Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АбдуаитАида_философия.docx
Скачиваний:
67
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
90.33 Кб
Скачать

18) Коперниктің, Галилейдің, Бруно мен Кеплердің жаратылыстанулық-ғылыми жетістіктері көрсетіңіз.

Галиллей Галилео (1564-1642 жж.) – итальяндық ойшыл, классикалық механиканың негізін салушы, астроном, математик, физик, жаңа механикалық натурфилософияның бастаушысы. Ол жаратылыстану мен философияның ара жік шектеулерін алғаш рет ажыратты. Негізгі шығармалары: «Жұлдызды хабаршы», «Күн дақтары туралы», «Кастеллиге хат», «Әңгімелер және жаңа екі ғылым саласына қатысты математикалық дәлелдеулер» т.б. Галиллей: Айдағы таулар мен кратерлер, жұлдыздардың көлемі мен олардың алып қашықтығы Күн бетіндегі дақтар, Юпитердің 4 серігі, Сатурнның сақинасы, Құс жолының жеке жұлдыздардың шоғыры екендігі сияқты маңызды астрономиялық жаңалықтардың ашылуына себепші болды. «Әлемнің екі маңызды жүйесі жөніндегі сұхбат – птолемейлік және коперниктік» деп аталатын еңбегі жарыққа шықаннан кейін коперникшілдігі үшін инквизиция сотына түсті, сондықтан бұл теориядан бас тартуға мәжбүр болды. Содан соң инерция идеясы, дененің еркін құлауы, қозғалыстың салыстырмалылығы қағидасы т.б. жаңалықтар аша отырып, классикалық динамиканың негізін салды. Сайып келгенде, Галиллейдің дүниетанымында әлемнің объективті өмір сүретіндігі, шексіздігі мен мәңгілігі туралы ой қозғалып, ол құдайлық алғашқы қозғаушы түрткіні мойындайды. Табиғатта ешнәрсе пайда болмайды және жойылмайды, тек денелердің өзара орналасуы мен олардың бөліктерінің қозғалысы ғана жүзеге асып отырады. Материя бөлінбейтін атомдардан тұрады, олардың қозғалысы — әмбебап механикалық қозғалыс. Табиғаттағы барлық қозғалыстар себепті механикалық қозғалыспен шартталған. Осыдан ғылымның нағыз шынайы міндеті — себептерді іздеу екендігі туындайды деген тәрізді пікірлерін ұсынған.

19) Н.Макиавелли шығармашылығындағы саясаттанудың негіздерінің қалыптасуын дәйектеңіз.

Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер, алғашқы капиталистік сауда-саттық, экономикалық қатынастардың дамуы, адамдардың бас бостандығы мәнінің өсуі, ұлттық сапа сезімнің қалыптаса бастауы т.с.с. көп ойшылдардың қоғамға, үкімет билігіне, мәдениет, дінге деген жаңа ойларын туғызды. Сол ғалымдардың ішіндегі ең ірісі осы уақытқа дейін аты кеңінен айтылып жүрген тұлға — Н.Макиавелли.

Николло Макиавелли (1469-1527 жж.) өз уақытындағы гуманистер сияқты классикалық білім алмағанмен, өзінің табиғи дарындылығының арқасында өз бетімен тарихи, философиялык көне еңбектерді оқып, әсіресе өзі өмір сүріп жатқан Флоренцияның сол кездегі күрделі әлеуметтік-саяси өміріне тәнті болды. Көп ұзамай, ол мемлекеттік жұмысқа шақырылып, әртүрлі саяси және дипломаттық істерді атқарады. Ол оның ұйымдастыру қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге сол кездегі қоғам жөнінде көп деректерді жинап сараптауға мүмкіндік берді. Ол ертеден келе жатқан«алдымен өмір сүру, содан кейін фәлсәфәлау»айдарымен өмір сүруге тырысты (privus vivere deinde philosophari).

Н. Макивеллидің көрегендігі – саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкенқоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтарданбөлек табиғатын ашу, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап тұру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда – саяси технология) жасау болды.

Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің  шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі таңда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н. Макиавеллидің атымен айтамыз.

Алайда саяси қызметте ешқашанда тұрақтылық болмайды.

