Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
256
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

1.Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық).

2.Философияның пәні: адам және дүние мәселесі.

3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.

4. Буддизм философиясы.

5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.

6 . Конфуцийдің этикалық философиясы

7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер)

8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы)

9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі

10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі

11. Антика философиясындағы матереализмді негіздеу идеялары (Фалес, Аниксимандр,Анаксимен, т.б.)

12.Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері:патристика және схоластика

13.А. Августин мен Ф. Аквинскийдің діни философиясы

14.Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия

15. философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі

16. Ислам философиясы:Әл кинди,Әл фараби,Ибн Рушд.

17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері

18.Қайта өрлеу философиясындағы гуманизм және антропоцентризм

19. Ф. Бэконның индуктивті әдісі және идолдар туралы ілімі

20. «Неміс классикалық философиясы». И. Кант фил-сы

21. Шеллингтің натурфилософиясы

22. Г.В.Ф. Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары

23. Л.Фейрбахтың антропологиялық философиясы.

24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы

25.Түркі ойшылдарының философиясы: Әл Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Иүгінеки.

26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.

27. сопылықтың түркілік бұтағы: Қ.А. Иасуидің хәл ілімі.

28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.

29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау, бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.

30.Жаңа Заман философиясы: Декарттың «күмәндәну принципі».

31. ХІХ ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы.

32.Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.

33. ХХғ басындағы қазақ ұлтының ояну философиясы.

34.ХХ ғасырдағы Батыс философиясы Позитивизм және оның түрлері

35. ХІХ ғасыр Орыс кеңістігінлегі һәм батысшылдық ( Чаадаев, Герцен, Киревский, Хомяков)

36. Марксизм философиясы

37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы

38. Гуссерльдің феноменологиясы

39. Сана және бейсаналық: З. Фрейдтің психоаналитикалық философиясы

40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері

41.Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.

42.Онтология болмыс туралы ілім.

43.Таным және оның түрлері.

44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.

45.Адамның дүниеге қатынасының ерекшеліктері : таным, шығармашылық, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу.

46.Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенцияалды,концептуалды,операционалды, ақиқат.

47. Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.

48.Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.

49. Сана бейнелеу және іс әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі

50. Адам философиясы: өмірдің мәні.

51.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық, саяси, құқықтық және діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.

52. “Қоғам: философиялық талдаудың негіздері”

53. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.

54.Л.Н Гумилевтың «пассионарлық дүмпу» идеясы мәсәле ретінде

55.Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (Антиглобализм).

56. Мәдениет және өркениет.

57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері

58. Жеке адам - әлеум. индивид ретіндегі адам, қоғам мүшесі.

59. Философиядағы адам мәселесі

60.Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктері

1. Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық).

Айнала қоршаған орта,бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны тіршіліктің мән мағынасы туралы көз қарастар, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негізгі білім.Оның негізі кең тараған түрі – ғылыми емес, қарапайым көзқарастар.Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, философиялық түрлері қалыптасқан.Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде дүниеге келеді.Оны біз мифология деп атаймыз. (mitos – грек сөзі, баян, аңыз). Миф-табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер ( phantasia - грек сөзі, қиял, елес).Әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық (cosmos - грек сөзі, әлем, genesis- грек сөзі дүниеге келу, пайда болу) аңыздар.Оларда көбінесе Дүниенің алғашқы жағдайы хаос (chaos- грек сөзі, шексіз шашылған бытыраңқы дүние) арқылы көресетілді.Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлінді. Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі.Үшінші ерекшелігі социоморфтық яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады.Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланды.Ал дін ешнәрсенің себебін ашып көрсетпеді.Олар тек илануды талап етті. Сенімнің өзі екі түрде қарастырылды: ғылыми және тәжірибелік. Ғылыми (сентизм) – дәлелдеу арқылы, яғни ақиқат немесе жалған екендігін қарастырады.Тәжірибелік – дәлелдеуді қажет етпейтін, сол күйінде қабылданады. Құдайдың бар жоқтығына байланысты: пантеизм-құдай мен табиғат бірлікте қарастырылады, деизм – құдай барын жаратады, бірақ адамның арғы іс-әрекетіне араласпайды, атеизм – дінді, құдайды жоққа шығарады. Дүние жүзінде таралған негізгі діндер: иудаизм, буддизм, христиан, ислам. Ал, Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған.Философия әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар: логика (гр.logos-ойлау заңдылықтары туралы ілім), онтология , гносеология , аксиология болып қалыптасты.Адамзат дамуымен бірге философия өз алдына дүниеге көзқарас ілімі ретінде танылды.