Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

25 И. Кантың таным теориясындағы агностицизм мен антиномиялар ілімін талдаңыз.

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы – Иммануил Кант (1724-1804) болды. Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу».

Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:

«Сыни кезеңге дейінгі кезең» (1746-1770).

«Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм).

Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді:

1) Апостериори ( лат. А роsterori- келесіден) — тәжірибеден алынатын білім.

2) Априори (лат. А ргіогі — тәжірибеге дейін) — тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым.

И.Кант  «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті.      Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек.

26 Гегельдің диалектикалық пен метафизикалық ойлау тәсілдерін түсіндіріп беріңіз.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель немістің идеалист философы (1770 – 1831 жж.). 1801 жылы Иен университетінде жоғары лауазымға ие болып, «Фихте мен Шеллингтің философиялық жүйелерінің айырмашылығы» атты бірінші басылымын шығара отырып, 1807 жылы «Рух феноменологиясы» туындысын жариялады. 1812-1816 жылдары «Логика ғылымы» еңбегін жазып шықты. Ал Берлиндегі кафедрада жұмыс жасаған кезінде ол  «Құқ философиясының очерктері», 1827-1830 жылдары энциклопедиялар өнімдерін тудырды

Бастаудың өзі – болмыс пен Ештеңенің қатынасының жалпы конструкциясы бойынша құрылады, болмыстың қатынасы бұл жерде шартты түрде міндеттеледі. Себебі, нақты ненің басталатындығы анықталуы тиіс болғандықтан кірістірілген. Осы тұста болмыстан басқа басталатын нәрсеге балама жоқ екендігі түсінікті. Осы құрылым арқылы бастау – болмыстың Ештеңе арқылы басталуы екендігі байыпталады. Бұнда тек қана үш маңызды субъект анық: бастау, болмыс, Ештеңе. Сондықтан болмыс пен Бейболмыстың қатынасы – сол бастау концептісінің өзін айғақтауға келіп тіреледі. Бастау Бейболмыспен теңеседі, бірақ әзірге Ештеңе түрінде сақталып, бастаудың таза мәнін ашуға Бейболмыс болмыс арқылы қатынасады.

27 Гегельдің диалектика категорияларының ағымдылығы, ауыспалылығы туралы көзқарастарын түсіндіріңіз.

Гегель идеалистік диалектиканың негізін салушы ретінде, диалектика заңдары мен категорияларын ұсынған.      Гегельдiң ойынша, диалектика шынайы танымның iшкi қозғаушы күшi, ол қайсыбiр ғылымның мазмұнына iшкi байланыс пен қажеттiлiктi еңгiзедi, соның арқасында бiлiм теориялық сатыға көтерiледi. Гегельдiң өшпес еңбегi — ол диалектикалық тұрғыдан бүкiл философия саласында қорытылған ұғымдарды сараптап шықты. Соның iшiнде ол алғашқы рет диалектиканың үш негiзгi заңын ашып, сонымен қатар, барлық парлық категорияларды белгiлi бiр жүйеге келтiрiп, олардың өзара бiр-бiрiне өтетiндiгiн, iшкi байланыстарын көрсете бiлдi. Сонымен қатар, Гегель адамның дүниетанымын терең зерттеп, оның да диалектикалық жолмен жүретiнiн көрсеттi.