Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

«Криминалистика негіздері»

«Құқықтану» мамандығы бойынша студенттерге арналған дәрістер жинағы

Алматы 2011 ж.

Пікір жазған: саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент -

Жазыбаев Дулат Мұсабалаұлы

Құрастырған: Алматы қаласы Заң колледжінің

1-санаттағы оқытушысы

Құлбекова Ақтолқын Ермекқызы

Алматы қаласы Заң колледжінің

оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген

Хаттама № _____

«____»________2011

ОӘК төрайымы

Бұл студенттерге арналған дәрістер жинағында олардың құқық қорғау органдары жұмысына қажетті теориялық білім алу мен тәжірибелік дағдыны үйренуін қамтамсыз етуін көздейтін материалдар жиынтығы, тәжірибелік сабақтар және өзіндік дайындық үшін тапсырмалардың нұсқалары берілген. .

Криминалистика негіздері 2

1.Криминалистика пәні, міндеттері және жүйесі.

  1. Криминалистика ұғымы

  2. Криминалистика пәні

  3. Криминалистика мақсаты

  4. Криминалистиканың негізгі міндеттері

  5. Криминалистика жүйесі

  6. Криминалистиканың қағидалары

1. Криминалистика – қылмыс механизмінің заңдылығы, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және болғызбау әдіс-тәсілдерінің танымына негізделген заңдылықтарына бағытталған ғылым.

2. Криминалистика пәні қылмысты сапалы тергеу мен болдырмау үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып табылады. Криминалистиканың пәнімен заңдылықтардың 3 тобы қамтылады:

1. Қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың пайда болу және даму заңдылықтары.

2. Қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы мен әдіс-тәсілдерінің байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты жағдайларға тәуелділігі және т.б.

3. Тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және өтпелі жағдай заңдылықтары, қылмысты жасауға жасырын дайындық, құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол сұғушылық пәнін зерттеу және т.б.

3.Криминалистика мақсаты: а) Криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективті заңдылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке теориясын, қылмысты ашу,

Криминалистика негіздері 3

тергеу және болғызбау бойынша құралдарды, әдістер мен ұсыныстарды қайталап қарау базасы ретінде дамыту.

ә) Техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды пайдалану арқылы қылмысты тергеуді техника-криминалистикалық қамсыздандыру мақсатында қарастырып, дамыту.

б) Алдын ала және соттық тергеудің ұйымдастырылуы, тактикалық және әдістемелік негіздерін құрастыру және қатыстыру.

в) Қылмысты алдын алудың криминалистикалық тәсілдері мен әдістерін қарастыру, осы мақсаттарды тергеу және сот практикасын зерттеу және қалыптастыру.

г) Шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту және оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалану.

4. Криминалистикалық ғылыми зерттеулердің негізгі 3 түрлі қызметі реттеледі:

- таным қызметі;

- құрамалы қызметі – практикалық із танудағы құралдарды дамыту және жетілдіру;

- криминалистикалық зерттеу қорытындыларын тәжірибеге енгізу қызметі.

5.Криминалистика жүйесі басқа да кез келген ғылым жүйесі сияқты өзара байланысты тараулар мен бөлімдерден тұратын біртұтас кешен болып табылады. Криминалистика жүйесі ғылым ретінде 4 бөлімнен құралған:

1. Қылмыстың жалпы теориясы;

2. Криминалистикалық техника;

3. Криминалистік тактика;

4. Криминалистік методика

Криминалистика негіздері 4

Криминалистиканың жалпы теориясы криминалисмтика пәнінің әдістемелік негізі, оның ісші және сыртқы дүниетаным қағидаларының, теориялық

тұжырымдамаларының, ұғымдарының, әдістерінің, терминдер анықтамаларының жүйесі.

Криминалистік техника бөлімінде заттай дәлелдемелерді және іске қатысты деректерді іздеп табуға, бекітуге, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістерді, қолданылатын қажетті техникалық құралдарды қарастырады.

Криминалистік тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді де нәтижелі әдістерді, оларды қолдану қағидаларын қарастырады.

Криминалистік методика – бұл бөлімде жеке ылмыстар бойынша жүргізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі, себебі әрбір қылмыс түрін тергеудің өзіндік ерекшеліктері бар.

Крминалистика жүйесінің барлық бөлімдері бір-бірімен өте тығыз байланыста. Криминалистиканың жалпы теориясы бүкіл осы ғылымның әдістемелік негізі болып табылады. Криминалистикалық техниканың мүмкіншіліктері әртүрлі тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылады. Ал жеке криминалистік әзірлемелерді жасағанда техникалық-криминалистикалық құралдар мен әдістерді және тергеу әрекетерін жүргізудің тактикалық тәсілдерін пайдалану ерекшеліктері ескеріледі.

6.Криминалистиканың қағидалары негізінен мына көрсетілген үш бағытта болады:

  • Шынайылық қағидасы, ол криминалистік ғылыми зерттеулердің қандай да болмасын саяси көзқарастан, ой-ұғымынан тәелсіздігі, шынайы өмірдегі заңдылықтар мен құбылыстардың мүмкіндігінше дәлме-дәл бейнелеуін көрсетуіне негізделуі қажет;

Криминалистика негіздері 5

  • Тарихтық қағидасы, яғни криминалистика пәнінің мазмұнын, қызметін және байланыстарын басқа ғылымдармен динамикалық қарым-қатынаста ұстап, олардың пайда болуымен және өзгерістерімен ұштастырылып отыруы керек;

  • Ғылымның үйелілік қағидасы бойынша криминалистиканың жеке бөлімдерінде оқытылатын құбылыстар мен фактілер бір бүтіннің бөліктері ретінде өзара байланысты да тәуелді түрде қарастырылуы қажет.