Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

29. Есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты қылмыстарды тергеу әдісі.

  1. Есірткі заттарын және жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыскердің криминалистикалық сипаты.

  2. Анықтауға жататын мән-жайлар.

  3. Қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері.

1. ҚР ҚК-не сәйкес есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарға: жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259 бап), оларды ұрлау немесе қорқытып алу (260), оларды тұтынуға көндіру (261), құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262), есіркі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263), оларды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264) үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген.

Есірткілер - бұл оларды қолданғанда ерекше психиклық жағдайды туғызатын заттар. Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты есіркі заттарын медициналық емес және ғылыми мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған.

Сорадан қолдан жасалынатын есірткі заттарының түрлері: марихуана, гашиш, гашиш майы, какаин, героин.

Криминалистика негіздері 105

Есіркіні алу және өткізудің ең кең тараған түрі – оны әдетте бір рет қолдану үшін кішкене доза ретінде бөлшектеп сату.

Есірткі өткізушілер топ құрамында жұмыс істейді: біреуі есірткіні ұсынады, екінщісі сырттан бақылап тұрады, үшіншісінде есірткі заттары сақталады.

2. Есірткі заттарына байланысты істер бойынша анықтауға жататын мән-жайлар:

- берілген қылмыс түрі жасалды ма, жасалса сезікті тұлғалардың әрекеттері ҚР ҚК-нің қай бабына сәйкес елетінін анықтау;

- қылмыс қайда, қашан және қандай тәсілмен жасалынған;

- белілген қылмысты нақты кім жасаған; егер ол топпен жасалса, топ құрамы қандай, әр қайсысы қандай әрекет жасаған?

- есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды табудың көздері, тасымалдау жолдары мен тәсілдері қандай? Осы құралдар мен заттар қандай бағамен алынып-сатылған;

- заңсыз түрде есірткіні айналымға түсіру қылмысы басқа қылмыстармен байланысқан жоқ па, байланысса қандай қылмыстармен?

- қылмыстың жасалуына ықпал етуші мән-жайлар қандай?

3. Есірткімен байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық іс қозғаудың себептері – полиция қызметкерлерінің аталған қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін фактілерді табуы; азаматтардың ұйымдар мен мекемелердің хаттары мен арыздары; емдеу мекемелерінің мәлімдемелері; басылымдардағы ақпараттар; өз кінәсін мойындап келу.

Берілген дәрежедегі іс бойынша тергеудің бастапқы кезеңіндегі қылмыстың нақты түріне байланысты емес келесі жағдайларды бөлуге болады:

а) заңсыз түрде есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттарды айналымға түсіру қылмыстың біреуінің үстінен тұлғаны ұстау және оның құқық бұзушылығын мойындату.

Криминалистика негіздері 106

Сезіктіні әшкерелейтін дәлелдер жинау үшін тергеушімен жүргізілетін жұмыстар: алынған есірткіні, оларды пайдалануға бейімділігін, сезіктінің киімін қарау, есірткі заттарын немесе жүйкеге әсер ететін заттардың қаптарын сақтау іздерін табу үшін қарау; егер өсіпір шығаруға тиым салынған өсімдіктерді себу немесе есірткілерді пайдалануға арналған орындарды ұйымдастыру мен ұстау деректері анықталса, сәйкес келетін тұрғын бөлімшені немесе алаңды қарау; басқа сезіктілерді ұстау мен жауаптау; сезіктілерді қылмыс іздері мен есірткі заттарын, жүйкеге әсер ететін заттарды алу мақсатында; куәларды, сонымен қатар олардың туыстарын жауаптау; сот-медициналық, химия-фармоцевтік, криминалистикалық және басқа да сараптамаларды тағайындау, жедел-іздестіруші іс-шараларын ұйымдастыру;

ә) есірткілерді заңсыз түрде айналымға салумен байланысты қылмыс белгілері анықталған, бірақ сезікті адам тығылуда. Ондай жағдайларда сезікті, оның байланыстары, басқа адамдар шеңбері, қылмыстың болуымен байланысты адамдар туралы ақпаратты жинау мен анализдеуге бағытталған тергеу әрекеттері мен басқа іс-шаралар жүргізіледі. Бұл жұмыс жедел іздестіруші ақпараттармен тығыз байланысты жүзеге асырылады;

б) қарастырылып отырған дәрежедегі қылмыс белгілері анық, қылмыс істеген сезікті анықталмаған. Мұндай жағдай мекемелердегі, медициналық ұйымдардағы бекітілген есірткі заттары және жүйкеге әсер ететін заттар өндіру, алу, сақтау, есептеу, беру, тасымалдау немесе жіберу ережелерін бұзу деректері анықталғанда немесе құрамында есірткі бар өсімдіктер отырғызылған жерлері, бөлімдері табылса немесе өздеріне белгісіз адамдардан есірткіні алуында пайда болады.

Бірінші жағдайда мыналар қажет: мекемедегі немесе ұйымдағы құрамында есірткі бар артық құралдардың пайда болу механизмін анықтау, дәрілерді қаптау технологиясын анықтау, рецептік бланктер мен жүйкеге әсер ететін заттардың

Криминалистика негіздері 107

есептен шыққан амбулаторлық карталарымен басқа медициналық құжаттарды зерттеп оқу, сезікті тұлғаларға жедел бақылауды бекіту.

