Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Кристаллизация жне балу Лекция 3

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
31.17 Кб
Скачать

Дәріс №3

Тақырыбы: Кристаллизация және балқу процестері. Зат кристаллизациясы. Таза металл кристаллизациясы. Кристаллизация температурасы.

1. Бір агрегаттық күйден екінші күйге ауысу болады, егер:

А) жаңа күй әлдеқайда тұрақты, аз энергия қорына ие;

Б) жаңа күй әлсіз тұрақтылыққа ие;

В) жаңа күй әлсіз тұрақты, аз энергия қорына ие;

Г) жаңа күй әлдеқайда тұрақты, көп энергия қорына ие;

Д) жаңа күй көп энергия қорына ие.

2. Тепе тең температурадан төмен сұйықты салқындату кристаллизациясы қалай аталады:

А) балқу;

Б) салқындау;

В) қыздыру;

Г) тоңазыту;

Д) кристаллизация.

3. Тоңазыту дәрежесі металлдың табиғатына, ластану дәрежесіне, салқындау жылдамдылығына тәуелді.

А) металл таза болған сайын тоңазыту дәрежесі жоғары, салқындату жылдамдығы жоғары болған сайын тоңазыту дәрежесі жоғары;

Б) металл таза болған сайын тоңазыту дәрежесі төмен, салқындату жылдамдығы жоғары болған сайын тоңазыту дәрежесі жоғары;

В) металл таза болған сайын тоңазыту дәрежесі төмен, салқындату жылдамдығы жоғары болған сайын тоңазыту дәрежесі төмен;

Г) металл таза болған сайын тоңазыту дәрежесі жоғары, салқындату жылдамдығы төмен болған сайын тоңазыту дәрежесі жоғары;

Д) металл таза болған сайын тоңазыту дәрежесі төмен, салқындату жылдамдығы төмен болған сайын тоңазыту дәрежесі жоғары.

4. Сұйық фазадағы кристаллдық тор аумағының пайда болу процесі және пайда болған кристалдың өсуі – бұл:

А) салқындау;

Б) тоңазыту;

В) кристаллизация;

Г) транскристаллизация;

Д) қыздыру.

5. Кристаллизация орталары пайда болады:

А) соңқы фазада бір-біріне тәуелді, әр түрлі жерлерде;

Б) бастапқы фазада, бір-бірінен тәуелсіз, әр түрлі жерлерде;

В) бастапқы фазада бір-біріне тәуелді, әр түрлі жерлерде;

Г) соңқы фазада бір-бірінен тәуелсіз, бір жерде;

Д) бастапқы фазада бір-бірінен тәуелсіз, бір жерде.

6. Кристаллизация температурасында пайда болған кристаллизация орталары мен кристалдың өсу жылдамдылығының қатынасы неге тәуелді:

А) пайда болған кристалл көлеміне;

Б) пайда болған кристалл мөлшеріне;

В) пайда болған кристалл ұзындығына;

Г) пайда болған кристалл еніне;

Д) пайда болған кристалл ауданына.

7. Кристаллизацияның тепе-тең температурасына ТS кезінде не жүреді?

А) кристаллизация процесі жүреді;

Б) кристаллизация процессі жүрмейді;

В) кристаллизация орта саны өседі;

Г) кристаллизация орта өсуінің жылдамдығы ұлғаяды;

Д) салқындау жүреді.

8. Усақтүйірлі құрылым алу шарты:

А) кристаллизация ортасының ең минималды саны мен кристалл өсуінің аз жылдамдығы;

Б) кристаллизация ортасының ең максималды саны мен кристалл өсуінің көп жылдамдығы;

В) кристаллизация ортасының ең максималды саны мен кристалл өсуінің аз жылдамдығы;

Г) кристаллизация ортасының ең минималды саны мен кристалл өсуінің көп жылдамдығы;

Д) дұрыс жауап жоқ.

9. Аморфты дене қалай пайда болады?

А) егер металлды қатты салқындатса, сұйық кристалданбайды;

Б) егер металлды қатты қыздырса;

В) егер орта саны мен кристалл өсу жылдамдығы ұлғайса;

Г) кристаллизация процесінде;

Д) дұрыс жауап жоқ.

