Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

21. Шеллингтің натурфилософиясы

XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарның ерекше алға озып кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың ішкі заңдылықтарын ашуға барынша назар аударды. Мұның өзі оның философиясын объективтік бағытқа қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық неміс философиясында табиғат туралы философиялық ілім болған натурфилософия ағым ретінде дүниеге келді. Шеллинг жаратылыстану саласын философиямен тығыз байланыстыра қарай отырып, табиғатты субстанция ретінде айқындауға тырысты. Бірақ, оның табиғатты субстанция деген көзқарасы өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи экономикалық, саяси жағдайына байланысты. Егер Спиноза табиғатты субстанция деп қарай отырып, өз заманындағы тарихи, тар өрісті пантейстік идеядан шығып кете алмаған болса, Шеллинг табиғатты зерттеуде Кант тудырған класикалық неміс филасофиясының негізгі принціптеріне, яғни субъектінің рөлі деген принципке сүйенеді. Сондықтан Шеллинг қарастырған және жан жақты талдаған табиғат сонау Спиноза зерттеген субстанцияның мәнініен өзгеше еді. Шеллинг өзінің зерделі философиясында табиғаттың ішінде негізгі қозғалыс күші бар екендігін анықтауға тырысты. Өзінің натур философиялық теориясын жасаған Шеллинг классикалық неміс философиясын әрі қарай дамыта отырып, табиғат философиясын рухтың таным теориясымен байланыстыруды негізгі мәселе етіп алды. «Трансцендентальды идеализм жүйесінде» деген еңбегінде Шеллинг философия тарихинда көптен бері негізгі мәселе болып жүрген проблеманы шешуге ниет етті. Әрине, философтың осы шығармасы оның философиялық ойының негізгі жуйесін толық айқындап, бермесе де, нақты ізденістерін көрсетті. Ол адамның танымы, оның диалектикасы, субъекті мен объектінің арасындағы өзара байланысты тереңірек ашуға ұмтылды. Философтың бұл шығармасында табиғат жан жақты, философиялық негізінде айқындала түсті. Табиғаттың мәнін ашуду ол «Менің» қызметіндегі екі форманың ерекше мәнді екндігін атап өтті. Немістің ұлы ойшылы осы шығармасында «Философия әр түрлі дәуірді басынан кешірген өзіндік сананың тарихы» деген данышпандық қағиданы ұсына отырып, оны бізден өзінің құпиясын ғажайып жазуларымен жасырып тұрған поэма деп бағалады. Ал егер біз оның жұмбағын ашатын болсақ, онда үнемі одан үнемі одан адасып, өзін өзі іздеп, өз өзінен қашып жүрген рух одиссеясын көрер едік. Ол сезімдік дүние арқылы қалың, қою тұманның ішінен жылт ете түсіп, белгісіздердің бейнесі сияқты көрінер еді.

22. Г.В.Ф. Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары

Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда ойлау әңгіме жұргізу өнері. Философияда әртүрлі түсініктерде қолданып отыр. Диалектиканың қағидасы әр тақырыпты дамыту пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды табиғатты, қоғамды және адамның ой – санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда және өзара байланысты қарастыратын философиялық ілім. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебеп заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көнегрек философиясында диалектиканың алғашқы стихиялық формасы дүниегекеліп, қалыптасты. Қозғалыстының түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат мектебінің өкілдерінен – ақ байқалған болатын. Сократ қарама – қарсы пікірлерді қарастыра отырып ақиқатқа жетуді, яғни айтыса білуді, дәлелді, дәйекті сөз жүесімен қарсыласты жеңуді диалектика деп ұғынды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінде философия мен жаратылыстану ғылымдарында диалектиканың дамуына Д. Бруно, Н. Коперник, Н. Кузанский, Р. Декарт, Б. Спиноза сияқты ойшылдар үлес қосты. Диалектиканы дамытуға, әсіресе, Г. Гегельдің қосқан үлесі мол болды. Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі абсолюттік идея деп білді. Абсолюттік идея үнемі өзіндік қозғалыста болады, ол дамуының әр кезінде табиғат, адам болмысы түрінде нақты көрініс табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б. ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. А. Эйнштейн ашқан салыстырмалық теориясында материя, қозғалыс, кеңістік және уақыт оның категориялық құрылымын анықтайды. Ендеше, категориялар ғылыми теорияны құру мен дамытуда, жаңа нәтижелерді іздеуде үлкен методикалық рөл атқарады, демек, теория жасаудың диалектикалық – логикалық принциптері болып табылады.Логикалық категориялар нақтылы жалпы сипаттама, бірі екіншісіне диалектикалық тұрғыда өтіп, жылжымалы, қозғалмалы қайшылықта болып тұрады. Олар – даму процесінің жеке жақтарын бейнелейтін, негізгі емес заңдар. Диалектиканың негізгі және негізгі емес заңдары тығыз байланысты.Диалектиканың заңдары және категориялар жүйесі қоғамдық практиканың, мәдениеттің, ғылымның және техниканың өскелең талабына сәйкес үнемі жетілдіріліп, дамытылып, байтылып отырады. Қазіргі ғылыми – техникалық революция жетістіктеріне және тарихтың қазіргі кезеңінің бетбұрыстық сипатына байланысты диалектиканың теориясын жасау мен негіздеу, оның заңдары мен категориялары жүйесін одан әрі жетілдіру – күн тәртібіндегі мәселе.