде қабылданатын белгілі бір қатынас жүйесінде ғана өмір сүре алатын жаратылыс болып табылады. Аристотель А–ды “саяси жануар” – қоғамдық, мемлекеттік, саяси жаратылыс деген болатын. Аристотель бойынша А–ды басқалардан ерекшелеп тұратын нәрсе, оның әлеуметтілігі мен ақыл иесі болуы. Христиандық философия бойынша, А. – “құдай образы”. Аврелий Августин үшін А. – жан мен тәннің қарама–қарсылығы. Бірақ А–ды А. ететін жан. Жан – А–ның жеке имманентті субстанциясы. Фома Аквинскийдің түсінігінде А. – жануар мен періште арасындағы аралық жаратылыс. А. жан мен тән тұтастығын білдіреді, бірақ жан “тәннің қозғаушысы” болып табылады және А–ның мәнін анықтайды

  1. Аристотель мен Платонның таным теориясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Платон өзінің таным теориясында тұтас әлемді: шын дүние, жалған дүние деп 2 ге бөлді. Шын дүние – идеялар дүниесі. Себебі олар мәңгі өмір сүреді, өзгермейді. Жалған дүние – материалды дүние. Себебі ол өзгермелі: минералдар, өсімдіктер, адамдар, адамдар заттары т.б. Жалған дүние шын дүниенің жай ғана көшірмесі болып табылады.  Мысалы, картинадағы ағаш көшірмеден алынған көшірме. Идеялық дүние материалдық дүниенің өмір сүруіне себепші. Ал сезімдік заттар болмыс пен болмыс еместіктің арасындағы әлдене. Идея – білім объектісі, ал абстрактілі ойлау сезімдік қабылдаудан тыс абсолютті. Жан мәңгі өмір сүретін нәрсе деп, оны өзінің  «еске алу» теориясымен дәйектеді: адамның жаны оның тәніне енгенге дейін, яғни, адам нәресте ретінде дүниеге келгенше, ол өз алдына дербес өмір сүреді, тәнге енген соң (адам дүниеге келген сәттен) ол өзінің бұрынғы көріп-білгендерін есіне түсіреді, адамның өмірі жанның бұрынғысын есіне түсіруі болып табылады, ал сезімдік қабылдаулар еске алуға түрткі деп тұжырымдайды.

Диалектиканы пікірлесу, сұрақ қою, жауап беру өнері деп түсінді, онда қарама-қарсы ұғымдар болатынын білген: жеке мен көп, бүтін мен бөлшек, шексіз бен шекті т.б. Бірақ қарама-қарсылықтың екі жағын «Парменид» сұхбатында 2 бөлек ұғым ретінде көрсетті. Ешкім де жекенің көп екенін, көптің жеке екенін дәлелдей алмайды дейді. Оларды жеке дара өмір сүретін реалдылық деп түсінді.

Философия Аристотельдің көзқарасы бойынша: теориялық – мақсаты «білім – білім үшін» болып табылады, практикалық — мақсаты білім қызмет үшін,  нойетикалық  (шығармашылық) – мақсаты білім шығармашылық үшін. Теориялық философия: физикалық-математикалық және алғашқы философияға бөлінеді. Физикалық  философияның пәні — жеке өмір сүріп, қозғалатындар, математикалық — жеке өмір сүреді бірақ қозғалмайтындар, алғашқы философия — жеке өмір сүреді, қозғалмайды. Практикалық философияға этика мен саясат жатады,  нойетикалыққа — шешендік өнер мен саясат жатады. Логика — жеке дара ғылым емес, пропедевтика барлығының жиынтығынан құралады.

Аристотельдің онтологиясында үш мәселе жатыр: 1) бар-лықты категориялық  талдау немесе бір нәрселердің болмысы туралы ілім; 2) субстанцияларды каузальдік талдау; 3) мүмкіндік пен шындық туралы ілім немесе әлі болмыс еместің теориясы.Категорияларды 10 мағыналық топқа бөледі: мән, сапа, сан, орын, уақыт, иелену, әрекет, азап шегу.

  1. Орта ғасырлық философиялық ойдың қалыптасуындағы діннің ролін сипаттаңыз.

