Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

18.Қылмыстың жеке түрлерін тергеу әдістемесі Криминалистік әдістемесінің жалпы ережелері.

  1. Криминалистік әдістеменің түсінігі

  2. Криминалистік әдістеменің мақсаттары

  3. Криминалистік әдістеменің бастаулары

  4. Криминалистік әдістеме жүйесі.

  1. Криминалистік әдістеме дегеніміз – ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алу, тергеу, ашу және

Криминалистика негіздері 77

ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар. Криминалистиканың жалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары қылмыс түрлерін тергеуде қолданылады, яғни криминалистік техника және тактика ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.

Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекелеген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика ұсыныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.

Криминалистік әдістеменің негізінде әрбір қылмыс өзіне тән жеке ерекшеліктерімен белгіленетіні туралы ереже жатыр, бірақ бұл жекелік қылмыстың ортақ белгілерін жоққа шығармайды, керісінше бір түрдегі қылмыстардың жалпы белгілерін белгілейді. Криминалистік әдістеме тергеу үшін қылмыстың бір түрлілігін анықтайды.

2.Криминалистік әдістеменің мақсаттары:

а) Жалпы мақсаты – құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу;

ә) Арнайы мақсаттары:

    1. қылмыстың ерекшелігін оның бөлік түрін криминалистік аспектіде үйрену;

    2. әр түрлі қылмыстарды жедел тергеу және алдын алуды жалпылау және үйрену;

    3. қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдын алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау.

3.Криминалистік әдістеменің қайнар көздері:

- Құқық – ҚР-ның Конституциясы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері;

- Ғылым – криминалистиканың өзі, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминология, сот психологиясы, сот медицинасы ғылымдары және т.б. ғылымдар;

Криминалистика негіздері 78

- Жедел тергеу, ашу және алдын алу тәжірибесі.

Криминалистік әдістеме қағидалары мыналар:

  • Қылмыстарды тергеудің заңдылығын қамтамассыз ету;

  • Жеке криминалистік әдістеме құрылымында сатылардың болуы;

  • Жеке криминалистік әдістемелердің құрылымдық бірлігі;

  • Қылмысты тергеуге қатысты тұлғалардың және басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету.

4.Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады:

1. криминалистік әдістеменің жалпы ережелері

2. қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелері.

Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері – ол осы бөлімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары, яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып табылады.

Олар мынадай элементтерден тұрады:

  • криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің ұғымы, мазмұны және жүйесі;

  • криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы және дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары;

  • жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы.