Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі

Аристотель (384-322жж.) – Платонның шәкірті, атақты А.Македонскийдің ұстазы. А.Македонский патша тағына отырғаннан кейін, өзінің ұстазы және досы Аристотельге ескерткіш орнатып былай деп жазыпты: «Бұл ескрткішті Никомаха ұлы, данышпан, құдіретті Аристотельге қойған Александр». А. де объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Дегенмен А. өмірден идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика», т.б. Кезінде өзінің ұстазы Платонды өмірден идеяны жоғары қойғаны, нақты өмір оның көлеңкесі дегені үшін қатты сынға алды. Бірақ А. түр мен мазмұн арақатынасын зерттеп, алғашқыны түрге берген. Мәселен, кірпіш – түр, ал сол кірпіштің негізі болып, қалыпқа құйылған материал (батпақ) – материя, яғни мазмұн деп қарады. Ол формальды логиканың негізін салып, оның 3заңын ашты. Формальдық логиканың А. ашқан:1) дәлме-дәлдік; 2) қайшылық; 3) үшіншіні жоққа шығару заңдарына қоса, Лейбниц Г.В. (1646-1716) төртінші «жеткілікті негіз заңын ашты. Ғылымдарды классификациялауда А. ең алдымен теориялық ғылымдарға басымдылық береді, оның ішінде барлық ғылымдардың шыңы ретінде ең маңызды орын метафизикаға немесе «бастапқы философияға» беріледі. Бұл жалғандыққа жол бермейтін білімге деген таза құмарлық, ақиқатқа деген құштарлық. Оның мақсаты болмыстың 4себебін зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең маңыздылары – барлық заттарды құрайтын форма (мәнділік, бастапқы субстанция) және материя.

11. Антика философиясындағы матереализмді негіздеу идеялары (Фалес, Аниксимандр,Анаксимен, т.Б.)

Б.з.б. VII-VI ғғ. Аралығында Кіші Азияның Батыс жағалауында орналасқан гректің қала-мемлекеттері, одан соң Түстік Италиядағы грек қалаларын да, сондай-ақ Сицилия аралы, жағалауындағы қалаларда, ақыр-соңында Грекияның өз ішіндегі – Афины қаласында дүниеге келді. Римде философия б.з.б. ІІ-І ғғ-да қалыптасты. Бұл кезең ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Мәдениет дамыды, гректер арасынан поэзия, драматургия, мүсіндеме, философия басқа да мәдениеттің көрнекті өкілдері Гомер, Эсхиль, Аристофан, Софокл Геродот, Ксенофонт, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель, т.б. дүниеге келді. Бұл белгілі дәрежеде қалыптасқан философияның тұрпайы болса да алғашқы кезеңіне жатады. Грек ф-сы бірнеше белгілі уәкілдерін дүниеге әкелді. Оның бастамасы Милет қаласынан шықты. Фалес (VIIғ. аяғы-VІ ғ. бірінші жартысы) сауда адамы болған. Ол кезінде Вавилон, Египет елдерін талай аралаған. Оның даңқы б.э.б. 585ж Грекияда Күн тұтылатынын болжағаны үшін барлық жерге таралды. Сол үшін Египет абыздарынан ол оракул деген атақ алған. Фалестің пікірінше, әлемде барлық заттар судан пайда болған. Бәрі содан туындаған. Тіпті Жердің өзі де су бетінде қалқып жүрген жалпақ дөңгелек. Фалестің айтуы бойынша, дүние – жанды құбылыс. Оның дәлелін магниттің тарту күшінен көрген. Фалестің бірнеше даналық ойлары тарихқа енген. Мәселен,- Дүниеде ең жүйрік не? –деген сұраққа:- Ой, ол бәрінен жүйрік, -деп жауап қайтарған.- Дүниеде ең ақылды не? Деген сұраққа:- Уақыт? – деп жауап айтқан. – өйткені ол бәрінін сырын ашады. - Бәрінен күшті не? – деген сұраққа: - Қажеттілік, деген, ол бәріне әмірші. - Еңқиын не? – деген сауалға: - Өзіңді-өзің тану, - депті. - Ең жеңіл не? – дегенге: - Басқаларға кеңес айту, - деген көрінеді. Дәл осыған ұқсас сауал-жауапты қазақ мысалдарынан жиі кездестіруге болады. Анаксимандр (б.з.б. 610-547). Оның пікірінше, дүние негізі – су немесе басқа бір зат емес, белгісіз, байыпталмайтын бастама – апейрон. Дүние пайда болып, жойылып жатады. Мәңгі өзгермейтін жойылмайтын апейрон. А. әлемнің түрлері көп болатынын болжамады. Ол Эллада да ең алғаш әлем картасын кратасын сызды, глобус жасап, күн сағатын ойлап шығарды. Оны жерге қаққан қазықтан түскен көлеңке арқылы шамалады. А-дың апейрон туралы пікірі қазіргі материяны фил-лық тұрғыдан пайымдауға жақын келеді. Анаксимен (585-525) дүниенің негізі ауа деп есептейді. Ауаның қоюлануы мен сұйықталуынан су, жер, тас, от пайда болады деп топшылады Анаксимен. Бірде көлеңкелі бақ арасында серуендеп дүргенде шәкірті: А., айтыңызшы, неге күдіктене бересіз. Сіз ұзақ өмір сүрдіңіз, тәжірибелі данасыз, - депті. Сонда А. асасымен бірі кіші, бірі үлкен екі дөңгелек сызып, кішісінің іші сенің білгенің, үлкеннің іші менің білгенім, ал дөңгелектердің сырты бізге беймәлім, депті.