Жалпы көпшілікке ортақ пікір бойынша, орта ғасырлық философияның өзі екіге бөлінеді: 1) патристика (2-8 ғғ.);  2) схоластика (9-15 ғғ.). Патристика кезеңінің өзі үшке бөлінеді: ерте патристика  (2-3 ғғ.), толысқан патристика (4-5 ғғ.), соңғы патристика (5-8 ғғ). Схоластика да шартты түрде екіге бөлінеді: 1) ерте схоластика (11-12 ғғ.). 2) толысқан немесе соңғы схоластика (13-14 ғғ.). Бұл схоластика орта ғасырдан кейін де жаңа заманға дейін неосхоластика немесе «екінші схоластика» деп аталып жалғасын тапты: 1) контрреформация (15-16 ғғ); 2) католиктік реставрация (18-19 ғғ); 3) неотомизм (20 ғ). Патристика антикалық философияның аяқталуынан және гностиктермен, басқа да еретиктермен идеялық күрес нәтижесінде қалыптасты. Бірінші сатыда апологеттердің ықпалы күшті болды. Бұндағы негізгі тұлғалардың бірі – Ориген христиандық дін негізінде тұтас философия жасауға талпынды. Патристиканың бұл кезеңдегі өрлеу барысы каппадокикалық үйірмемен байланысты: Василий Великий, Григорий Богослов, Григорий Нисский т.б. Бұл ақыр соңында Дамаскиннің идеяларымен қорытындыланды. Патристикалық онтология абсолютті болмыс ретіндегі құдай идеясының айналасына тоаптастырылды. Патристика пұтқа табынушылық политеизмді, гностикалық дуализмді жоққа шығара отырп, жалпы алғанда, монотеизмді қорғайды да, креационизм арқылы стоиктердің және неоплатоншылдықтың пантеизміне қарсы қойылады. Бұл дәуірдегі басты ерекшелік – философиялық ойдың теоцентристік сипаты. Яғни, тео-құдай, центр-орталық деген мағына болып табылатын болса, құдайды басты түсінікке шығара отырып, идеяларды негіздеу, бүкіл рухани мәдениеттің өзегіне айналдыру алаңы белең алды.

 

  1. Номинализм мен реализм бағыттарын талдаңыз.

Әмбебаптық нақты объектiге тән, оның анықталған түрi болады. Бұл мәселе төңірегіндегі дау-жанжал кең орын алды. Схолатикадағы орталық айтыс, номинализм мен реализм арасында жүрдi. Ол христиан дініндегі құдайдың  үштік мәні туралы догмат пен және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.

Номинализм (лат. Nomina — есім, атау) дегенiмiз ─ философиялық ағым, ол бойынша жалпылық, жекені айқындай алмайтыны былай тұрсын, тіпті нақты өмір сүрмейді де. Жалпы идеялар бос сөз, жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана,  шын өмір сүретін тек жеке заттар, ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі. Номинализмде материяның алғашқылығы туралы материалистік ұғым қалыптасты. Бұл ілім дін иелерінің ашу — ызасын тудырды. Орта ғасырдағы әмбебаптық түсінік Платонның «идея» туралы ілімнің негізінде пайда болды. Ол нақты заттардың табиғатын анықтап, олардың идеалдық моделі болады. Сонымен бірге заттардың себебі мен мақсаты да, яғни, бұл ілім Аристотельдің форма туралы іліміне жақын болды. Антикада әмбебаптылық мәселесі алғашқы рет Порфирийдің еңбегінде қойылды, бірақ орта ғасырлық схоластикаға Боэций арқылы енді, және ол Порфирий еңбектеріне берген түсініктемелеріне байланысты болды.

Порфирий үш сұрақ қойды:

  1. Әмбебаптылық деген бар ма ( жануар, адам атаулары, т.б.) және өз бетімен (яғни, нақты заттардан тыс) өмір сүре ме?

  2. Егер бар болса, онда олар денелік пе немесе денесіз бе?

  3. Егер олар денесіз болса, онда олар сезімдік заттармен қалай табиғи бiрлiкте болады?

Порфирий бұл сұрақтарға ешқандай жауап берген  жоқ, бірақ бұл үш сұрақ, әсіресе біріншісі ─ орта ғасыр дәуірінiң алғашқы кезеңiнде өте қатты пікір таласын тудырды.

Ақиқаты: әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды екшелеп, адам санасы арқылы пайда болған жалпылық ұғым, «Жалпы адам» дүниеде жоқ, адам қашанда нақты бейне, ал «адам» деген жалпы атау — ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ қасиеттердi жинақтайтын  ұғым.