Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

шпор

.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
28.24 Кб
Скачать

2. Қатты отын- энергетикалық және химиялық шикізатты сипаттаныздар

Қатты отындар

Ағаш — адамдар бұрыннан қолданатын көне отын. Қазіргі таңда әлемде ағаш өңдеуге немесе биомассаға энергетикалық ормандар қолданады, олар тез өсетін түрлерін алады (теректер, эвкалипт және т.б.). Көп елдерде отын ретінде табиғи балансты ағаштар қолданады, ал олар өз кезегінде орманның жойылуына әкеліп соғады. Ол ағаштар сапа жағынан пиломатериал өндірісіне сәйкес келмейді.

Отынды гранулалар

Отынды гранулалар – ағаш қалдықтардан жасалған пресстелген бұйымдар (үгінді (опилок), жаңқалар,қабық, жіңішке өлшемелі және кондицияланбаған ағаштар, орман дайындау кезіндегі кескін қалдықтар), сабан, ауыл шаруашылық қалдықтар (күнбағыс дәнінің қауызы, жаңғақ қабығы, көң, құс қиы) және басқа да биомассалар. Ағашты отынды гранулалар деп пеллеттер деп атайды, олар диаметрі 8-23 мм және ұзындығы 10-30 мм цилиндрлік немесе сфералық формада болады. Негізінен қазіргі таңда брикеттер мен отынды гранул өндіру тек өте үлкен көлемде шыққанда ғана экономикалық тиімді болып тұр. Отынды гранулалар – биологиялық түрдегі қалдықтар. Олар өңделмеген немесе минималды дәрежедегі жағуға дайындайтын: үгінділер, жаңқа, қабық, қауыз (лузга), қауыз (шелуха), сабан (солома) және т. б.

Энергетикалық орман

Энергетикалық орман – биологиялық шығарынды түрдегі энерго-тасымалдағыштар (басты түрі көң және т.с.с.) үйдің пешінде және жылу электростанциясының қазандығында арзан электр бере отырып брикеттеледі, кептіреді және жағылады.

Ағаш жаңқасы

Ағаш жаңқасы — бір өлшемді жұқа ағашты ұсақтау арқылы немесе орманды алдын ала дайындайтын ағаш шабатын орындардағы қалдықтарды немесе мобильді ағаш жонатын машинада немесе стационарлы ағаш жонатын машинаның көмегімен алынған ағаштан қайта өңделген қалдықтар. Еуропада жаңқаны негізі қуаты 1-ден біршама ондаған мегаватт болатын үлкен жылуэлектрстанцияларында жағады. Қатты отындарға отынды торф пен қатты үй қалдықтары және тағы басқа да жатады.

Химиялық шикізат — химия өндірісінің әр түрлі салаларында қолданылатын табиғи минералдық түзілімдер. Химиялық шикізат табиғатына байланысты минералдық, өсімдік текті, жануар текті, химиялық құрамы бойынша анорганикалық, органикалық және агрегатты, күйіне қарай қатты, сұйық, газ болып бөлінеді. Химиялық шикізатқаапатит, фосфорит, табиғи тұздар, барит, бораттар, пирит (күкірт колчеданы), т.б. жатады. Апатит пен фосфориттен фосфор ұны, суперфосфат, термофосфат, түрлі кешенді тыңайтқыштар, таза фосфор, фосфор қышқылдарының тұздары алынады. Қазақстандағы Қаратау және Ақтөбе фосфорит алаптары ТМД елдерінде елеулі орын алады. Табиғи тұздарға тұз қышқылы және күкірт қышқылының Na, K, Mg тұздары (сулы және сусыз) жатады. Басты минералдары: галит, сильвин, карналлит, т.б. Бұлардан натрий мен хлордың барлық қосылыстары (сода, газ күйіндегі хлор, тұз қышқылы, хлорлы кальций, т.б.), күйдіргіш калий селитрасы, бертоле тұзы, марганец қышқыл калий, цианды калий, бромды калий, иодты калий, ультрамарин, гипосульфит алынады. Бораттар шыны өндірісінде, әр түрлі бор қосылыстарын алуға қолданылады. Табиғи тұздар мен бораттардың мол қоры Қарабұғазкөлде, Каспий және Арал теңіздері төңірегінде, тұзды көлдер мен тұз күмбездерінде жиылған. Қазақстанда бариттің, пириттің, фосфориттің қоры мол.

