Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

17. Таныту үшін көрсету тактикасы. Сараптама жүргізу және оның мәні.

  1. Танытуға көрсету түсінігі және түрлері

  2. Таныту үшін көрсетуді дайындау және жүргізу

  3. Жеке объектілерді тану үшін көрсетудің ерекшеліктері

  4. Сот сараптамасын тағайындау жәнежүргізу тактикасы.

1.Танытуға көрсету дегеніміз – ол жәбірленушіге, куәгерге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету арқылы, осы объектіні оның бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер көрген болса қашан және қандай жағдайда көргендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитындығын айырып, шешу үшін жүргізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Криминалистика негіздері 74

Танытуға көрсетілген объектілер қатарына жататындар: адамдар, өлік, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жер де көрсетілуі мүмкін.

2.Дайындық жұмыстарының ең бір күрделісі – көрсетілетін объектіге ұқсас объектілер табу. Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде бұған белгілі бір мамандарды қатыстыруға тура келеді. Айталық өліктің кім екенін таныту үшін оны көрсетуге тура келсе, сот медицина саласындағы маманды, ол объектіні танушы жасы жетпеген куәгер жас бала болса, педагогты қатыстыру керек.

Дайындық үстінде тергеуші керек құрал-саймандарды, ғылыми-техникалық құралдарды әзірлеп алуы керек. Суретке не кинотаспаға түсіру керек болса фото-кинобейне аппаратын дайындап, оны қолданып, түсіретін адамдарды дайындау қажет.

3.Адамды тану үшін көрсету танушы тұлға онымен таныс емес, бірақ тани алатын болғанда немесе құжаты жоқ адамның не құжаттарлы күдік тудырған адамның тұлғасын анықтау қажет болғанда жүргізіледі.

Тергеуші тергеу әрекетіне қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін және тергеу әрекетінің мақсатын түсіндіргеннен кейін танылуға тиіс адамға көрсетілетін субъектілердің арасынан кез келген орынды таңдап алу ұсынылады. Сосын танушы тұлға шақырылып, оған да оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Көрсетілетін субъектілерді толығырақ қабылдау үшін тергеуші оларға тұруды, бұрылуды, жүріп, отыруды ұсына алады. Содан кейін танушы тұлғадан кімді танығанын, ал таныса, қандай белгілері бойынша танығанын сұрайды. Аталған белгілер хаттамада көрсетіледі және техникалық құралдармен бекітіледі. Тану аяқталған соң көрсетілген топты суретке түсіреді және танылған тұлғаны сигналетикалық фотосурет ережелері бойынша жеке суретке түсірген жөн.

Криминалистика негіздері 75

Дауыс бойынша тану барысында танушы тұлға танылуға тиіс адамдарды көрмейді, бірақ дауыстарын естиді. Ол үшін олар куәгерлермен бірге іргелес бөлмеде отырып, шарттасқан сөйлемдерін айтады. Содан соң тануға қатыстырылған бүкіл тұлғалар кім қай кезекте белгілі сөздерді айтқанын және кім танылғанын нақтылау үшін жиналады.

Мәйітті тану үшін көрсету оның жеке тұлғасын анықтау үшін жүргізіледі. Тану орны ретінде мәйітхананы таңдаған жөн, өйткені таныту алдында мәйіт бетін арнайы өңдеу қажет болады.

Тану үшін заттар мен құжаттарды көрсету жоғарыда аталған жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Зат кемінде 2 біртектес затпен бірге көрсетіледі. Қолдан жазылған және басылған құжаттарды тану үшін біртектес құжаттар арасында көрсетіледі. Танушы тұлға өзіне таныс қолжазуды анықтайды.

Жануарды тану үшін көрсету оларды ұрлау туралы іс бойынша, сонымен қатар олардың иесін анықтау үшін жүргізу қажет.

Тану үшін көрсетуді бекітудің негізгі тәсілі – хаттамалау. Хаттама кіріспе, негізгі, қорытынды үш бөлімнен тұрады. Фотосуреттер мен магнитті таспалар және бейнекасеталар нөмірленіп хаттамаға қосымша ретінде тіркеледі.

4. Экспертиза деген термин латын тіліндегі «expertus», яғни білгір, арнайы білім, тәжірибе деген сөзден туындайды. Экспертиза – қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды, нақты деректер мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің тапсырмасы мен заттай айғақтарды және материалдарды зерттеуге эксперт қатыстырылатын іс жүргізу әрекеті.

Экспертизаның объектісі – қылмыстық іске қатысы бар, арнаулы білім арқылы зерттелуге тиісті фактілер, оқиғалар, заттар.

Криминалистика негіздері 76

Сараптаманың келесі түрлерін бөлуге болады: криминалистикалық, сот-медициналық, сот психиатриялық, сот бухгалтерлік, сот техникалық, сот экономикалық, негізгі және қосымша, біртекті және кешенді, бір кісілі және комиссиялы, сарапшы мекемесінде және сарапшы мекемесінен тыс.

Сараптаманы тағайындау келесі бөлімдерден тұрады:

  • сарапшының зерттеу объектілерін сараптамаға жіберуге жинау, таңдау, сақтау және дайындау;

  • сараптамалық мекемені немесе сарапшыны таңдау;

  • сараптаманы тағайындау туралы қаулы шығару, онымен айыпкердің танысуы, осы кезде пайда болған мән-жайларды шешу, қаулыны жіберу сараптамалық мекемеге немесе сарапшыға оны бағыттау. Қажетті жағдайда сарапшыға қылмыстық іс бағытталуы мүмкін.