Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

14.Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия

Егер ислам мәдениетінің шығуына қарайтын болсақ, сәулет өнері мен қала салушылардан бастап, поэзия және әдебиеттің басқа түрлерімен аяқтасақ, онда ислам әлеміндегі өнердің маңыздылығы айқын көрінеді.Кордовадағы (Испания) Собор мешіті, Дамаскідегі Үлкен Үмейттер (Омеядов) мешіті, Каирдегі Ибн-Тұлұн мешіті және ислам әлемінің шығысындағы басқа сәулет өнерінің ескерткіштері (Стамбул, Исфахан, Самарқанд, Бұхара және Хиуа) сияқты, ислам мәдениетінің ұлы көрнекті туындылары, ислам мәдениетінің рухани ұлылығын тікелей көрсетеді. Бұл ғимараттар өзінің шамаластық, бейбіт үйлесімділігі және тыныштығы жағынан адамдарға исламдық жолдаудың маңызды ерекшелігін нақтылы көрсетіп отырады.Бұл өнер бұл өмірдің күйрегіштігін және келесі өмірдің мәңгілігі туралы айтады. Ол адамдардың күнделікті өмірі мен көркемдіктің арасында мызғымас байланыс орнатқысы келеді. Дұрысын айтқанда, өнер сөзін түсіндіретін («санаа», «фанн»), араб тілінде ең көп тараған сөздер, Батыстағыдай өнерді ғана айтып қоймайды, сонымен бірге дұрыс орындалған әрбір істі, шеберліклікті түсіндіреді. Бұдан басқа, Ислам өнер мен білім арасындағы тығыз байланысты әрқашан ашып көрсететін. Мұны шеберлер арасында бірнеше қайталанып айтылған сөздер дәлелдейді: өнер іскерлік пен даналықтың арасындағы«некеден»туындайды.Қасиетті Құранның ішкі және сыртқы сұлулығы – Алланың бергені. Исламның рухани және аспан денесінде пайда болуын тікелей көрсетіп және Раббыға жақындай түсуге үндейтін, ислам ашылуларындағыны өз қалпында сақтайтын, Ислам өнері тура сондай жолдау жолдайды. Ислам өнерінің рухы мен оның түрлі үлгілері өзінің шабытын Ашылулардан алады және онымен тікелей байланыста болады. Құранды тереңнен түсініп оқу, оның құпия мағынасы, дыбыстардың, өлеңдердің, сөздердің және ырғақтың мөлшері, сол бір тамаша әсер, мұсылманның рухани дүниесіне ықпалын тигізеді, сонымен қоса Ислам Пайғамбарының борышы туралы және оның рухани тазалығына терең еніп кету және ойлау – мұның бәрі ислам өнерінің ішкі бастауларымен ең басты негізін көрсетеді.Әрине, сәулет өнері, мата өндіру, қоладан және мыстан бұйым жасау сияқты, ислам өнерінің осындай түрлері, технология мен әдістерді басқа мәдениеттерден алады, Әсіресе Ежелгі Иран мен Византиядан. Бірақ, мұның бәрі Құрандық Ашылулармен қайта өңделіп жасалынды, бұл батыстан да, шығыстан да кездестіруге болатын, мүлде жаңа формалар мен бейнелерді берді. Адам қиялының ерекшеліктерін ескере отырып, ислам әлемінде жаңа ғылым, сакральды геометрия пайда болды. Бұл ғылым белгісіз шектелген кеңістікті жасау туралы өнер, адамға Жасаған Иенің ұлылығын ескертіп тұрады. Әл-Берунимен келісе отырып, геометрия геодезия деп аталды, оны жаратылыс философиясының тарауына жатқызды, оның құралы уақыт пен кеңістік аралығындағы материалдық формалардың қисындасуы болды. Ибн Синаның кезінде геометрияны математикалық ғылым ретінде топтастырды. Бірақ, көптеген адамдар оны әлі күнге дейін сакральды ғылым деп есептейді, сонымен ислам сәулет өнерінің негізін сакральды геометрия құрайды. Мұсылман ғимараттарындағы таңқалдыратын геометриялық өренектерде бүтіндей рухани концепция көрсетілген.