Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

38.Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.

Шәкәрім «Үш анық» атты философиялық еңбегінде: «Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі — адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныш өмір сүруге мүмкіндік жоқ» деген. Сонымен «Үш анық» деген не? Бірінші анық – барлық табиғат құбылыстары, бел¬гілі бір тәртіпте, жүйелілікте жүзеге асатын дүниенің даму заңдылықтары, яғни еш¬қандай кездейсоқтықсыз даму Жара¬тушының туындысы. Болмыстың заттық көрінісі. Екінші анық – өлімнен кейінгі тір¬шілік, жан өлмейді. Шәкәрімнің дүние¬танымын зерттеушілердің айтуынша, бірі – Шәкәрім жан мен рухты бөліп қарайды дейді, өйткені Шәкәрім рух ол жан емес, ол адамның таза ақыл (арлы ақыл) ойымен байланысты қасиет деп білді, екіншілері – жан мен тәннің өзіндік денесі бар, жан денесі – рух деп қарастырады. Үшінші анық – ол ұждан. Ұждан – дүниенің мақ¬сатты жарасымдылығын жеткізетін, адам жанының мәдениетін жасайтын азық, екі өмірге де керек жанның қасиеті. Бұл қасиет адамның рухымен, ішкі рухани әлемімен байланысты. Ұждансыз адамды елестету мүмкін емес.Ұждан – дегеніміз ынсап, әділет, мейі¬рім. «Адам ақиқатты бас көзімен емес, ақыл көзімен көреді» дейді Шәкәрім. Ол «ақыл» деген сөздің мағынасын кеңейте түседі, ақыл адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін анықтайды. Адамды адам ететін – рухпен нұрланған қасиет. Ұждансыз адамның жүрегін ешбір ғылым, ешбір өнер тазарта алмайды. Ұждан барлық дүниеден биік тұру керек (орысша айтсақ, «совесть высше всего» – авт.).

  1. Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйектеңіз.

Ағартушылық философиясының аса алып тұлғасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904 ж.ж.) — тек қазақ халқы емес, сонымен қатар бүкiл дұниежүзiлiк руханиятта өзiнiң өшпес iзiн қалдырған ұлы ғұлама. 1995 ж. ЮНЕСКО тарапынан ұлы ойшылдың 150 жылдығы бұкiл адамзат көлемiнде атап өтiлiп, қазақ халқының мерейiн биiк шыңға көтердi. Абайтану бүгiнгi таңда тек қана қазақ зиялыларының үлесiнде  ғана емес, сонымен қатар, бүкiл дүниежүзiлiк құбылысқа айналды. Соңғы кезде бiрталай мәндi де терең зерттеулер жарық көрiп, қазақ халқының руханиятының дамуына өз үлесiн қосты. Абай еуропалық мағнада айтылатын классикалық бiлiм алған жоқ (университеттерде оқыған жоқ). Бiрақ, өзiнiң iшкi жалыны, дұниенi, өмiрдi тануға деген зор iңкәрi мен  шабытының арқасында, ол араб, парсы, орыс тiлдерi мен мәдениетiн терең игерiп, өзiнiң дұниеге деген көзқарасында олардың негiзгi нәтижелерiн қазақ руханиятымен бiрiктiре бiлдi. Абайдың шығармашылық еңбегi жан-жақты универсализмдiгiмен таңғалдырады : ол — ақын, сазгер, философ, аудармашы, құқтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай “Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Адам болмысындағы өзара үйлесімділікті реттеуші, Абайша айтқанда ол-жүрек. Он жетінші қара сөзінде әлгіндегі «ыстық қайратты», «жылы жүректі», «нұрлы ақылды» өзара айтыстары келіп, төреші ғылымға мынандай уәжі айтқызады: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің  ол көп қырыңа жүрмейді… Қайрат сенің қаруың  көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Осы үшеудің басыңды қос, бәрін жүрекке билет… Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта…»

Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» — тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды:

  1. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

  1. Сөзіне қарай кісі ал, Кісіге қарап сөз алма.

  1. Адам баласының ең жаманы – талапсыздық.

  1. Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

  1. Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

  1. Еңбек – қуаныш, жалқаулық айрылмас азап.

  1. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық

  1. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ…

  1. Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар.

  1. Тіл өнері дертпен тең.

  1. Нәпсінің қу мінезін — тіл де үйренеді.

  1. Өзімшілдік — адамды бұзатын пиғыл.

  1. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар — надандық еріншектік, залымдық.

  1. Пайда, мақтан, әуесқой — шайтан ісі.