Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

6. Конфуцийдің этикалық философиясы

Конфуций (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы – 479 ж.ш., сонда) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған. Конфуций өзіне тән төл ілім жасамаған деген пікір қалыптасқан, ол Ежелгі Қытайдың бес классикалық шығармасын – “Шуцзин” (тарих кітабы), “Щицзин” (әндер мен гимндер кітабы), “Лицзин” (рәсімдер туралы жазбалар), “Юэцзин” (музыка туралы кітап), “Ицзин” (өзгерістердің канондық кітабы) жинастырып, қайта әңгімелеген және оларға түсіндірмелер берген. Конфуций ілімінің өзіндік сипаты антропоцентризммен, яғни адамды ғаламдық ғимараттың кіндігі және ең жоғарғы мақсаты деп білетін көзқараспен айқындалады. Конфуций ой-пікірінің негізгі мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін, адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз етудің аса маңызды шарттары болып табылатын қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті” ұғындыруға арналған. Ол адам проблемасына, оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ, ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы да осы қатарда. Бұл екі ұғым жасы үлкен мен орны жоғары адамдарға сый-құрмет көрсетіп отыруға, ел басына адалдыққа, т.с.с-ларға негізделген этик. және әлеуметтік қатынастар жиынтығын білдіреді. Этикалық теориялары негізінде Конфуций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл орайда оның: “Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке – әке, ал ұл – ұл болу керек”, – деген атақты сөзі кеңінен мәлім. Конфуцийдің мемлекетті “адамгершілікпен басқару” теориясы оған дейін де болған идеяға – басқарушы билігін құдіреттендіру идеясына сүйенді. Халықты салық, салғырт салумен қинамай, әдет құқығы негізінде басқаруды қош көрді. Ең бастысы – шынайы принципті әрқашан басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, сонымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне қамқорлық көрсету – басқарушы парызы. Адамдардың байлық пен мәртебені бәрінен жақсы көріп, кедейлік пен жасқанбаушылықты жек көретіндерін дана билеуші жақсы білуге тиіс. Билеуші үшін – кісі сеніміне ие бола білу өте қажет. Осы пайымынан туындайтын: “Билікке қалай жетуге болады?”– деген сұраққа Конфуций: “Халықтың сүйіспеншілігіне қол жеткіз, – деп жауап берген, – сонда сен билікке жетесің, егер халықтың сүйіспеншілігін жоғалтар болсаң, онда билікті де жоғалтып аласың”-деп айтса керек.

7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер)

Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты. Ертегірек антикалық философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті: 1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.з.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. 2. Классикалық кезең (б.з.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді. 3. Римдік-эллиндік кезең (б.з.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең. Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты. Фалес – б.з.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды. Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбені жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді. Сандардың қасиеттерін зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Элей мектебі-б.з.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. Бүкіл мифологияны алғаш сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Атомдық көзқарас. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом мен бос кеңістікті алға қояды. Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес. Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді: 1.Сезім арқылы танып-білу; 2. Ақылмен танып-білу..