Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

9.Криминалистік қару-жарақтану. Құжаттарды криминалистік зерттеу.

  1. Криминалистік қару-жарақтану ұғымы

  2. Атылатын қару сипаттамасы және іздері

  3. Суық қару және оны қолдану іздерін криминалистикалық зертеу

  4. Криминалистік жарылушы техника

  5. Құжаттарды криминалистік тұрғыда зерттеу

  6. Құжат мазмұнының өзгеру түрі

1.Криминалистік қару-жарақтану – қылмыстық әрекетпен байланысы бар атылатын, суық, газды және басқа қару түрлерін, сонымен қатар оларды қылмыстық әрекетте қолдану және жасау материалдары мен құралдары жайындағы криминалистикалық білім саласы.

Криминалистикалық қару-жарақтану мыналардан тұрады:

  1. атылатын қаруды және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу

  2. жарылушы құралдар мен оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу

  3. суық қару және оларды қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу

Атылатын қару – бұл газды көріністі заттың термикалық энергиясы салдарынан, адамға, жануарға немесе басқа заттарға көздеу әдісімен жүзеге асатын оқпен (картеч, дробь) зиян тигізуге арналған құрал. Қолдану мақсатына, сонымен бірге негізгі параметрлері мен сипатына қарай қару үшке бөлінеді: азаматтық, қызметтік, соғысқа арналған әскери. Атылатын қару сот баллистикасымен зерттелетін құрама белгілер кешеніне ие. Олардың қатарына: жану камерасының стволы

Криминалистика негіздері 42

мен бытыра қуатының жануы, жарылушы және атушы құралдар жатады.

Барлық атылушы механизмдер келесі топтарға бөлінеді: қыздырушы (мылтық аузын зарядтаушы тарихи қару), шүріппелі (1895 жылы жасалған наган жүйесіне жататын револьвер), ұрушы (норвин жүйесіндегі ТТ-Тульский тапаншасы), шүріппе-ұрушы (Макаров тапаншасы, Калашников автоматы), жалындамалы (ППШ, ППС, ППД тапанша-пулеметы), электро жалындаушы (Ле Барон және Дельмас 1866 жылғы және С.Руссель1834 жылғы винтовкалар).

Оқ қарумен атылатын құрал. Оқ негізінде гильзадан құралады. Гильза тұрқы темірлендірілген немесе темірлендірілмеген болады. Гильзада атылатын қару іздері мына жағдайда қалады:

  • оқтау-магазинді иілдіруден, ысырманың алдыңғы сырт қабатынан, оқ салушыдан, ысырманың алдыңғы кескінінен және тастаушысының ілушісінен;

  • ату-ұру салдарынан, оқты ұстаушыдан, оқ салушының қабырғаларынан;

  • атылған гильзаны алу, лақтырушы тесігінен, оқ салушыдан, көрсеткіштен.

Ату іздерін тіркеу үшін бірнеше әдістер мен құралдар қолданылады. Біріншіден, атылған оқты қолдану ізі бар оқиға болған жерді суретке түсіру жүзеге асырылады. Екіншіден, атылатын объектінің бөлшекті өлшеуші суреті дайындалады. Үшіншіден, объектілер қарастырылып, тексеру қорытындысы тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі. Хаттама міндетті түрде объектілерді алу әдісі мен қаптау сипаты көрсетіледі, сондықтан хаттаманың құрылуы іздермен және кезекті жұмыстармен қатар жалғасады. Оқтар мен гильзалар тексеріс алдында бірден алынады, суретке түсіріледі, содан соң бөлек пакеттер мен қораптарға салынады.

Криминалистика негіздері 43

Криминалистика негіздері 47

3.Суық қаруды және оны қолдану іздерін криминалистикалық зерттеу – бұл өз объектілерін ауыстырушы және еске салушы, сонымен бірге оларды қолдану іздерінің қалыптасу заңдылығы зерттелетін; қылмысты ашуда, тергеуде және алдын алуда заттық дәлел ретінде объектілерді тергеу мен зерттеудің әдіс-тәсілдерін жақсарту мәселелері қарастырылатын криминалистикалық қарутанудың бөлімі. Суық қару – бұл конструкцияланған арнайы дайындалған, яғни бұлшық ет күшімен адамға немесе өзге адамдарға, жануарларға жақын жерден қақтығыста дене зақымын келтіруге арналған қару.

Суық қару түрлері:

а) шаншушы суық қарулар: шпага, стилеттер, бәкі, ине шанышқылар және т.б. жатады

ә) шанышқы-кесуші суық қарулар: бір және екі қырлы болып жіктеледі.

