Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

28) К. Маркстің қоғамды танудың әдіснамалық қағидасын түсіндіріңіз.

МАРКС (Marx) Карл (1818-1883) — неміс социологы, философ, экономист. Әлеуметтанушы ретінде қоғамды ғылыми және обьективтілік тұрғыдан түіндіруді негізге алды да, жұмысшылар мен үстем тап өкілдерін қарсы қойып, әлемді өзгертудің жалпылама нұсқасын жасады. Ол тарихты қоғамдағы таптардың күресі ретінде бейнеледі де, капиталистік қоғамды сынады. Қоғамның жалпы теориясын жасап, оны тарихи материализм деп тады. Осыған орай, марксизмнің құрамдас бөліктері қалыптасты: саяси экономия, тарихи және диалектикалық материализм, ғылыми коммунизм. Дінді сынға алып, ғылыми атеизмді негіздеген Маркс, сол капиталистік қоғамдағы буржуазия өкілдерінің, қоғамдық құрылыстың  дінді жұмысшы тапты жаншу үшін пайдаланатын құралы деп білді.

Сондықтан, оның идеалды қоғамы мүлде дінсіз қоғам құруға бағытталды. Дін дүниенің обьективті шындығын бере алмайды және ол бұқара халық үшін тіптен қажеті жоқ деген ойларын түйіндеп, оны «халықтың басын айнадыратын апиын» деп анықтаған болатын. Бұл да діннің шығу тегін үрей мен қорқыныштан, адамның табиғат сырларын игере алмаушылығынан, табиғат күштері алдындағы дәрменсіздігінен деп ұқты. Сондықтан оның болашақтағы армандаған қоғамы коммунизм таза дінсіз қоғам ретінде елестетілді. Дін соқыр сенімге негізделген доктрина деп, ал жұмақ қоғамды өзгерту арқылы келетін шынайы осы дүниедегі өмір деп білді. Сондықтан дін адамды еркіндік пен күрестен айыратын, өмірге шабытты шектейтін идеология мен жалғандық деп пайымдады.

  1. Марксизм ме неомарксизмнің даму эволюциясын сипаттаңыз.

МАРКС Карл (1818-1883) — неміс социологы, философ, экономист. Әлеуметтанушы ретінде қоғамды ғылыми және обьективтілік тұрғыдан түіндіруді негізге алды да, жұмысшылар мен үстем тап өкілдерін қарсы қойып, әлемді өзгертудің жалпылама нұсқасын жасады. Ол тарихты қоғамдағы таптардың күресі ретінде бейнеледі де, капиталистік қоғамды сынады. Қоғамның жалпы теориясын жасап, оны тарихи материализм деп тады. Осыған орай, марксизмнің құрамдас бөліктері қалыптасты: саяси экономия, тарихи және диалектикалық материализм, ғылыми коммунизм. Дінді сынға алып, ғылыми атеизмді негіздеген Маркс, сол капиталистік қоғамдағы буржуазия өкілдерінің, қоғамдық құрылыстың  дінді жұмысшы тапты жаншу үшін пайдаланатын құралы деп білді.

Ол өзінің «Гегельдің құқық философиясына сын» деген еңбегіндегі дін жөніндегі пайымдауын былайшы ұсынды: «Дін езілген мақұлықтың демі, жүрексіз әлемнің жүрегі, ол жансыз тәртіптің рухына ұқсайды. Дінді жою туралы халықтың алдамшы бақыты шынайы бақытының талабы». Дінге жағымсыз көзқарас орнатқан Маркс шынайы бақыт адамдар азап шегуді шақыратын жағдайды өзгерткенде ғана мүмкін екендігін атап көрсетеді.

 

  1. Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.

ХХ ғасырдың басы мен орта шені – адамзат тарихындағы ғылыми-техникалық өрлеудің, мәдени-әлеуметтік өзгерістердің, саяси толқулар мен бейбіт ынтымақтастықтың, ал бұл кезеңнің соңғы ширегі мен келесі, ХХІ  ғасырдың табалдырығы – рухани сұхбаттастықтың, ақпараттық  кеңістіктің, жаһандану үрдісінің іске аса бастаған дәуірі болатын. Осыған орай, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар мен адамзат танымының айтарлықтай өзгеруі гуманитарлық ғылымдар саласы мен олардың даму үдерісіне елеулі ықпал еткен болатын. Оның ішінде философия ғылымы да осы заман ағымы мен өмір шындығын сараптай бастады, өзінің жаңа бағдарларын туғызуға бет бұрды.

Позитивизм (позитивті – оңды, дұрыс, жағымды деген мағыналарды береді) – парадигмалық танымдық әдіснамалық құрылым болып табылатын, нақты ғылымдарды шынайы білімнің көз деп есептейтін бағыт. Оның бастапқы идеялары Юмның, Даламбердің еңбектерінен көрініс тапқанмен, оның негізін салушылар ретінде – Конт пен Спенсер аталады. Ол жорамалды, теориялық спекуляцияны, идеализмді, спиритуализмді, рационализмді теріске шығара отырып, бұрынғы: болмыс, мән, себеп, рух сияқты ұғымдар мен түсініктер ғылыми тексерілуге жатпайтын, тәжірибеде айқындалмайтын болғандықтан, мәңгі шешімін тапппайтын жалған мәселелер немесе өзінің мағынасын жойған деп есептейді.

