Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
257
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.

Осыдан бес мың жыл бұрын қалыптасқан қытай өркениеті өзінің қол жеткізген табыстарымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, қытайлықтар қағазды, кітап басуды, жібек мата өндіруді т.б. алғаш рет ойлап тапқан. Сонымен бірге, бұл халықтың адамзаттың рухани мәдениетіне қосқан үлесі баршамызға мәлім. 1. Ежелгі Қытай философиясының даму барысында алуан түрлі философиялық мектептер өмір сүріп, өздерінің идеяларын қоғамға ұсынып отырды. “Алтын ғасыр” (б.д.д. 6-3 ғ.ғ.) кезеңінде 100-ден астам философиялық мектептердің ішінде тек қана алтауы маңызды болып табылады: 1) даосизм; 2) конфуцийшілдік; 3) инь-ян мектебі; 4) моизм; 5) легизм; 6) есімдер мектебі. Олардың арасында қытай халқының рухани мәдениетінде даосизм мен конфуцийшілдік бастапқы орын алады. Даосизм философиясы. Даосизм ежелгі Қытайдың рухани өміріндегі ерекше орын алатын феномен. Оның негізін қалаушысы болып Ли Эр (Лао Дань) есімді ойшыл есептеледі. Философия тарихында ол Лао-цзы (Кәрі философ немесе Кәрі бала) атымен танымал. Шамамен алғанда б.д.д. 6 ғасырда өмір сүріп, Лао-цзы Конфуцийдің аға замандасы болып табылады. Бірақ, екі ұлы ойшылдардың көзқарастарының бағыттары екі түрлі болып табылады. Конфуций этикалық және саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырса, Лао-цзы философиясының ортасында табиғат, космос және адам мәселелері тұрды. Даосизмнің негізгі қайнар көзіне “Дао дэ цзин” (“Жол мен Игілік туралы кітап”) жатады. Сонан соң “Чжуан-цзы”, “Ле-цзы”, “Хуайнань цзы” трактаттарын тілге тиек етуге болады. Қосынды түрде алғанда даосизм әдебиеті (“Дао цзан”) 4,5 мыңнан астам томдарды қамтиды. Даосизм философиясының өзекті ұғымдарына дао, дэ және у-вэй жатады. Философиялық тұрғыдан алғанда “дао” ұғымы екі негізгі мағына білдіреді. Біріншідан, дао әлемнің түпнегізі, субстанциясы ретінде танылады. “Дао дэ цзин” кітабындада оған мынадай сипаттама берілген: дао заттардың күретамыры, ол - жаратушы, ол- өзгертуші күш болып табылады. Бұл мағынада даосизм данышпандары даоны көбінесе бос кеңістік ретінде қарастырған: ол- барлық нәрсені (вмещая) көріктендіретін ” әлем анасының” жатыры тәріздес. Барлық заттар Даодан бастама алып, ең соңында оған қайта оралады. Екіншіден, “дао” сөзі тікелей “жол” деп аударылады. Адам - өзінің ішкі дүниесінің арқасында ғана - адам. Конфуций, керісінше, адамға сыртқы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы моральдық ережелерді ұсынады. Сондықтан бұл екі мектеп қайшылықтарға тап болды. Дегенімен олар бірін-бірі толықтырды да. Легизм (заңшылдар немесе Фацзия мектебі) Көне Қытайдың тағы да басқа әлеуметтік ілімі.Легизмнің негізін қалаушы Шан Ян мен Хан Фэй болған .(390-338 б.э.д) (288-233б.э.д)ЦиньШи Хуа императорының кезінде (ІІІ ғ б.э.д) Легизм ресми идеология болды.Легизмнің негізгі сұрағы: Қоғамда қалай басқару? Легистер заңға сүйенетін мемлекеттік зорлау арқылы бақару керек дейді.Сонымен,легизм–нақты мемлекеттік биліктің философиясы болып табылады.Легизмнің негізгі постулаттары.Адам бастапқыдан қатал табиғатқа ие адами хылықтардың қозғаушы күші жеке эгоистік мүдделер болып табылады. Тәртіп бойынша,жеке инвалидтердің мүдделері өзара қайшы келеді.Тұтас қастықтан, дауласудан қашу керек, қоғамдық қатынастарға мемлекет араласуы қажет.Мемлекет (армия мен шен ) заңды тыңдаушы азаматтарды қорғап, заңға бағынбағандарды қатал жазалауы керек. Көптеген адамдардың заңдық тәртібінің негізгі стимулы – жазалаудан қорқу болып табылады.Заңды және заңсызтәртіптерді шектеудің негізі заң.Заң барлығына бірдей болуы керек, ал жазалауды бастыққа да, қарапайым адамға да егер ол заңды бұзсса қолдану. Мемлекеттік аппарат пен кәсіби мамандардан қалыптасуы қажет.Мемлекет –қоғамды реттейтін басты механизм, сәйкесінше қоғамдық қатынастарға экономикаға азаматтардың жеке өміріне құқығы бар.