б) шауып-кесуші суық қару: қылыштар, балталар, ай балталар

в) шаншушы және шауып кесуші суық қару: қылыш, айбалта, найза, ірі бәкілер.

г) ұрып-майдалаушы қарулар: шоқпар, кастет, нунчактар және т.б.

4. Криминалистік жарылушы техника – бұл жарылғыш заттар, жарылу құралдары, онымен байланысты тұлғалар мен қылмыстық жарылыстарды табу және тергеу бойынша әрекеттерді қамсыздандыру мақсатында объектілер туралы криминалистикалық маңызы бар деректердің пайда болу, алу мен қолдану заңдылығын зерттеуші криминалистиканың бір саласы. Белгілі бір шектеулі көлемдегі үлкен энергияның жылдам босауы немесе қатты қысылған газдардың не будың тез кеңейуінен пайда болатын үлкен жылдамдықтағы механикалық процесті жарылыс деп атайды.

5.Құжаттарды криминалистикалық тұрғыда зерттеу – бұл хаттың, осыдан шыққан кейбір тұлға құралын, құжатты жасау әдістерінің табиғи заңдылықтарын, сонымен бірге қылмысты ашу мен тергеу мақсатындағы тану әдістері мен тәсілдерін

Криминалистика негіздері 48

қарастыратын криминалистикалық техника саласы. Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің екі түрі бар: хатты крирминалистикалық зерттеу және техника криминалистикалық зерттеу.

Хатты криминалистикалық зерттеу объектілері жазбаша сөйлем мен қолжазба болып табылады. Сонымен бірге оны орындаушы авторлар мен олардың құрамы, жынысы, жасы, физиологиялық және профессионалды ерекшеліктері анықталады.

Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеуде оның мазмұны, жасалу материалы, оның мағынасын өзгерту мақсатындағы тиген іздері тексертіледі. Сонымен қатар, идентификациялық және диагностикалық мәселелер шешіледі.

6. Құжаттардың жалған бланкілері көп жағдайда сурет салу немесе клишеден басу арқылы дайындалады.

Құжаттың алғашқы мазмұнын өзгерту фактісін анықтау бұрынғы жазуды тазарту, өңдеу немесе шаю белгілерінің болуына байланысты.

Жалған қол қоюдың келесі тәсілдері жиі кездеседі: бұрын көрген қолды есте сақтап, құжат бойынша жалған қол қою; қойылған шын қолға қарап отырып, оның суретін салу; қолды сиямен не қаламсаппен айналдыра жиектеп көшіру. Көшірме әдісі арқылы жалған қол қоюдың бірнеше тәсілі кездеседі: жарық өткізу арқылы, көшіргі немесе қара қағаз көмегімен; көшіру қасиеті бар бұйымдар көмегімен. Бұдан басқа, адамның қойған қолын ылғалды қара қағазбен де көшіруге болады. Аталған жалған қол қою түрлерінің көп белгілерін құжатты көлбей және шашыраңқы жарықта лупа, микроскоп көмегімен қарап, табуға болады.

Мөр мен мөртабандар – зергерлік жазу шеберханасында немесе полиграфиялық кәсіпорындарда белгілі бір үлгіге сәйкес жасалған клише. Оларды каучуктан немесе темірден жасайды. Тәжірибеде оларды жалған жасаудың бірнеше тәсілдері белгілі: мөрдің суретін құжаттың өзінде салу, қолдан

Криминалистика негіздері 49

жасалған клише көмегімен таңба жасау, тура таңбаны жалған құжатқа көшіру. Аталған белгілер үлкейту құралдарының, транспортир көмегімен құжатты қиғаш түсетін жарықта немесе ультракүлгін сәулесінде қарау кезінде көрінеді.

Егер мөр құжатқа ксерокс арқылы, компьютерді пайдаланып, сканер әдісімен көшірілсе, онда құжаттың жалғандығын оның теріс жағынан байқауға болады. Бұл жағдайда мөр бояуының қағазға сіңуі байқалмайды.

Қылмыс мақсатында құжаттарды зақымдайды немесе жояды. Жыртылған құжаттарды қалпына келтіру үшін, оның бөліктерін қағаздың сапасы, сызықтары, штрих түсі, қол қою және басқа да белгілері бойынша саралап алады. Жанып кеткен құжаттар мәтінінің мазмұнын айқындау мүмкіндігі негізінен, қағаздың құрамымен, мәтінді бояу затымен, жану жылдамдығымен және қызумен анықталады. Мәтінді анықтау үшін рентгент сәулемен суретке түсіру, стероскопия сияқты әдістер қолданылуы мүмкін.