Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

2.Қылмыстың криминалистік сипаттамасы

  1. Криминалистиканың басқа ғылым салаларымен

байлынысы

  1. Қылмыскер сипаттамасы

1. Криминалистика ең алдымен қылмыстық құқық, қылмыстық және азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымдарымен тығыз байланысты. Қылмыстық құқықтағы қылмыс құрамының белгілерін анықтамай осы қылмыс түрлерін тергеу әдістерін реттеу мүмкін емес, себебі алдымен қылмыстың жағдайын қандай жолмен анықтау туралы мәселелерін шешуден бұрын, олардың құрамы мен белгілерінің қандай екенін білу қажет. Қылмысты тергеу, тергеу әрекеттерін және іс бойынша әділдікті анықтау үшін дәлелдемелік ақпараттар жинау мен зерттеуді қамтамассыз ететін ұйымдастыру шараларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымды жағынан жоғары қызметкерлері жердің, үй-жайлардың,

Криминалистика негіздері 6

заттардың, құжаттардың, көзі тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардың қарауын жүргізеді.

Бірінші кезекте оқиға болған жерді келіп қарайды. Қараудың толықтығын қамтамассыз ету үшін тергеуші криминалистика саласындағы қажетті танымдарын жеткілікті білуі керек, әсіресе, трасология, атап айтқанда іздердің қалу механизмін білуі керек, қылмыскер қылмыс істеу кезінде қандай тәсілдерді қолданғаны туралы қандай белгілер куәландырып тұрғанын анықтай алуы керек. Ондай белгілерді таба алып және ондай белгілердің жиынтығы тек қана оқиғаның өзін ғана емес, сонымен қатар қылмыскердің белгілерін жекелендіре алатынын ескеріп, олар бойынша істелген қылмыс көрінісін қалпына келтіре алуы керек. Тергеуші қарауды жүргізуді ұйымдастыруда іс үшін маңызы бар бірде-бір мән-жайды көзден таса қалдырмауы керек. Табылған деректер іске қатысты сұрақтарды шешуге көмектеседі. Іске қатыстығы әлі толық анық емес, бірақ қатысты болуы мүмкін объектілер әрі қарай іске қатыстығы туралы сұрақты шешу үшін зерттеу мақсатында алынуы керек.

Криминалистика криминология ғылымымен де тығыз байланысты. Бұл ғылым қылмыстың болу себептерін, оның әлеуметтік негіздерін және түр аралық өзгешеліктерін, оынң алдын алу шараларын қолдану тәсілдерін зерттейді. Криминология қағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық анықтап,бұл себептер мен жағдайларжы жою үшін қандай әрекеттер жүргізу керектігін белгілейді.

Криминалистика жедел-іздестіру қызметі мен ол қолданылатын арнаулы техникамен де тығыз байланыста.

2.Қылмыс – орын мен уақыттың белгілі бір жағдайында жасалады. Қылмыстар әртүрлі, олар жасалынатын жағдай да бірдей емес, қылмыстық нәтижеге жету кезіндегі

Криминалистика негіздері 7

қылмыскердің әсер ететін материалдық ортасы да, қылмыстан түсетін зардап та әртүрлі. Материалдық орта қылмыс жасалынып, іздер қалатын орта, белгілі бір кеңістікпен шектелген: ауданмен, аймақпен, үй-жаймен. Қылмыс іздері табылған жерде немесе басқа жерде жасалуы мүмкін. Егер қылмыс бір жерде жасалып, ал оның іздері басқа жерден табылса, онда қылмыс жасалған жер қылмыс орны болады да, қылмыс жасалған жер мен іздер табылған жер оқиға орны болып есептеледі.

Алғашқыда тергеуші қылмыс па, әлде жоқ па, ал егер қылмыс болса, онда осы жерде не басқа жерде жасалды ма, осылар туралы біле бермейді. Қылмыстың криминалистикалық сипаты да осында. Қылмыс осы жерде қалған немесе осы жерден алынған қарумен жасалды ма, қылмыс осы жерде табылған объектілердің біреуіне бағытталды ма, заттарда қылмыскер әрекеттерінен іздер қалған немесе осы жерде қылмыскерде болған заттар қалып кетті ме және қылмыс осы ортада жасалған, оның жағдайлары қылмыскер әрекеттерінің тәсілін анықтап қылмыстық мақсатқа жетуге септік етуі мүмкін.

Қылмыскер өз қылмысын жасыру мақсатында өзін әртүрлі сипатта көрсетуі мүмкін. Мысалы, қылмыстың жалған көрінісін туғызу үшін қылмыстың өтірік көрінісін әшкерелеуі мүмкін.

  • белгілі бір жерде шынында болған қылмыстың белгілерін жасырып, басқа қылмыс болғандай етіп көрініс жасау.

  • оқиға жерінде жасалған қылмысты жасыру үшін қылмыстық сипаты жоқ көрініс туғызу.

  • қылмысты жасаудың көрінісін әдепсіз құлықтарын және басқа да әрекеттерін жасыру үшін туғызу.

шын мәнінде жасалған қылмыстың жеке бөліктері немесе оның құрамының жеке элементтері туралы тергеушіде басқа

Криминалистика негіздері 8

ойларды қалыптастыру үшін көрініс туғызу: қылмысты

  • басқа да адам, басқа мақсаттарда және басқа ниеттермен, басқа жерде, басқа уақытта және с.с. жасағандай етіп көрініс туғызу.

Осы жағдайлардың бәрінде тергеушіге криминалистика ғылымы және криминалистикамен байланысты ғылымдар көмектеседі.