8.Құрылыс индустрияға арналған шикізаттарды сипаттаныздар

Индустриальды шикізат – табиғи түрде немесе өңдірілген түрде өнеркәсіпте қолдануға жарамды қатты, металды емес пайдалы қазбалар. Индустриальды шикізат металлургия үшін кенсіз шикізатты, техникалық шикізатты және құрылыс индустриясына арналған шикізатты қамтиды (кенсіз құрылыс материалдары). Құрылысқа индустриясына арналған шикізат (табиғи құрылыс материалдары және олардың өндірісіне қажет шикізат) құрылыстық (қабырғалық, жабындық, жолдық, кесек тастық т.б) және өңдегіштік (мәрмәрлі, гранитті, лабродорлар т.б ) тастар, табиғи (қиыршық тас, құм, галька, жұмыр тас, қой тас) және жасанды (борқылдақ) бетон толтырғыштар,тұтқыр материалдар (бос топырақ, балшықтар, гипс,ангидрит және т.б) гидравликалық қосындылар (трассалар, кеуектастар ,диатомиттер, ұсақ кеуекті шөгінді тау жыныстары және т.б), минералды бояулар ( мумия, жоса түсті, күрең түсті бояу және т.б), әйнекті-керамикалық шикізат (кварцты құмдар және құмдауық, кварциттер, далалық шпаттар, пегматиттер, мусковитты граниттер, керамикалық балшықтар, каолиндер және т.б), цементтік шикізат (кенді қорыту материалдары ретінде – әктас, бор, құмды ізбес, саз балшық, балшықты қатпарлы тас, аргиллиттер, қосымша ретінде ангидрит, диатомиттер, ұсақ кеуекті шөгінді тау жыныстары цеолитизирленген құрылыс материалы ретінде қолданылатын тау жынысы немесе өндірістік қалдықтар- күлді шаң тозаң, домналық қоқыс және т.б).Индустриальды шикізат синонимі ретінде “өндірістік минералдар және тау жыныстары” термині қолданылады.

9.Агрономиялық минералдық шикізатты сипаттаныздар

Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

Минералды шикізат, пайдалы қазындылар – табиғи минералдық түзілімдер. Минералды шикізат қатты (кентастар, көмір), сұйық (мұнай, су), газ (табиғи жанғыш және инерттік газдар) күйінде кездеседі, үздіксіз өтетін эндогендік, экзогендік процестер нәтижесінде пайда болады. Магмалық заттар (түрлі құрамды балқымалар, сұйық, газ тәрізді ерітінділер түрінде) жер қыртысының жоғарғы мантиясында не жер беті жыныстарының мүжіліп, шайылып бір орынға жиылуынан қалыптасады. Магма жер қыртысына еніп, суынғанда түрлі құрамды интрузиялар түзіледі. Магмалық кендердің жаралуы осы интрузияларға байланысты. Минералды шикізат шөгінді кендері теңіздердің, көлдердің, өзендердің түбінде жиылады, әр түрлі қабаттар, иірімдер түрінде кездеседі. Қорымды кендер химиялық әрекеттерге берік, бағалы, ауыр металдар мен минералдардың (алтын, платина, алмас, титан, цирконий, торий, қалайы, вольфрам элементтерінің минералдары) жағалаудағы шөгінділерде жиылуынан қалыптасады. Көне және қазіргі үгілу қыртысымен байланысты үгілу кендеріне уран, мыс, таза күкірттің инфильтрациялық кендері, темір, никель, марганец, каолиннің қалдық кендері жатады. Метаморфогендік кендер жоғары температура мен қысым әсерінен түрлі тау жыныстарының өзгеруінен жаралады. Минералды шикізаттардың аталған генетикалық типтері Қазақстанда көп кездеседі. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын игеру комитетінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері (2003 ж.) бойынша әлемдік зерттелген қор жөнінен Қазақстанның алар үлесі мынадай:

алтын – 2,7% (әлемде 8-орында), күміс – 16%, мыс 7,1%, марганец – 30% (2-орын), қорғасын – 22%, мырыш – 15,2%, барит – 47,2% (1-орын), темір – 6%, кобальт – 3,9% (5-орын), хром – 37,6% (8-орын), боксит – 1,4% (10-орын), никель – 1,4% (12-орын).

Минералды шикізат өнімдерін өндіру және алу жөнінен республика хром бойынша екінші орында, титан бойынша – екінші-үшінші, мырыш және қорғасын бойынша – алтыншы, марганец бойынша – сегізінші,  күміс бойынша тоғызыншы орында.

Әлемдік мыс, титан, ферроқорытпа және болат рыноктарында Қазақстанның атқаратын рөлі аз емес, ал Еуразиялық суб­континентте хром бойынша монополист, темір, марганец, алюминий жөнінен өңірлік рынокта (ТМД елдері, бірінші кезекте Ресей) айтарлықтай ықпалы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]