Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

2. Философияның пәні: адам және әлем мәселесі.

Философия- барлық қоғамдық ғылымдардың түп атасы. Ол үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым. Сондықтан бұл пәнді дүние жүзі өркениетті елдерінің бәрі де бағалайды. Философия ғылым. Ол ғылым ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Ол қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениетттің, рухани мәдениетттің ажырамас бөлігі. Философия- толып жатқан өзендерден нәр алған, тамшылардын құралған үлкен терең ой теңізі.Сондай-ақ философия – дүниеге қөзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі қөзқарассыз өмір сүрмейді. Былайша айтқанда әрбір адам дүниеге, әрбір құбылысқа белгілі пікір айтады, өзінің өмірлік позициясын белгілейді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, кезінде оны ғылымдардың ғылымы деп атаған.Осыдан келіп, ол кезде философия барлық табиғат жөніндегі ой-пікірлерді бойына жинақтағандықтан оны, натурфилософия деп атады.Адам мәселесі, оның шығу тегі, мәні табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі рөлі, мәселелері фундаменталдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген саналуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Sapiens» - саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға атсалысқан Д. Франклин адамға «Homo Faber» - құралданған адам деген анықтама берді. Адамның биологиялық қасиеттері оның организмінің морфологиялық, генетикалық құбылыстарынан ми-жүйкелік, электрохимиялық кейбір процестерден көрінеді.Адам биоәлеуметтің бірлігі ретінде туады.Демек, ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық система түрінде келмейді; ол социум (әлеуметтік өмір) жағдайларында қалыптасады. Адам жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы түрі, еңбек процесінің субьекті, ой-санасы және сөйлеу тілі бар биопсихоәлеуметтік жан ретінде жалпылама анықталса, индивид (латынша «жеке адам») қоғамның мүшесі – жеке адамды, жеке атомын білдіреді. «индивид», «индивидуальность»,кісі, ұғымдарын талдап көрсетіледі. Кісі,тұлға жетілгене кәмелетке жеткен адам. Кісі дегеніміз - жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моралдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқаты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субьектісі.Тұлға - белгілі бір қоғамық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағының биогенетикалық нышандарының, әлеуметтік қатынастар әсерінің және психоәлеуметтік қасиеттерінің тұтас бірігуінің нәтижесі.

3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.

Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады: 1.Брахмандар Абыздық варна 2.Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары 3. Вайшьялар Егінші-варналар 4. Шудралар Төменгі варна. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Веданы мойындайтын философиялық мектептер. Вайшешика– атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Санкхья– қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар. Веданы мойындамайтын философиялық мектептер. Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген: 1.Азаптану. 2. Азаптанудың себебі. 3.Азаптанудан босану. 4. Азаптанудан босануға апаратын жол. Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.