Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

16.Жауап алу және беттестіру тактикасы

  1. Жауап алу, оның түсінігі

  2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары

Жауаптың қалыптасу кезеңдері және жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер

  1. Беттестіру тактикасы.

1. Жауап алу – бұл істі дұрыс шешу үшін маңызды куәгерлердің, жәбірленушілердің, сезіктілердің және айыпкерлердің білетін деректі жауап ретінде белгіленген іс жүргізу тәртібімен алынатын іс жүргізу әрекеті.

Жауап алғанда қылмысты оқиғаға қатысты мынадай мәліметтер:

  • қылмыстың болған уақыты;

  • оның орны;

  • амал-әдісі;

  • қылмысты кімдердің жасағаны;

  • оған қанша адам қатысқаны;

Криминалистика негіздері 71

  • істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері;

  • қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады.

Қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді. Жауап алудың мұндай аралық түрінің қылмысты оқиғаға тікелей қатынасы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстауда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар.

2.Жауап алуға дайындық үстінде адамның мінез-құлқы, моральдық және интелектуальдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, қандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн. Жауапты қай уақытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Кей жағдайда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйінде не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәгерден жауап алғанда педагог, дәрігер не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәгердің ата-анасы да қатысады. Кәмелетке толмағандардан жауап алғанда олардың үйреншікті жерлерінен барып алған жөн. Мысалы, үйінде, оқу орнында, мектебінде. Себебі олады тергеу бөліміне шақырып жауап алатын болса, олар қорқып, сасқалақтап немесе тағы басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады.

3. Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең – оқиғаның не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту). Екінші кезең – осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау. Үшінші кезең – осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.

Криминалистика негіздері 72

Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де әр адамда әр түрлі. Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Мысалы адамның мінез-құлқы төрт темпераментке бөлінеді. Осы төрт темпераменттегі адамдар бір қылмыстық оқиға бойынша әр қайсысы әр түрлі жауап береді. Тергеушінің осы жағдайды ескергені жөн және оларға қалай сұрақ қою керектігін білуі керек.

Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ адам, ал жалған жауап беріп, істің кейбір мән-жайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады. Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әдістер қолданылады. Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуіне бағытталады.

Жауап кідіртпей жауап алу жағдайларын қоспағанда күндізгі уақытта алынады. Бір күнгі жауап алу ұзақтығы ересектерге сегіз сағаттан аспауы керек. Төрт сағат үздіксіз жауап алынады, содан соң бір сағат қажеттіліктер үшін уақыт беріліп, тағы үздіксіз төрт сағатқа созылады. Ал кәмелетке толмағандардан дәл осы тәртіппен күніне төрт сағаттан артық емес уақыт жауап алынады. Бірақ тергеуші кәмелетке толмағанның шаршағанын байқаса, бұл уақыт өтпей-ақ жауап алуды тоқтатады. Ал ауруханада жатқан жауапкерден жауап алу уақытын оны емдеуші дәрігері белгілейді.

4.Беттестіріп жауап алу дегеніміз – бұрын жауап алынған екі адамды бірге отырғызып, бір мезгілде екеуінен қатар, қайталап жауап алу.

Криминалистика негіздері 73

Беттестіруді өткізуге дайындық кезінде тергеуші мынадай мәселелерді шешіп алуы тиіс:

- Беттестіру үстінде қандай қайшылықтарды шешу керек?

- Беттестіруге қатысып отырған адамдарға қандай сұрақтар қою керек?

- Беттестіруге қатысатын адамдардан қандай кезекпен жауап алу керек?

Беттестіру үстінде берген жауаптарды тергеуші хаттамаға жазып бекітеді.

Егер айыпкер (сезікті) өзін батыл ұстап, оны әшкерелеп отырған куәгерді (жәбірленушіні) қорқытса, ондай әрекеттерді уақытында тоқтату шараларын қолдану қажет, ал ол болмағанда, хаттамада себебін көрсетіп, беттестіруді тоқтатқан жөн.