Сондықтан Флоренциядағы Республика құлап, оның орнына Медичилер келген кезде, ол жұмысынан қуылып, өзінің жеке иелігіне кетеді. Осы кезде рухани кемеліне келген Н.Макиавелли өзінің негізгі еңбектерін жазады. Олар: «Патша», «Флоренция тарихы», «Тит Ливийдің бірінші декадасы жөнінде» т.с.с. Н.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен  тарихта қалған. Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап, оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан ақталып отырса, ол негізінен алғанда «ақсүйектердің ісі» болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды.

  1. Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз.

 Ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) сол кездегi ақсүйектер тобынан шыққан, Кембридж университетiнде бiлiм алып, соңынан саясатпен, дипломатикалық жұмыспен айналысқан тұлға. Оның мемлекеттiк қызметте жеткен шыңы — ол 1618 ж. ең жоғарғы — лорд-канцлерлiк — әкiмшiлiк орынға ие болады. Король Яков 1 оған Верлуам деген жердегi үлкен қорғанды сиға тартып, “Верлуам лорды

Таным мәселелерi  түсiндiруге тырысады. Тектi елестер ең тұрақты, оларды толығынан жою мүмкiн емес. Бұл Ф.Бэконның айтқан ойларын растау үшiн мынандай мысал келтiрейiк. Адамдардың мыңдаған жылдар бойы арман еткен басқа Дүниелердегi ақыл-оймен, рухпен кездесу қиялы ХХ ғасырда ғарыштан ұшып келген тарелкалар жөнiндегi неше-түрлi аңыздарды тудырды. Ол қазiргi заманның тудырған мифтерi бойынша, ұшып келген тарелкалардың iшiнен шыққан пәнделер нақ жердегi адамдар сияқты екi аяқты, қолды, екi көздi, тек олардың түсi- көкшiл екен т.с.с. деп айтар едiк. Ол сонау көне заманда пайда болған мифологияға келiп тiреледi. Адам табиғаттағы сырлы құбылыстарды танып-бiлуге бағытталған кезде, оларды “өзiне ұқсатып дейдi. Олар — төртеу. Бiрiншi елес — тектiк идолдар (idola tribus). Олар адамның жаратылысынан, жалпы табиғатынан шығады. Оны бiз қазiргi тiлмен “антропоморфизациялау, ия болмаса “елестерФ.Бэконның ойынша, ғылым салаларында ғасырлар бойы қалыптасып, адамның дүние тануына кеселiн тигiзетiн нәрселер бар. Ең алдымен оларды сыртқа шығарып әшкерлеу қажет. Сонда ғана жаңа әдiстемелерге жол ашылып, зерттеулердiң тиiмдiлiгi артады

Р. Декарт шығармашылығындағы таным мәселесін көрсетіңіз.

Декарт Рене (1569-1650 жж.) – француз физигі, физиологы, математигі және философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары:  «Әдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», «Метафизикалық толғаныстар» т.б. Ол механика, космогония салаларында біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұрады деп түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика (философиялық жеке өз жүйесі).

Таным теориясы мәселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен іздеуінде деп байыптап,  танымның көзі – интеллектуальды интуиция екендігін дәйектейді. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық дәлелдерге сүйенбейді, әрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуальді интуиция – материалды шындықтан таза ақылмен бөлінген нәрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды,  өмір сүреді, таниды, мәселен, үшбұрыш үш сызықтан тұратындығын аңғарады т.б шындықтарды біледі. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сәйкес келетін жалпы ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, нтуицияда ой қозғалысы жоқ, оған алғашқы, тікілей нақты жалпы қағидалар беріледі; дедукцияда ой қозғалысының процесі жүзеге асады. Интуициядан берілгендердің мазмұнын ашу  дедукцияға жүктеледі деп пайымдайды.

  1. Спиноза мен Лейбництің таным туралы ілімдерін сиппаттаңыз.

