Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор метео

.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
27.23 Кб
Скачать

6.Күннен келетін радиация (корпускулярлық және электромагниттік) түрлерін түсіндіріңіз және Күн тұрақтысының анықтамасын айтыңыз

20.12.13

7.Күннің тіке,шашыранды,жиынтық радиацияларын ашып жазыңыз

8.Күн радиациясының жер бетінен шағылуына,Альбедоға,жұтылған радиацияға түсініктеме беріңіз

9.Жер беті мен атмосфераның сәуле шашуын түсіндіріп беріңіз

10.Нәтижелі сәулешашуды түсіндіріп беріңіз

осыларды жазып дайында дұрыстап жазыңдар

6.Күннен келетін радиация түрлерін түсіндіріңіз және күн тұрақтысының анықтамасын айтыңыз

Атмосферада болып жатқан барлық процестер энергияны негінен күннен алады. Күннің орташа температурасы 6000 К тең деп есептелінеді. Күн әлем кеңістігінде үздіксіз орасан мол сәулелі энергия шашады, оның екі миллиардтан бір бөлігі ғана жердің үлесіне тиесілі. Оның мөлшері шамамен 1,735*10 кВт м2. Бұл энергия қуатымен салыстырғанда басқа сыртқы энергия көздерінің қуаты өте аз.

Күн әлем кеңістігінде екі түрлі - электромагниттік толқынды және корпускулярлық радиациялар шашады. Корпускулярлық радиация – Күн бетінен келетін электрлі зарядталған бөлшектер ағыны, негізінен электрондар мен протондардан тұрады. Олар 200-1000 км-с жылдамдықпен қозғалып Жерге 1-2 теулікте жетеді, бірақ атмосфераның 90 км ден төмен бөлігіне ен алмайды. Белгілі бір жағдайларда олар магниттік толқындарды, поляр шұғыласын және басқа да геофизикалық құбылыстарды тудырады.

Электро магниттік радиация - күннен келетін сәулелік радиация, ол 300 000 км с жылдамдықпен тарайды және жердің бетіне дейін жетеді.

Күн радиациясына қарасты метеорологияда радиациялық ағын ұғымы қолданылады. Радиациялық ағын деп – бірлік беткейге бірлік уақыт аралығында келетін сәулулік энергия мөлшерін айтады. Жер мен күн аралығы орташа қашықтық (149.6*10 6 км) жағдайында болғанда атмосфераның жоғарғы шекарасындағы күн сәулесіне перпендикуляр бірлік беткейге уақыт ішінде келетін күн радиациясы ағынының тығыздығын Күн тұрақтысы деп атайды.

Жердің күнді эллипс бойымен айналаты белгілі. Ол эллипстің бір фокусында Күн орналасады. Қаңтардың 3-де Жер күнге ең жақын (147*10 6 км) орналасады. Сондықтан да атмосфераның жоғарғы шекарасына келетін сәулелі радиация энергиясы жыл бойында +3,3 % ғзгереді.

7.Күннің тіке,шашыранды,жиынтық радиацияларын ашып жазыңыз

Күн радиациясы күннен шығатын сәулелі қуат. Белгілі бір уақытта 1 см2 жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м2-мен есептеледі. Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады. Неғұрлым оңтүстікте орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де, атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді, жылуды да соғұрлым көп береді. Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып, атмосфераныұзақ жолмен, көлбеу бұрышпен кесіп өтеді. Сол себептен жылу да азаяды.

Жер бетіне түсетін күн сәулесінід 20%-ын атмосфера кері шағылыстырады. Қалған бөлігі жер бетіне жетеді. Осы бөлігін тура Күн радиациясы дейміз. Күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары, мұз түйіршіктері, шаң-тозаңдар, бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып таратады. Мұндай жағдайда Жер бетіне шашыранды радиация жетеді. Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысын жиынтық радиация деп атайды. (Төмендегі жиынтық Күн радиациясының картасын караңдар.). Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырак, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады, оны жұтылған радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны шағылысқан радиация дейміз.

Күн радиациясы түсіретін шама жарық шағылысы түсетін беткі кабат сипатына байланысты. Мысалы, қара топырақ Күн радиациясының 5%-ын ғана, ал жаңа жауған қар 90%-ына дейін шағылыстыра (қайтара) алады.