10. Егер тоңазыту дәрежесі улкен болмаса, онда өсу жылдамдығы орта санынан басым болып, нәтижесінде пайда болады:

А) ұсақ түйірлі құрылым пайда болады;

Б) орта түйірлі құрылым пайда болады;

В) ірі түйірлі құрылым пайда болады;

Г) ештеңе пайда болмайды;

Д) дұрыс жауап жоқ.

11. Қатты кристалдық денеден сұйық күйге ауысу процесі – бұл:

А) кристаллизация;

Б) транскристаллизация;

В) балқу;

Г) тоңазыту;

Д) дұрыс жауап жоқ.

12. Балқыту кезінде денеге жақындатқанда жылумен не болады:

А) зат бөлшектерінің арасындағы байланысты азайтуға жұмсалады, яғни кристалдық торды бұзуға;

Б) зат бөлшектерінің арасындағы байланысты ұлғайтуға жұмсалады;

В) кристалдық торты қайта қалпына келтіруге жұмсалады;

Г) зат бөлшектері арасындағы байланысты аазайтуға жұмсалады, яғни кристалдық торды құруға;

Д) дұрыс жауап жоқ.

13. Балқу процесі кезінде денеге кейбір жылу мөлшері беріледі, ол:

А) кристаллизация жылуы;

Б) балқу жылуы;

В) жасырын кристаллизация жылуы;

Г) жасырын балқу жылуы;

Д) дұрыс жауап жоқ.

14. Сұйық металдың сәйкес температурасының азайуы кезінде кристалдар пайда болады, ол ....... аталады:

А) кристаллизация ортасы немесе ұрық;

Б) балқу ортасы;

В) транскристаллизация ортасы;

Г) тоңазыту ортасы;

Д) дұрыс жауап жоқ.

15. Ұрықтың көбеюіне қажет шарт:

А) металлдың еркіндік энергиясының азаюы керек;

Б) металлдың еркіндік энергиясы көбеюі керек;

В) температураның жоғарылауы;

Г) температураның кемуі;

Д) температураның төмендеуі мен металлдың еркіндік энергиясының азаюы.

16. Егер металлдың еркіндік энергиясын жоғарылатса, ұрыққа қалай әсер етеді?

А) олардың көлемі өседі;

Б) ұрық ериді;

В) ұрық саны кемиді;

Г) ұрық өседі;

Д) дұрыс жауап жоқ.

17. Критикалық өлшем деп нені атайды?

А) ұрық өсуінің минималды өлшемі;

Б) ұрық өсуінің максималды өлшемі;

В) ұрық өсуінің қабілетсіз минималды өлшемі;

Г) дұрыс жауап жоқ;

Д) ұрық өсуінің қабілетсіз өлшемі.

18. Жасырын кристаллизация өлшемі дегеніміз не?

А) таза металл кристаллизациясының бірінші аумағында бөлінген жылу;

Б) таза металл кристаллизациясының екінші аумағында бөлінген жылу;

В) таза металл кристаллизациясының үшінші аумағында бөлінген жылу;

Г) таза металл кристаллизациясының бірінші және екінші аумағында бөлінген жылу;

Д) дұрыс жауап жоқ.

19. Келесі қисықты түсіндір:

Ттеор – теориялық кристаллизация температурасы

Ткр – нақты кристаллизация температурасы

Жауабы: таза металл кристаллизация процесі. Металл сұйық күйде 1 нүктеге дейін салқындайды, процесс барысында балқу температурасының төмендеуі байқалады. 1-2 аумағында крисатллизация жүруде, осы кезде жылу бөлінеді, оны жасырын кристаллизация жылуы деп атаймыз. Ол кеңістіктегі жылудың таралуын теңдестіреді, сол себептен температура тұрақты болады.Кристаллизация біткеннен кейін 2 нүктеде температура қайтадан төмендейді, металл қатты күйде салқындайды.

20. Келесі суретті түсіндір.

Қатты және сұйық күйдегі еркіндік энергиясының өзгеруі кезіндегі температура өзгерісі.

Жауабы: осы схемаға сәйкесінше ТS температурасынан жоғары зат сұйық күйде, ТS төмен – қатты күйде болуы керек. ТS тең температурасында сұйық және қатты фаза тең энергияға ие болады, металл екі күйдеде тең болады, сол себептен екі фаза бір уақытта шексіз ұзақ өмір сүре алады. ТS температурасы – кристаллизацияның теориялық немесе тепе-тең температурасы.