Спиноза Бенедикт (Барух) (1632 —1677 жж.) – Нидерланд философы,материалист, пантеист. Негізгі шығармалары: «Саяси-діни трактат», «Этика» т.б. Ол әлем мәңгі, біртұтас, бөлінбейтін табиғат және ол екі түрлі формада сақталады: материалды, рухани деген прікірлерін негізге ала отырып,  механикалық-математикалық әдіснаманы ұстанып, әлемнің тұтас бейнесін жасауға ұмтылды, пантеизм дәстүрін қолдады: табиғат пен құдай бір нәрсе, олар мәңгі, біртұтас, шексіз субстанция, басқа бастама болмайды, тек себептердің себебі, ең түпкі себеп болып табылатын, өз себебі өзіндегі түпнегіз (causa sui) ғана бастапқы. Субстанияның атрибуттары бар екендігіне назар аударып, оларды шексіз деп түсіндірді, адамдық ақылға оның тек  басты екі атрибуты ғана танылады — жайылу (кеңістік) және ойлау. Ойлау –табиғаттың атрибуты, материя атрибуты сияқты ешқашан пайда болмайды, жойылмайды, ол тастан адамға дейінгінің бәріне тән  материяның мәңгі қасиеті, демек, барлық материя ойлайды деп гилозоистік ұстанымды қуаттады. Спиноза нақты субстанция қалпын модустар деп көрсетті. Ол модустарды екіге бөлді: мәңгілік модусы, шексіздік модусы және уақытшалық, шектілік модустары. Алғашқы субстанция атрибутына (ұзындыққа) сәйкес келетін: қозғалыс пен таным, ал  ойлау атрибутына: интеллект мен ерік, екінші модусқа – жеке заттар және жеке ойлар мен тілектер енеді деді.

  1. Дж.Локктың бірінші және екінші сапалары туралы идеясын талдаңыз.

Өзiнiң таным теориясында Дж. Локк сезiмдiк танымды (сенсуализм) бiлiмнiң қайнар көзiне жатқызады. Сондықтан, ол “адаммен туа бiткен идеялар² жөнiндегi ағымдарды сынға алады. “Егер бiз қандай да болмасын бiлiмнiң пайда болған жолын көрсетсек, онда бiз оның туа бiтпегенiн дәлелдеймiз²,- дейдi Дж. Локк. “Туа бiткен бiлiмдi² сынау жолында ол балауса психологиясын, тарихи артта қалып қойған қоғамдардағы адамдардың психологиясындағы ерекшелiктерге өз назарын аударады.

Дж.Локк терең ойшыл ретiнде бұл мәселеге бiржақты ғана қарап қоймай, салыстырмалы түрде алғанда, iшкi тәжiрибенiң дербес өмiр сүре алатынына да бiздiң назарымызды аударады. Өйткенi, iшкi тәжiрибе тұрақтылығы мен өзiнiң мәндiлiгi жағынан дербес өмiр сүре алатын дәрежеге көтерiле алады.

Екiншi жағынан алғанда, адамның iшкi өмiрiнiң қалыптасуына оның туа бiткен табиғи дарындары да зор әсерiн тигiзедi. Ал табиғи дарындарды алсақ, олар сыртқы тәжiрибеге тәуелдi емес, және адамның iс-әрекетiн, мамандығын таңдауда шешушi рөл атқарады.

И.Канттың жаратылыстанулық идеяларын сипаттаңыз.

Кант (Kant) Иммануил (1724-1804 жж.) — неміс философы және жаратылыстанушы. Оның шығармашылығын дәстүрлі түсінікте екіге бөліп қарастыру қолға алынған: сыншылдыққа дейінгі және сыншылдық кезең. Алғашқы кезеңде ойшыл күн жүйесінің жаратылуы мен дамуы, жер тарихы мәселелерімен айналысты. Оның нәтижесі: «Жалпы жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» атты еңбегінің тууы. Ал екінші кезеңінде ол: гносеология, этика, эстетика мәселелерімен шұғылданып, «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «Ойтолғам қабілетіне сын» еңбектерін тудырды. Сондықтан ол «философия сынаудан басталуы керек» деп пайымдады.

Кейбір мәліметтерде оның философиясын төрт кезеңге бөліп қарастырады: 1) жаратылыстанулық кезең; 2) метафизикалық кезең; 3) сыншылдық кезең: 4) сыншылдықтан кейінгі кезең. Трансцендентальді идеалист ретінде танылған Канттың философиясы таным теориясында көпқырлы терең дүниетанымды басшылыққа алды. Оның осындай трансцендентальді философиясы – барлық пайымдаулар мен ойталқылардың заттардың мәнімен қаншалықты байланысты екендігінен туындайтын, олардың сезімдік көрсеткіштерінің тәжірибе арқылы бекітіле түсетіндігін негіздейді.