Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.

Қорқыт философиясын, оның дүниетанымын біздер ел арасында сақталған Қорқыт туралы толып жатқан аңыздардан танып білеміз. Бұл аңыздардың негізгі философиялық өзегі мәңгілік, мәңгібақи өмірлік, жанның мәңгі бақи екеніне сену, мәңгілік етуге талпыну. Аламдар қашанда мәңгі өшпес өмір сүруді армандап келді. Қазақтардың ауызша поэтикалық шығармаларындағы ең құнды аңыздар Қорқыт туралы ілім аңыздар болып табылады.

Қорқыт ата жырларында көшпелі тайпаларға тән , табиғат құбылыстарына яғни, жылан, қасқыр, су,тау, ормандарға сыйыну болған. Әр нәрсенің өз иесі бар деп, ол табиғатпен де тілдесе білген Аталық қоғам салты шамандық наным нансенім жырдан үлкен орын алған.Оларда діннен гөрі музыканы қастерлеу үстем болған. Оғыз батырлары жауға аттанарда қобыз байлап жүретін болған.Қобыз шаманизм нанымының басты рәмізі болса, көшпелі елдерге тән бұл әдет ғұрып *Қорқыт ата кітабында* жиі кездеседі. Қорқыт қайдабарса да, өзінің Желмаясына мініп ел кезіп жүреді. Қайда барса да, алдынан екі адам кездесіп, көр қазып жатады. Қорқыт оларға: Бұл кімнің көрі деп сауал қойса, олар: Қорқыттың көрі деп жауап қатады. Ақыры, ол суда ажал жоқ деп Сырдарияға кілем төсеп, қалған ғұмырын су үстінде өткізбек болады. Бірде Қорқыт қалғып кеткенде, оны жылан шағып өлтіріпті дейді. Қайда барса да Қорқыттың көрі дегенде Қорқыттың өз басының ғана емес, сол өз заманындағы аталық қоғақам арасындағы қайшылықтар, әділетсіздіктер Қорқытты осындай пессимизмге алып келді деп түсінуіміз керек . Яғни адам өмірін мәңгілік жасау. Бұл өте философиялық астары бар ұғым. Қорқыт жырлары Орталық Азия, Кавказ, Қазақ халқына ортақ әдеби философиялық эстетикалық мұра.Қорқыт ата жырларын өз эпосының арғы атасығ прототипі деп атауға қақысы барта . Қорқыт а мұраларын жалпы азаматтық, мәдени жоғарғы филосрфиялық құндылықтар қатарына жатқызамыз.

27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А. Иасуидің хәл ілімі.

Х-XI ғасырларда түрік тайпаларының ой-өрісі, мәдениеті мен әдебиеті ерекше дамыды. Осы бір кезеңде Қазақстандағы мәдени даму аты жаһандық ғылымға танымал болған, ақылдың ұлы иелері – Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Үгінеки, Сүлеймен Бақырғани, Махмуд Қашғари, Жүсіп Баласағұни, Мухаммед Хайдар Дулати, Қыдырғали Жалайри, Ахмет Иассауи тағы басқа ойшыл ғұламалардың дүниеге келуімен байланысты болды. Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір жола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүиелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте –бірте қанатын жайып дами бастаған кезі еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақты елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз щығармаларына, өз шығармаларына арқау еткен ақын –шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ереке талантымен көзге түскендер- Хорезмдік Ахмет Үгінеки, Ахмет Иассуи, Сүлеймен Бақырғани тағы басқа көптеген софлық әдебиет өкілдері болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, қайырымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Құл Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Иассауи еді. Белгілі ғалым М.Орынбековтың зерттеулерінде А. Иассауи жөнінде және оның сопылық ілімі жайында өте құнды пікірлер айтады. Оның пікірінше, Қожа Ахмет Иассауи жазған «Диуани хикмет», яғни «Даналық жайындағы кітабының» қазақ елінің философиясы үшін зор маңызы болды. Оның ішінде автор бала кезінен бастап өз тіршілігінде тартқан азабын , шеккен қайғысын тармақты өлеңдермен қарапайым түсінікті тілмен жазып шыққан. Бұқара халыққа зорлық үстемдік жасаған хандарды, бектерді, қазыларды сынай отырып, бұл дүниенің өкініштілігін анықтайды. Бұл өмірдің азабын көп көрген Қожа Ахмет аскетизмге бет алып, тағдарға сенуді уағыздайды, содан дүние қызығынан безіп тарки дениеге салынады. О дүниенің мәңгілігін жырлайды. Өз танымы бойынша Иассауи сопы болды. Мұсылмандық ішінде ұстамдылық пен аскетизмді уағыздап, сопылық ілімін ұстанды. Сопылық мұсылман дінінің бір түрі ретінде ведтік үнді философиясының, еуропалық гностицизм, гректік жаңа платонизм, зороастризм христиандық мистицизм және басқалардың кейбір жақтарын иеленді. Иассауи суфизмнің ең биік шыңы оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп, жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді. Ол «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарыа қосты». Суфизмдегі негізгі доктрина құдайды мистикалық сүю болып табылады. Сопылар митикалық сүю арқылы экстатикалық ұмтылыстармен, жан – жүйесінің азап шегуімен және кездесуге құлшынуымен, құдаймен табысуға тырысады. «Иассауи ілімінде бұл доктрина оның «таным»теориясының бөлінбес бөлігі бола отырып, ерекше орын алады»,- дейді белгілі Иассауи суфизмін зерттеуші ғалым К. Тәжіков.