Қыс кезінде күн сәулесі түсу бұрышының аздығына және күннің қысқалығына, қардың күн сәулесін шағылыстыратынына орай Күн радиациясыныңмөлшері азаяды. Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана емес, атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына да байланысты. Күн сәулесінің түсу ұзақтығы Қазақстанда өте үлкен (2000-3000 сағат). Мысалы, солтүстікте Қостанайда күн сәулесінің түсу ұзақтығы орта есеппен 2132 сағат. Бұл жағынан сол ендікте орналасқан Мәскеу қаласы мөлшерінен шамамен 400 сағат артық. Ал оңтүстікте Қызылорда қаласында 3042 сағат. Мұндай көрсеткіштер Қазақстанның оңтүстік ендіктерде орналасуына, жылдың жылы кезінде бұлттылықтың аз болуына байланысты. Күн радиациясы Қазақстандағы ашық және бұлтты күндердің таралу заңдылықтарына байланысты. Солтүстікте жылына орта есеппен 120 үдайы ашық күн болса, оңтүстікте 260 күн. Ашық күндер саны Қазақстанда Қырымның оңтүстік жағалауы мен Кавказдың Қара теңіз жағалауынан артық. Бұлтты күндер саны орта есеппен солтүстікте 60 күн болса, оңтүстікте (Балқаш маңында)-10-ақ күн. Сөйтіп, Қазақстанда жылдық жиынтық радиация мөлшері солтүстікте 100 ккал, оңтүстікте 155 ккал. Жиынтық радиация жыл маусымдарында біркелкі таралмаған. Оңтүстікте шілде айында жиынтық радиация 15-18 ккал-ға тең болса, ал қаңтар айында 4 есе аз. Қыста жер бетінен жиынтық радиацияның бір бөлігі кері шағылысады. Бұл кұбылыс жаңа жауған қар кезінде күшейеді.

8 Күн радиациясының жер бетінен шағылуына,Альбедоға,жұтылған радиацияға түсініктеме беріңіз

Төселме бетке келәп түскен жиынтық радиацияның бір бөлігі жұтылады да бір бөлігі кері шағылып кетеді. Күн радиациясының шағылып кеткен бөлігінің (R) келген жиынтық радиацияға (Q) қатынасын беткейдің шағылдыру мүмкіндігі немесе Альбедо деп атайды.

Альбедо сан мәнімен (0 – 1) немесе пайызбен (0 -100%) есептеледі. Жер бетінің альбедосы, оның күйі мен қасиеттеріне (түсі, ылғалдылығы, бүлдіргі, өсімдік жамылғысының сипаты) байланысты болады. Қара түсті және бүлдіргі беткейлердің альбедосы ақшыл және тегіс беткейлерге қарағанда төмен болады, ылғалды топырақтың альбедосы құрғақ топыраққа қарағанда төмен болады. Яғни, топырақтың ылғалдығы өскен сайын жиынтық радиация азырақ шағылады да көбірек жұтылады. Космостық кеңістікте кететін шағылған және шашыранды күн радиациясының атмосфераға келетін жалпы күн радиациясына қатынасын Жердің планеталық альбедосы деп атайды. Жалпы алғанда ол 30% тең және оның басым бөлігін бұлттардың шағылдыру (21%) құрайды. Яғни, Жерге келетін күн радиациясының шамамен 30%-ы кері әлемдік кеңістікке шағылып кетеді екен. Төселме беткейдің қысқа толқынды радиацияны жұту коэффициенті ретінде (1-A) мәні алынады. Ол коэффициент төселме беткейге келіп түскен радиацияның қанша бөлігігің жұтылғанын көрсетеді. Беткейдің альбедосы мен жиынтық радиацияны біле отырып, оның жұтатын қысқа толқынды радиациясын – жұтылған радиация мөлшерін анықтауға болады.

9.Жер беті мен атмосфераның сәуле шашуын түсіндіріп беріңіз

Жер мен атмосфераға басқа да денелер сияқты белгілі мөлшерде энергия шашады. Жердің беті – топырақ, су, қар, өсімдіктер, ғимараттар және басқа да денелер күн радиациясы мен атмосфера радиациясысын жұтып, өздері қоршаған ортаға ұзын толқынды жылулық радиация шашады. Оны жер бетінің сәулешашуы дейді. Сәулешашу спектріне байланысты жер беткейін сұр дене деп есептесе болады. Сондықтан да оған Вин заңын қолданса болады. Ол заңға сәйкес, Жер шарының төселме бетінің жыл бойына орташа алғанда температурасы 15 С болғанда, оның шашатын энергиясының максимумы 10 мкм толқын ұзындығына сійкес келеді. Жер беткейінің сеуле шашуын Стефан-Больцман заңы бойынша анықтайды. Төселме беткейдің температурасы өскен сайын оның шашатын радиациясының мөлшері де өсе түседі. Жер бетінің шашатын жылу энергиясының бір бөлігі әлем кеңістігіне кетеді, ад басым бөлігін атмосфера жұтады.