Аталмыш ұғымдар мен түсініктер объективті шындықтың нақты кӛрінісі емес, ғалымдар тарапынан белгілі бір логикалық заңдарға сәйкес құрастырылған ойлау конструкцияларының жүйесі болып табылатынын ескеру қажет.

 

 

  1. Герменевтика мен феноменологиядағы таным мәселесін түсіндіріп беріңіз.

         Феноменология – алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт. Қазіргі философиялық ойдың жетекші бағыттарының бірі ретіндегі Феноменология ұғымы 20 ғасырда қалыптасты. Феноменологиялық философияның негізін салушылардың бірі Эдмунд Гусерль(1859 – 1938) болды. Гусерль өзінің шығармашылықэволюциясындаДекарттың, Лейбництің, Юмнің, Канттың, т.б. ықпалында болды. Феноменология бағытын одан әрі дамытқандар Л.Ландгребе, Э.Финк, т.б. Феноменологияның негізгі ұғымы “интенционалдық деп аталады”. Бұл ұғым сананың объектіге қатынасын көрсетеді. Феноменологиялық ұғым бойынша “объект болмаса, субъекті те болмайды”. Феноменологиялық тәсілдің негізгі талаптары:

  1. субъективтік тәжірибеден тыс тұратын, яғни санадан тыс тұратын объективтік шындық туралы пікірден бас тарту;

  2. танымдық субъектіні (белгілі бір жанды) сезімі бар психофизиол. нәрсе емес, сананың “таза” нәтижесі деп түсіндіру.

Феноменологияның сананың объектіге қатысын көрсететін басты түсінігі «интенция». Гуссерль феномендегі әртүрлі қабаттарды көрсетеді: тілдік қабықша, әр түрлі психикалық толқулар, санадағы ойланылған заттар. Нәрселік болмыс санаға іштей тән болып табылады, ол санаға қатысу арқылы өзінің объективті мағынасын табады, сондықтан нәрселік болмыс пен сана бір-біріне өзара қатынасты (коррелятивті). Сана екі жақтылықтың бірлігі болып табылады: танымдық актілер — ноэзис және нәрселік мазмұндар — ноэма, бұлар идеалдық мағынаға сәйкес келеді. Сондықтан феноменологияның мақсаты — нәрсе туралы әр түрлі айтылған пікірлердің, сөздер мен бағалаулардың күңгірттеген мағынасын ашу.

Ғылым философиясының аясына ғылым тарихының философиялық мәселелері  де енгізіледі. Осыған орай, ХХ ғасырда қалыптасқан және жалпы ғылыми танымның, әсіресе, қоғамдық ғылымдардың әдіснамасына айналып отырған философиялық бағыттар мәдени-рухани аймаққа да кеңінен әсер етті. Олар әуел баста философиялық ағымдар ретінде пайда болған болатын.

Реконструкция Шлейермахердің идеясы бойынша өркендей түсті, ол мәтін автордың ішкі сезім түйсіктерімен байланысып жатырғандығын атап көрсетті, ал Дильтей мәтіннің шығу жағдайына үңілді,  герменевтиканың базасы сипаттамалы психология болып табылатындығын атап өтсе,  Э. Бетти герменевтика философиядан тәуелсіз гуманитарлық ғылымдардың тәсілі болып қалуы тиіс екендігін негіздеді.

  1. Адам тылсымын танудағы экзистенциализмнің маңызын көрсетіңіз.

ХХ ғасырда қалыптасып, тек философияда ғана емес,  рухани мәдениетке де тараған ағымдардың бірі – экзистенциализм. «Экзистенция» – өзін табу, ғұмыр кешу, көріну, қалыптасу деген сияқты мағыналарды беретін, нақты болмысты білдіруде қолданылатын философиялық категория. Бұл ұғым орта ғасырда заттардың болмысының өмір сүруінің толықпағандығы, аяқталмағандығы, өзінің мәніне сәйкес келмейтіндігі және құдайлық болмыспен жаратылғандығы сияқты түсініктерді берген болатын. Қазіргі философияда іргелі, терең онтологиялық мағынада адамның ғұмыр кешуін білдіреді. Осы сөзден туындаған экзистенциализм ағымы «ғұмыр кешу философиясы» деп те аталады. Оның бастапқы нышандары Ресейде, Шестов, Бердяев сияқты ойшылдардың идеяларында анық көрінді. Одан кейін Германияда:  Хайдеггер, Ясперс, Бубер және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде францияда қалыптасты: Марсель, Сартр, Мерло-Понти, Камю, Бовуар т.б. ХХ ғасырдың орта шенінде АҚШ-та, Италияда өркендеді.

.