Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

47 Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз.

Қоғамның рухани саласы – ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда байқалмайтын құбылыс. Рухани өмір – қоғмның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.

Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері

б) рухани құндылықтар;

в) рухани қызмет;

г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;

д) рухани тұтыну;

е) рухани қатынастар.

Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласұғын да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады.

.

 

48 Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.

 Адам дегеніміз еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастар жасайтын өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Бұдан адам мәнінің тек қоғамдық, әлеуметтік жағы шамадан тыс баса көрсетіліп, оның биологиялық, психологиялық жақтарының мағызы төмендетіліп жоққа шығарып отыр деген ой тумауы тиіс. Шынына келгенде, адамның үш түрлі: биологиялық, психологиялық ж/е әлеуметтік өлшемі бар. Биологиялық өлшем – адам организімінің түр бейнесімен құрылымын, атқаратын қызметін, генетикалық негізін, ми жоғарғы жүйке жүйесін т.б. қамтиды. Психология ұғымына адамның ішкі жандүниесі, онда жүріп жататын саналы ж/е санадан тыс құбылыстар мен процестер, адамның еркі мен сипаты, темпераменті т.б. кіреді. Жеке-жеке алып қарағанда бұл екі компоненттің   бірде бірі адам ұғымын тұтас тұлға ретігнде ашып бере алмайды. Адамның биологиялық организімінен оның психологиялық қасиеттерін түсіну мүмкін емес. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің белгілі қатысы болғанымен оларды тудырушы себеп, әрине, әлеуметтік ортаның, тәрбиенің ықпалы.

Қорыта келе, адамның биологиялық және әлеуметтік жақтарын ажыратпай бір-бірімен байланыстырып қарау керектігін баса айтуымыз қажет.

49 Антропогенез бен антроспосоциогенездің ғылыми және дінинұсқаларын дәйектеңіз.

Адам – белсенді әрекет ететін сананы иемдену арқылы еңбек құралдарын жасап, пайдаланып, өнім өндіріп табиғатты өзгертетін барша тіршіліктің лидері: жан мен тәннен құралған, табиғаттан мәдени-рухани асқақтығы, ойлау тереңдігі, мақсат қоюы және т.б арқылы ажыратылады. Ол мәдени-рухани игілікті иеленіп, жер бетінде саналы тіршілік ететін субъект.

Антропогенез – (антропос – адам, генезис – шығу тегі деген мағынада) адамның пайда болып жетілу процесін, эволюциясын зерттейтін сала. Дарвин, Гексли, Геккель адамның жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардан шыққандығы туралы теориясын дәлелдейді. Бұл адам тектес маймылдардан осыдан 2,5 млн. жыл бөлініп шыққандығын дәйектейтін дарвинизм теориясы деп аталады. Дарвинизм – Ч. Дарвин негізін салған адамның шығуы мен дамуы жөніндегі эволюциялық теория.