Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор Философия 2012.doc
Скачиваний:
258
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
493.57 Кб
Скачать

36. Марксизм философиясы

Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.

Философия саласында марксизм табиғат, қоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясы бойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.

Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формациялардан тұрады.

Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.

Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:

1. В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.

2. Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.

Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды.

37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы

Онтология (гр. «ontos» - болмыс, «logos» - ілім) – болмыс проблемасын зерттейтін философияның орталық тарауларының бірі. «Болмыс» философиядағы түпкі, негізгі ұғымдардың қатарына

жатады. Философияның қалыптасуы осы проблеманы зерттеуден басталды. Ертедегі Үнді, ертедегі Қытай, антикалық философия алдымен онтологиямен айналысты, болмыстың мәнін түсінуге тырысты, содан кейін философия өз пәнін кеңейтті, өзіне гносеология

(таным туралы ілім), логика, тағы басқа проблемаларды қосты, енгізді.

«Болмыс» термині философияда XVII ғасырдан бастап қолданылды.

Бірақ осы ұғымды тұңғыш рет көне грек философы Парменид ұсынған болатын («Табиғат туралы» деген поэмасында).

Болмыс (бытие) – не бар болса, соның бәрі. Осы түсініктің арғы түбірінде барлық, яғни «болу», «бар болу» деген мағына жатыр. Болмысқа материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатынастар мен байланыстар да, тіпті рухани өмір көріністері де жатады:

адам немесе жануар, табиғат немесе қоғам, шексіз галактика немесе біздің жер планетамыз, ақынның фантазиясы немесе математиктің теориясы және т.с.с. Болмыс – бұл өз жиынтығындағы объективтік және субъективтік реалдылық, шындық. Бұл проблеманың бай зерттелу тарихы бар (Парменид, Гераклит, Платон, Аристотель, орта ғасырлар, Қайта Өрлеу дәуірі, Жаңа заман, неміс классикалық, марксизм, феноменология, экзистенциализм философиясы және т.б.).

Болмыстың қарама-қарсы ұғымы бар – бейболмыс (болмыссыздық, болымсыздық – небытие). Егер болмыс бар нәрсенің (бардың) бәрі болса, бейболмыс – бұл жоқ нәрсенің (жоқтың) бәрі, бірдеңенің толық жоқтығы (полное отсутствие чего-либо). Бірақ бейболмыс та болмыспен бірлікте және ол сияқты реалдылы. Қоршаған дүниенің, әлемнің нәрселері, құбылыстары болмыста да, сондай-ақ бейболмыста да болуы мүмкін. (Бейболмысқа әлі

ұрықтанбаған, туылмаған адамдар, жасалмаған нәрселер, бұрын болған, ал қазір жоқ бейболмыстағы адамдар, заттар, қалалар, қоғамдар, өркениеттер, мемлекеттер т.б. жатады).

Парменид (б.з.д. 5-7 ғ.)- «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген, ежелгі грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді. Парменидтің пікірінше, болмыс дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы, бар болуына, өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.

Араб-мұсылман философтары антикалық ойдың Парменид қалыптастырған және Платон, Демокрит, Аристотель толықтырган “Болмыс бар, бейболмыс жоқ” деген негізгі қорытындысын қабылдайды.