Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

24. Бөтен мүлікті өз иелігіне өткізуді немесе жұмсап жіберу барысындағы тергеу әдістемесі.

  1. Өз иелігіне өткізудің немесе жұмсаудың ұғымы мен пәні

  2. Анықтауға жататын жағдайлар

  3. Бөтен мүлікті иеленудің немесе жұмсаудың тәсілдері

  4. Бастапқы тергеу барысындағы түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері

Криминалистика негіздері 90

1.Иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау (ҚР ҚК – 176 бап). Берілген қылмыс құрамы кінәлінің атқарған қызметіне сеніммен қалдырылған мүлікті жауаптылықпен қарастырылған.

Көбінесе қылмыстық жолмен иеленудің құралына ақша қаражаттары, сондай-ақ шетел валюталары, чек кітапшалары, несие карточкалары, облегациялар, акциялар, сертификаттар жатады.

2. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша келесі мән-жайлар анықталады:

  1. бөтен мүлікті иелену дерегінің орнының болуы;

  2. иелену тәсілі;

  3. әр эпизоттың уақыты, орны және басқа жағдайлары;

  4. айыпкердің (айыпкерлердің) кінәлілігі;

  5. иеленген материалдың залал сипаты мен мөлшері;

  6. иеленуге қатысушылардың әрқайсысының тұлғалары;

  7. жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар;

  8. бөтен мүлікті иеленуге себепші мән-жайлар.

3. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау тәсілдері:

а) банк саласында:

  • ұрлау мақсатында алынған жасанды құрылтайшылар және бухгалтерлік құжаттарды, кепіл хаттарды, кепілдік және сақтау құжаттарын қолдану арқылы кредитке иелену;

  • жасанды және бағалы қағаздар арқылы алынған ақша қаражаттарын иелену: кредиттік авизо, есептелуші шектер, мемориалды ордерлер, векселдер, депозитті сертификаттар;

  • бөтен немесе жасанды пластикті кредит карточкаларын пайдалану арқылы ақшаны жымқыру;

  • банкті компьютерлік торларды қолдану мен ақша қаражаттарын аудару және иелену;

Криминалистика негіздері 91

ә) жекешелендіру ісінде:

  • жекешеленетін мекеменің болашақта жеке меншікке немесе акционерлікке аударудағы баланстың құнын түсіру;

  • бекітілген тәртіпті бұзу арқылы жекешелендіруді жүргізу;

  • жасанды немесе заңсыз жазылған жекешелендіру шектерін, оларды айналымға қайта енгізуді пайдалану;

  • халық қорына жекешелендірілетін мекеменің интеллектуалдық меншігін немесе басқа материалды емес активтерді көтерілген баға бойынша қосуы;

  • акционерлер құрамына «өлі жандарды» немесе жекешелендіруге қатысуға құқық қабілеті жоқ тұлғаларды қосу есебімен акцияның бақылаушы пакетіне иелену;

б) көтерме және бөлшекті саудада:

  • шыққан шығын немесе бүлінген тауар деп қосып жазып заңсыз жолмен есептен шығару;

  • тауарды кассасыз пайда табуды иеленумен тасымалдау;

  • тасымалданған тауар құжатын жою;

  • тонауға алдын ала дайындалып, тауарды жарамсыз деп сорттау арқылы жымқыру;

  • сатып алып, сату келісім шарты бойынша қосымша төлем ретінде алынған аванс қаражаттарын жұмсау;

  • өндірілмеген жарнамалардың, маркетингтік, көліктік, жөндеу және басқа жұмыстарына бөлінген ақша қаражаттарын өз иелігіне өткізуге негізделген есептен шығару.

4. Бөтен мүлікті иелену немесе жұмсау туралы істер бойынша тергеудің бастапқы этабында пайда болған екі жағдайды бөлуге болады:

а) Іс жедел іздестіру іс-шараларының салдарында пайда болады, тергеудің жүруіне қызығушы тұлғалар істің қозғалғанын білмейді.

Криминалистика негіздері 92

Бұл жағдайда мынадай тергеу әрекеттері сипатталады: орнында ұстау, ұсталынғандардың өзіндік тінтулері, олардың жұмыс орындары мен тұрғын жерлерін тінту, мүлікті қамауға алу, сезіктілерді жауаптау, құжаттарды, заттарды алу мен қарау, алаң мен құралдарды қарау, куәларды жауаптау, инвентаризация мен ревизияны ұйымдастыру, тану органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру;

ә) қызығушы тұлғаларға белгілі тергеуге дейінгі тексеруді өткізгеннен соң істің қозғалуы.

Бұл жағдайда келесі әрекеттер сипатталады: қулықпен пайда табуға жауапты тұлғаларды жауаптау, құжаттарды, заттарды алу және қарау, алаң мен құрылыстарды қарау, куәгерлерді жауаптау, қажетті жағдайда – сезіктілерді ұстау, мүлікті іздестіру және тіркеу, беттестіруді жүргізу, тану органдарына жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді тапсыру.