Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

32.Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.

Абай-Басында Ғабул-Жаппар, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабағымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың үлы ақындары Низами, Сағди, Фердауси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады. Оқуының соңында Абай мұсылманшамен бірге Семейдегі «Приходская школадан» үш ай орысша білім алады. Құнанбай он үш жастағы Абайды өз қасына алдырып, ел басқаруға даярлайды. Кейін Абай болыстық жолды, даланың билік жолын да көреді. ҚоңырКөкшеге болыс болған Абай 1878 жылдары бұл қызметін тастап кетеді. 1884 жылы қырыққа таяған, Абай бұл кезде нағыз білімді,озық ойлы, көп мағлұматты кісіге айналады. 1895 жылдан бастап Әбдірахман өлімінен кейін, Оспан қазасынан соң Абай өзгеше бағыт алады. Абай өмірдің мәңгі емес екені, ал діннің мәңгіліктігіне, өміршеңдігіне ден қояды. «Лай суға май бітпес», «Өлсе өлер» атты жырларда осыны көрсетеді.

...Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі,-

Деп жаратушыға бас иген, нақ мұсылман қалпын айтады.

Өмірі еңкейген, батар шақта 1902-1903 жылдары Абаай қайта исламға, мұсылманшылыққа кетеді.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,

Рас сөзге еш уақытта жалған болмас.

Көп кітап келді Алладан, оның төрті

Алланы танытуға сөзі айырылмас.

Амантү оқымаған кісі бар ма?

Үәктүбиһи дегенмен ісі бар ма?

Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,

Жарлықпен ол сіздерге, сіз де оларға...-деп толғай отырып: «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар һақ» - дейді. Демек, Абай жан жұбанышын, пенделік сұрақтарының жауабын ислам ілімінен тапқан. Әл-Фараби, әл-Кинди, Әбу-Али-Сина, Ибн-Рашид секілді философтары бар араб ой ғылымы, діні Абайға да әсер еткен. Абай ислам дінінен ізгілікті, бұған дейін ешкім терең қарамаған имандылықты іздейді.

Қазақтың классикалық поэзиясының асқар шыңы болып саналатын – Абайдың мұрасы мол. Соның ішінде моральдық-философиялық, қоғамдық-саяси және кейіптік-сатиралық ой толғаулары болып табылатын «Қара сөздері» маңызды орын алады. Солардың ішінде Алла мен адам жайлы айтылған тұстары көп. Мысалы: «Біреулер Құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан Құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді». (Абайдың оныншы қара сөзі). «Иман деген – Алла табарака уа Тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әртүрлі бізге Пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәсәллам арқылы жіберген жарлығына, білгендеріне мойын ұсынып, инанмақ». (Он үшінші сөз). «Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып тұрып жүрсек болғаны дейді». (Он алтыншы сөз).

33. ХХғ басындағы қазақ ұлтының ояну философиясы.

Қазақ халқының философиялық – қоғамдық ой пікірлерін зерттеу ХХ ғасырдың басынан қолға алынды. Бірақ бұл зерттеулерде сыңаржақ көзқарас басым. Ол кезде қоғамдық ойдың қалыптасуын таптық тұрғыдан қарастырды. Бұл бағыт, әрине, ғылымның объективті дамуына кері әсерін тигізді. Барлық даналықты батыс ойшылдарынан, басқадан іздеген кезде ұлттық философиялық ой - пікірлердің тарихына көз жіберуге үстемдік еткен тоталитарлық жүйе мүмкіндік бермеді.

Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889 жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып білу жолында жүрек культін көтере жырлау арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты Шәкәрім дәстүрлі жалғастыра дамыту арқылы XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы әдебиетте философиялық лириканы классикалық биік деңгейге көтере білді. Ұстазы хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім түп иені (хақиқатты) танып білуге жантану ілімі арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте күрделі, шешуі қиын, салмағы зіл батпан мәселені Шәкәрім XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны таным, тың ойлар желісін тартты. Әрі оны философиялық лирика табиғатына сай молынан қамтып, зерлеп, зерттеп терең мән бере қарады.

Анығына келсек, Абай мен Шәкәрімдегі философиялық лириканың өзекті тақырыбына айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын ғарыштық танымдағы жантану ілімі туралы мәселе таза ақыл қуатымен танып жырланған өзіндік қайталанбас терең сыры бар тылсым құбылысқа айналды. XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында ағайынды ой алыбы Абай мен Шәкәрімнің ғарыштық тылсым сырға толы жантану ілімін философиялық лирика жанрының өзекті тақырыбына айналдырып, соны ой, тың таныммен жырлау деңгейіне сол тұстағы батыс пен шығыс ақындарының қолы жете бермеуі де көп нәрсенің сырын аңғартса керек-ті. Қазақ поэзиясындағы философиялық лириканың сапалық деңгейі мен идеялық өрісінің шарықтау шегін танытатын осы бірегей рухани құбылыстың тетігі жантану ілімімен ұштасуында жатса керек-ті. Қазақ философиялық ойының ең басты ерекшелігі – оның шынайы патриотизмі, халқына деген сүйіспеншілігі, оның болашағы, бақыты үшін күресуге дайын және оған жету жолдарын өз мүмкіндігінше көрсете білуі. Қазақ философиялық ойының тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Онда халықтық таным процесімен ұлттық ойлау жүйесі көрініс тапқан. Халықтық сана – қоғамның өсуі, тоталитарлық жүйенің күйреуі, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, философиялық ойлаудың жаңа түрлері адамзаттың тұтастығы мен ерекшеліктерін бүгінгі заман талабына сай қарастыра отырып, дамытуға мүмкіндік туғызады.