Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

33.Психоанализдің әдіс ретіндегі қолданылуын сипаттаңыз.

Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ деп аталады. XX ғ. психологиясында әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек    Фрейд тек ауру адамның емес сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды.

Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғалым деп саналды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күйкүштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады.

34.Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсет.

      Неотомизм – Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі. Неотомизмді папа Лев ХІІІ (1879) христиандық қағидаларға сәйкес келетін бірден-бір ақиқат философия ретінде мойындады. 1889 жылы Неотомизмнің халықаралық орталығы – Жоғары философия институты (Лувен, Бельгия) құрылды. Неотомизм католик дінін ұстаушы елдерде (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Латын Америкасы) кең тараған.

Негізгі өкілдері – Ж.Маритен (Франция), И. де Фриз, И.Лотц (Германия), Ван Стеенберген (Бельгия), Г.Веттер (Австрия), т.б. Неотомистік ілімнің негізін “философия – дін ілімінің қызметшісі” деген қағида құрайды. Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”.

35.Хх ғасырдағы ғаламдық мәселелер философиясы және ондағы ғылым дамуы туралы көзқарастарды талдаңыз.

Постиндустриалды қоғам — қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д.Белл, Д.Рисман, А.Тоффлер, З.Бжезинский, Дж.Гэлбрейт, т.б. Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 — 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т.б. 70 — 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды.

36.Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесі.

Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады.

XVIII—XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелілер туралы өз көзқарастарын білдіріп отырды. Мысалы, Монтескъе көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» десе, Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелілерде мүлік теңсіздігі, әлеуметтік теңсіздік ерте пайда болды», — деген. Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзі көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды» деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф. Гегель: «Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ», — деп есептеген.

  1. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.

Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 — 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыказерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ.

Аль-Фараби оларды Сатұрның болмысынан бастайды. Ол- Юпитерді тудырады, содан кейін Марс, Күн, Венера, Меркурий, Ай болмыстары дүниеге келеді. Аспан болмысы Аймен бітеді.

“Ай астындағы Болмыс², яғни біз өмір сүріп жатқан Дүние. Сонымен, ол бірінші “Бірінші Мәннің² тудырған Болмысы болып шықты. Бұл болмыстың ерекшелігі — ол көптік әлемі, оның негізінде төрт табиғи нәрсе жатыр- ол жер, от, су, ауа. Олардың әр-түрлі қосындылары жер бетіндегі заттарды тудырады. Тіршілік әлеміне келер болсақ, Аль-Фараби оны үшке бөледі — өсімдіктер, ақыл-ойы жоқ жануарлар, ақылды жануар (адам).

Іс-әрекеттік интеллект Аль-Фараби ойынша күннің сәулесі сияқты таным үрдісінде өз дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы потенциалдық интеллект актуальдіге айналады.