Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

20. Алибиді зерттеу әдісі

              1. Алиби ұғымы мен мазмұны

              2. Алибиді зерттеу ерекшеліктері

              3. Алибиді зерттеудегі жалпы типтік көзқарастар

              4. Алибиді зерттеу этаптары

1. Алиби – бұл қылмыс істелген сәтте айыпкер немесе сезікті ол жерде болмай, басқа бір жерде болуы, яғни оның бұл қылмысқа қатысы жоқтығының дәлелі.

Алибиде негізгі үш элемент бар:

  1. қылмыстық іс бойынша зерттелетін жер;

  2. берілген қылмыстың жасалу уақыты;

  3. өз алибиін айтқан адамның сол мезгілдегі орны.

2.Алибиді зерттеу барысында анықталатын мән-жайлар:

  1. өз алибиі туралы айтқан адам қылмыс жасалынған кезде қайда болғаны және сол уақытта немен айналысқаны;

  2. қайдан, кіммен, қандай мақсатта онда барғаны қашан, кіммен, немен байланысқаны, қай уақытта ол жерден кеткені, қай уақыт мерзімінде сол орында болғаны;

  3. ол жерден кімді көргені, қандай жағдайда, оны кім көргені, кіммен қатысқа түскені, сол орында болғандардың әрекеті;

  4. оның болуы қандай табиғи климаттық құбылыста ( ауа райының жағдайы) өтуі мен оның шегінде болған әлеуметтік сипаттағы жағдайда болған орны;

  5. берілген орында, берілген уақытта көзімен көрген адамдардан басқа онда барғаны және қандай жағдайда оның болуы кімге белгілі екенін көрген кісілерді анықтау;

  6. зерттелуші алиби дерегі қандай түсіруші тасымалдаушы құралдармен анықталуы мүмкін;

  7. жағдайдың, мүмкіндігің бола тұрып, алиби жайында айта алмауыңның себебі неде?

Криминалистика негіздері 83

  1. қылмысты тергеуді жүргізу уақытында арызданушы өзінің болған жерінде қандай киімде, аяқ киімде болғаны, сол жерден қандай заттармен, киіммен, аяқ киіммен кеткені.

3.Алибиді зерттеуде жалпы типтік көзқарас ретінде келесілер тексеріледі:

- шындық алиби (орны бар)

- ойдан шығарылған алиби, яғни жалған

4.Алибиді зерттеу әрекеті келесі схема бойынша жүзеге асады:

а) Алибиді айтушыны қылмыс болған уақытта және оқиға болған жерде оның қайдан келгені туралы жауаптауды жүргізу мына жолмен іске асады. (оның естігені, көргені, білгені толық тексеріліп, оның қатысуымен және қатысуынсыз болған оқиғаны және оның даму тәсілі мен механизмі көрініс алатын құжаттар немесе өзге объектілер);

ә) Жауапталушы тұлғаның болған жағдайдағы оқиғаның субъективті ойшыл моделін көрсетуі бойынша құрылуы, тексеруге қажетті оның шындығын шығару мен зерттеу;

б) Осы негізде тексеру мен оны жүзеге асыру жоспарын жасау;

в) Жасалынған жұмыс қорытындысынан шығатын сқрақтар бойынша өз алибиін айтушы тұлғаны жауаптау, қажетті жағдайда оны басқа тұлғалармен немесе керісінше тануға көрсету тексерілуші көрсетпелері мен тұлғалардың көрсетпелері бөлінетін жағдайда олардың арасындағы беттестіруді жүргізу;

г) Алибимен байланысты зерттелуші іс бойынша жағдайдың деректемелік объективті модель негізінде алынған көрсетпелердің құрылуы;

д) Субъективті және объективті модельдердің салыстырушы анализін жүзеге асыру және олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері туралы қорытындыны қалыптастыру.

Салыстырушы үлгілердің ұқсастығы туралы қорытынды алибидің анықталып, рас болып табылатындығын білдірді.

Криминалистика негіздері 84