Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

34.Хх ғасырдағы Батыс философиясы Позитивизм және оның түрлері

Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдарбар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның ез ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мүның негізгі себебі XX гасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бүрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелеңдіруде. Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және ңдеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен теуелді елдер арасындағы қайшылықтардың терендей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т.б. зор әсерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясыңда толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар. Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды және олардьщ тармақтарын атауға болады: позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм жөне иррационализмнің басқа түрлері;

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.

ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:

1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;

2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;

3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;

4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.

Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. О негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, страктылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің өкілдері – О.Конт, Г.Спенсер, Дж.Милль.

2) махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.

3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Постмодернизм – монизм философиясын терістеп, плюрализм фи-лософиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары:

1) Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қаситерге ие. Объективтік реалдылық идеалдық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие.

2) Онтологиялық плюрализм мен гносеологиялык плюрализм бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойы керек, таным теориясындағы бірін-бірі толықтырушылық, көптәсі көзқарастардың әр түрлілігі дінде де орын алуы тиіс.

3) Адамдардың араласуындағы монологиялық текст- мәтіндердің орнын сұхбаттасу, үйренушілер мен үйретушілердің бір- біріне өзара әсері, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуы тиіс.

Неопозитивизм – тілдік ілім

Бүл философиялық бағыт ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Оның окілдері Р.Карнап (1891-1970), Л.Витгенштейн (1889-1951), Б.Рассел (1872-1970), А.Айер (1910) жөне т.б. Неопозитивизм — XIX ғасырдың 30-жылдарында пайда болған субъективтік-идеалистік бағыт — позитивизм идеяларын жаңа тарихи жағдайларға және ғылым дамуының жаңа деңгейіне сәйкес әрі қарай дамытушы философиялық ағым. Соңдықтан да ол үшінші позитивизм (неопозитивизм) деп аталады. Бірінші позитивизм ретінде О.Конттың (1798-1857) және Г.Спенсердің (1820-1903) философия ғылыми танымның дамуына кедергі болатын керексіз нөрсе деген көзқарасй алынған: философия тікелей қабылдауға болмайтын заттардың мөнін, түпкі себептерді білуге талпындыратын іске аспайтын мақсат қойып, таным процесіне теріс бағыт береді деп санады позитивистер. Конттың пікірінше, адамның таным процесі қүбылыстардың сырт көрінісін сипаттап, классификациялауға өрекет жасауы тиіс, олардың ішкі мәнін іздеп өуре болмауы тиіс. Конттың бүл идсяларын өрі қарай дамыту XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында эмпириокритицизм деп аталған оның жаңа түрі — екінші позитивизмнің пайда болуына өкелді. Бүның өкілдері Э.Мах (1838-1916), Р.Авенариус (1843-1896) жөне басқалар заттар мен қүбылыстарды түйсіктер деп атап, дүние танудың мақсаты түйсіктердің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу деп түсіңдірді, сөйтіп олар материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қатынасы жайындағы мөселені жоққа шығарды, түйсік, сана алғашқы деп санап, субъективтік идеализмді жақтады. Үшінші позиттизм — XX ғасырдың 20-30-жылдарында эмпириоқритицизмнің орнына келген неопозитивизм — математикалық логиканы философиялық зерттеулерге қолданудың ңөтижесіңде туды. Ең кең тараған бүл философиялық ағымды жақтаушылар жаратылыстанушы ғалымдардың ішінде көптеп саналады. Бүл ағымның кең таралуының бір себебі сол, ол бүкіл „метафизикаға", яғни жалпы философиялық проблемаларға қарсы шығып, бүл проблемалар ойдан шығарылған жалған проблемалар деп санайды; философия ғылымға қызмет етуі тиіс, ғалымдардың ғылыми қағидаларды түжырымдауына, оларды қолдануына көмектесуі қажет, соңдықтан философия тілге логикалық талдау жасаудың ережелерін жасаумен, тіл проблемаларын шешумен айналысуы тиіс деп есептейді.