Өсіруге тиым салынған өсімдіктер егілген тұрғын жерлерден тыс бөлімдерді табуда, егер егін иесі белгісіз болса, оны анықтау үшін жақында тұратын адамдарға жедел іс-шаралар жүргізіліп, сол жерде бақылаулар ұйымдастырылады.

Егер ұсталынған есірткіні пайдаланушы белгісіз адамнан есірткі алғанын көрсетсе, оны толығымен жауаптау керек және олардың байланысына анықтауға бағытталған жедел іздестіруші іс-шаралар ұйымдастырылады.

30. Жол-көлік оқиғаларды тергеу әдісі.

  1. Жол-көлік оқиғалардың криминалистикалық сипаты

  2. Жол-көлік оқиғалардың түрлері

  3. Анықтауға жататын мән-жайлар

  4. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі жағдайлар мен түрлі тергеу әрекеттері

  5. Сот-жол-көлік сараптамасының шешетін мәселелері

1. Автомобильді, траллейбусты, трамвайды не басқа механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру немесе абайсызда кісі өліміне әкеп соққан әрекеті (296 бап), сондай-ақ көлік құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзған адамның жоғарыда көзделген зардаптар болған жағдайда жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы (297 бап).

Криминалистика негіздері 108

Жол-көлік оқиғалардың криминалистикалық сипаты көбінесе қасақана емес, абайсызда жасалынған қылмыстардың қатарына жататындығы анық. Олардың элементтері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  1. жол-көліктік оқиғаның болу жағдайы;

  2. жол-көліктік оқиғаның болу механизмі;

  3. түрлі материалдарды іздеу;

  4. жол тәртібін бұзған тұлғаны зерттеу;

  5. жол-көліктік оқиғаның негізгі себептері.

2. Жол-көліктік оқиғалар өз механизмі бойынша мыналарға бөлінеді:

  • көлік құралдарының қақтығысы;

  • көлік құралдарының жолаушыны қағуы;

  • көлік құралдарының кедергімен қақтығысуы;

  • көлік құралдарының аударылуы;

  • көлік құралдарынан бөлшектердің бөлініп қалуы.

3. Жол-көліктік оқиғаларды тергеуде анықтауға жататын мән-жайлар қатарына мыналар тиесілі:

  • оқиғаның сипаты (қылмыс, күтпеген оқиға, апат);

  • жол-көліктік оқиғаның уақыты, орны және басқа мән-жайлар;

  • жол қозғалыс тәртіпті бұзушы жүргізушінің кінәсі;

  • жол қозғалысы тәртібінің бұзылу салдарының арасындағы себепті байланыс;

  • жол-көліктік оқиғаның механизмі;

  • жүргізушінің кінәсін жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлардың болуы;

  • залалдың сипаты мен мөлшері;

  • қылмыстың болуына ықпал етуші мән-жайлар.

4. Жол-көліктік оқиғаларды тергеу практикасының қатынасы келесі үш түрлі тергеу жағдайларына бөлінеді:

а) жүргізуші көлік және жәбірленуші оқиға болған жерден табылады немесе егер олар оқиға болған жерде белгілі бір

Криминалистика негіздері 109

себептермен болмаса, олар туралы жеткілікті мәліметтер болуы қажет.

Бұндай жағдай кең таралған және көбінесе көліктердің соқтығысуынан пайда болады. Бұл ақпарат сипаты белгілі бір шарада тергеу әрекеттерінің түрі мен ретін келесі жағдайларды шешу бойынша анықтайды: оқиға болған жерді қарау; көрген куәгерлерді, жәбірленушіні, жүргізушіні жауаптау, жүргізуші мен жәбірленушіні куәгерлендіру, сот-медициналық сараптаманы тағайындау;

ә) жәбірленуші оқиға болған жерде, ал жүргізуші мен көлік жоқ және олар туралы толық мәлімет жоқ..

Бұл жағдайда уақыт оқиға болған жер, оның салалары туралы мәліметтің болуымен сипатталады. Оған келесі тергеу әрекеттері тән: оқиға болған жерді қарау, куәгерлерді және жәбірленушіні жауаптау, сот сараптамаларын тағайындау, тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру;

б) оқиға болаған жерде жәбірленуші мен көлік бар, ал жүргізушісі жоқ..

Мұнда уақыт, оқиға болған жер, салдары және көлік белгілі. Оқиға болған жерді қараумен, жәбірленуші мен куәларды жауаптаудан басқа жүргізушіні ұстағаннан кейін, өтірік алибиді тексеру қажетті мүмкіндігі тууынан сот сараптамасын тағайындау және тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру.

5. Сот-жол-көлік сараптамасы шешетін мәселелердің тізімі:

  1. көлікте қандай зақымдар бар және олар ненің салдарынан қалыптасқан;

  2. көлікте қандай жөнделмейтін жерлер бар, оның түсу себебі мен ескілігі;

  3. оқиғаның алдында көлік қандай жылдамдықта қозғалған;

  4. оқиғаны болдыртпайтын техникалық мүмкіндік болды ма;

Криминалистика негіздері 110

  1. оқиғаның техникалық себебі қандай?