Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

4. Буддизм философиясы.

“Будда” - санскрит сөзі, көзі ашылған, сергектенген деген мағынаны береді. Буддизм Үндістанда б.з.б. 6-5 ғасырларда этикалық тұрғыдағы көптеген ілімдердің бірі ретінде дүниеге келді. Буддизмнің шығуы – касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғындардың брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі. Буддизмнің қай варианты болмасын, болмысты бірнеше сатыға бөліп қарастырады. Бұл сатыларда уақытша түрлі заттар, құбылыстар өмір сүреді. Тозақта құмарлыққа, бұзылуға бой ұрушылық басым болады. Құдайлар сатысында тыныштыққа, рахатқа батады. Брахмандар сатысында танып білуге құмартады. Тек қана Будданың ең биік сатысында ғана жоғарғы даналықты қабылдау мүмкіндігі туады. Бұл сатыда гармония тараған. Буддизмнің трактаттарында бұл космологиялық сурет пирамида түрінде бейнеленеді. Оның классикалық варианты 31 сатыны қамтиды. Пирамида сатылары болмыстың 3 сферасына бөлінеді: төменгі (кама-лока), ол 10-11 сатыдан құралған, бұл сатыларда сезімдік қабылдау және реалды дүние орын алған: ортаңғы сфера – рупалока, 16-17 сатыдан тұрады, бұл сатыларда есімі жоқ формалар өмір сүреді, оны иллюзорлық дүние дейді; 3 – жоғарғы сфера (арупа-лока) – 4 сатыдан тұрады. Бұл сфера көзге көрінбейді – таза сана дүниесі. Одан арыдағы дүние Будданың космостық денесімен теңестірілетін сфера (ади-будда). Болмыстың барлық сфералары қозғалыста болады. Қозғалыстың себебі – уақыт және карма. Уақыт – бұл әрі бүлдіруші, әрі құрастырушы, жасампаз немесе жасаушы да. Ал карма тірі жандардың космостық пирамидадағы қай сатыда қайта тууын қамтамасыз етеді. Карма – бұл іс-әрекеттерің үшін алған алғысың немесе қарғысың. Жақсы тірліктерің үшін – жақсы карма, жаман тірліктерің үшін – жаман карма тағайындалады, қылығына қарай құрметтеу, не жазалау. Буддизмнің өзекті мазмұны – Будданың “төрт ақиқаты” туралы өсиеттері: 1 – ақиқат: өмір – азап шегу, қайғы-қасірет; 2 – ақиқат: азап шегудің себептері бар; 3 – ақиқат : азап шегуден құтылу бар;4 –ақиқат: азап шегуден құтылуға апаратын жол бар. Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында. Дамыған буддалық ілімдерде азап шегу космостық тұрғыдан ашылады: ол – дхармалардың шексіз “толқыны”, тасқыны .Дхарма – бұл материя мен сананың бірін-бірі алмастыратын элементтері, заң. Екінші ақиқатында азап шегудің қайнар көзі – тілектер, қалаулар, құмарлықтар деп көрсетіледі. “Дхаммапада” тексттерінде мынадай сөздер бар: “Алтын теңгеден жауын жауса да, құмарлыққа тоят жоқ. Құмарлық күйзелуге әкеп соғады, одан қуаныш аз. Осыны білген адам – данышпан”. Үшінші ақиқат - құмарлықты басу, тию. Құмарлық басылғанда нирванаға қол жеткізуге мүмкіндік пайда болады. “Нирвана” санскриттен аударғанда суу, өшу, сөну дегенді білдіреді. Нирвана – бұл этикалық идеал, психологиялық күй, сыртқы болмыспен салыстырғанда ішкі болмыстың толықтанып бітуі, сыртқы дүниеден қол үзушілік. Нирвана – жанның әбден дамыған күйге жетуі туралы идея. Төртінші ақиқат – қайғы қасіретті жоюдың жолы бар. Бұл игілікті сегіздік жол мынау: 1. Дұрыс көзқарас; 2.Дұрыс ниет; 3.Дұрыс сөз; 4.Дұрыс іс-әрекет 5.Дұрыс өмір салты, өмір сүру тәсілі; 6.Дұрыс тырысу, талпыныс 7.Дұрыс ес, тура есте сақтау 8.Дұрыс жинақтау, дұрыс зейін қою, ойды жинақтау .Аталған сатылы сегіздік жол – рухани өрлеудің жолдары. Буддизм қайғы-қасіреттен арылуды тек имандылықты жетілдіруден іздеп, оған өмірден бас кешу, нирванаға берілу жолымен ғана қол жеткізуге болады деп түйді.