Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

16) Адамға бетбұрыс, оның жеке даралығы мен креативтілік бастауы – Қайта өрлеу дәуріндегі маңызды ерекшелігі екендігін дәйектеңіз.

Антикалық өмір сезімімен туыс, орта ғасырлық философиядан кейінгі және оған көп жағдайда идеялық жағынан қарама-қарсы келіп, жаңа өмірлік сезіну мен түйсінулер қалыптасқан, мәдениет пен философия қайта өркендеген Еуропадағы 14-16 ғасырлар аралығын қамтитын кезең  ренессанс деп аталады. Орта ғасырдағы құдайға ұмтылатын теоцентрлік көзқарастар үстемдігінің орнына адам мәселесін алға қоятын ой-пікірлер қалыптасты, бұл кезең туындылары антика дәуірінің мұраларын кеңінен пайдалану үрдісіне көшті, сондықтан да бұл уақыт қайта (қайтадан даму ) өрлеу дәуірі деп аталды. Ол шартты түрде үш кезеңге бөлінеді: бастапқы ренессанс (14 ғ.), ренессанстың гүлденуі (15 ғ.), соңғы ренессанс (16 ғ.).

Яғни, қайта өрлеу дәуірінің философия аймағындағы мынадай ерекшеліктер бар:

— көне Грекия мұраларын қайтадан жаңғыртып, оларға сүйеніп отырды: аристотелизм, платонизм, эпикуреизм, стоицизм т.б. ілімдер қайтадан өңделе бастады.

— теоцентризмнің орнына антропентризмнің келуі: адамның әлемдегі орны мен жалпы жағдайы, тағайындалауы, микрокосм идеясы т.б.

— гуманизм, яғни, адамсүйгішік қағидалардың үстемдік ете бастауы: құлықтылық қағидалары, адамды басты құндылық деп табу, оның еркіндігі мен бақыт туралы идеялар т.б.

— пантеизм, яғни, құдайдың жеке жақтылығын түсіріп, оны жалпы табиғатқа апарып таңу;

— әлемнің жаңаша ғылыми картинасын космологиялық тұрғыдан байыптау: геоцентризмнің терістелуі мен  гелиоцентризмнің орнықтырылуы;

—  утопиялық социализм идеялары: әділетті қоғам  орнату идеалы;

—  реформация мен саяси-әлеуметтік мәселелердің қойылуы т.б.

17)Қайта өрлеу дәуріндегі пантеизм ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Қайта жаңғыру мәдениеті немесе Ренессанс деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – XIVғ. — аяғында XVғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде италья қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. “Кайта жаңғыру” термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгіріДжордане Вазари (1512-1574 жж.) өзінің “Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих” (XVIғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Демек, бұл терминнің мағынасы – көне заман мәдениетін жаңғырту болып табылады. Ал одан кейін, дәлірек айтқанда, XVIIIғ. бастап Италиялық жаңғыру дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады.

Қайта Өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды:

  1. Бірінші бағыт адамның еркін, бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизмдеген бағытты дүниеге әкелді (А.Данте, Франческо Петрарка Н.Кузанский, Пико делла Мирандола, Леонардо да Винчи).

  2. Адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап, утопиялық социалистік идеяға бой ұрды (Т.Мор, Н.Макиавелли, Томазо Кампанелла, Джованни Бокаччо ).

  3. Табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып , христиандық діннің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін, табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер етті, революциалық жаңалықтар ашты ( Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей).

Пантеизм (гр.pan – бәрі, tcheos – құдай) – Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті табиғатпен бірлікте қарастыратын философиялық ілім; Құдай барлығы деген ілім; бар ғаламды, табиғатты дәріптеу ілімі.[1] Қазіргі кезде Пантеизм ғылымды дінге жақындастырумен, табиғаттың заңдылықтарын, ішкі сырын діни, мифтік тұрғыда сипаттаумен ерекшеленеді