Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

6.Криминалистік фотография. Қылмысты тергеу мен ашудағы бейнежазу.

1. Криминалистік фотографияның түсінігі, маңызы және міндеттері

2. Суретке түсірудің объектілері, суретке түсіру түрлері

3. Соттық-жедел фотосуретке түсудегі қолданылатын әдістер

4. Қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін суретке түсіру

5. Тергеу әрекетін жүргізуде бейнежазуды қолдану

1. Криминалистік сурет криминалистиканың бір бөлімі ретінде ғылыми ережелер жүйесін және олардың негізінде қылмысты ашу мен алдын алу, қылмыскерлерді іздестіру мен табу дәлелдемелерді табу мен зерттеу үшін суретке түсіру құралдарын, тәсілдерін қолданатын әдіс.

2. Суретке түсірудің объектілері жедел-іздестіру іс-шараларында немесе сарапшының зерттеулерінде пайда болған түсіруге қажетті кез келген материалды денелер мен олардың жиынтығы болып табылады. Оған оқиға болған

Криминалистика негіздері 18

жердің жағдайы мен жеке бөлімдері, айғақтық дәлел ретіндегі заттар, қылмыс іздері, тұлғалар және т.б. жатады.

Түсірілуші объектілердің ерекшеліктері мен олардың аралық орналасуы туралы жалпы және ерекше түсінік алу үшін суреттің бірнеше түрлері қолданылады: бағдарлап түсіру, шолып түсіру, тораптамалы, бөлшектік түсіру.

Бағдарлап түсіру әдісі – бағдарлау әдісімен түсірілгенде оқиға болған жердің айналасы толық қамтылып, осы жерден тұрақты заттар бірге түсіріледі. Мысалы, оқиға үй-жайда болса, оның сыртқы көрінісі қасындағы ағаш, қора-қопсамен бірге толық түсіріледі.

Шолып түсіру әдісі – іздердің, басқа да заттай айғақтар неғұрлым көп шоғырланған, атап айтқанда оқиға болған жердің маңызды бөліктері түйінді әдіспен түсіріледі.

Тораптамалық сурет - бұл жеке ірі заттарды және тергеу жүргізу орнының немесе оқиға болған жердегі жағдайдың маңызды бөлшектерін түсіру.

Бөлшектік фотоға түсіру - заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бекіту үшін қолданылады. Бөлшектік фотосуреттің мақсаты – заттай дәлелдемелердің нысаны, мөлшері туралы барынша анық көрініс беру болып табылады. Мұда оқиға орнынан табылған әрбір дәлелдемелік зат жеке-жеке түсіріледі.

3. Соттық – жедел фотосуретке түсіруде қолданылатын әдістер:

- Понарамалық фотоға түсіру – объектіні толық көрсете алмаған жағдайда, сондай-ақ объектіден алыс қашықтыққа бара алмаған жағдайда қолданылады.

- Өлшемді фотоға түсіру – объектілердің көлемін, олардың ара қашықтығын өлшеу үшін қолданылады. Ол масштабты және метрикалық болып бөлінеді. Масштабты түсіру заттың көлемін анықтауға көмектеседі. Масштабты фотоға түсіру барысында фотографиямен бірге масштабты сызғыш та қоса

Криминалистика негіздері 19

түсіріледі. Метрикалық түсіру тек ірі объектілердің мөлшерін ғана емес, олардың ара қашықтығын да өлшеу үшін қажет.

-Тереңдік масштабындағы фотосуреттер – бейне бойынша фотоға түсірілген объектінің өлшемін анықтауға мүмкіндік береді.

- Репродуктивті фотосуретке түсіру – үшін құжатты тегіс жазықтыққа орналастырады. Ол үшін әйнекпен бастыру ұсынылады.

4. Оқиға болған жерді түсіру – ондағы заттарды, табылған іздерді, қылмыс қаруын, мәйітті табылған күйінде көрсету мақсатында қолданылады.

Тінту барысында суретке түсіру – фотоға түсіру тінтудің нәтижесін бекітетін құралдардың бірі болып табылады. Тінту жүргізілген жерді, табылған құпия орынды, тінту барысында алынған заттарды сол күйінде фотоға түсіру бөлмеде өткізілетіндіктен, жарық заттарға біркелкі түспейді. Сондықтан заттарды терезеге жақынырақ қояды.

Зерттеу эксперименті барысында суретке түсіру. Фотоға түсіру зерттеу эксперименті өткен жерді немесе оның жеке кезеңдері мен нәтижесін көрсету үшін қолданылады.

Тірі тұлғаларды фотоға түсіру. Қылмыскерді қылмыстық тіркеу кезінде, оларды таныту үшін, эксперименттік теңестіру үшін, сондай-ақ куәландыру нәтижесін бекіту үшін суретке түсіріледі. Тұлға алдынан және оң жағынан суретке түсіріледі, ал сол жағынан ерекше белгілері, ен таңбалары болған кеде түсіріледі. Мысалы, қал, татуировка т.б.

Өлікті фотоға түсіру. Фотоға түсіру арқылы өліктің орнын, күйін, түрін және киімін бекітеді. Танылмаған өліктерді тіркеу үшін өліктің бетін, сондай-ақ таныту жұмыстарын жүргізу үшін суретке түсіреді.

5.Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады.

Криминалистика негіздері 20

Бейнетаспаға жазу – киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады. Бірақ суреттің де өз артықшылығы бар. Оны кез келген жерде, кез келген уақытта алып көруге болады.

Бейнежазудың басында тергеуші өзін таныстырып өтеді, содан кейін бейнежазуды пайдаланып қылмыстық іс бойынша тергеу әрекетінің жүруін түсіндіреді. Соңынан ол тергеу әрекетіне қатысушыларды жеке атап өтеді, түсірілген күнді, мерзімді, орынды және түсіруші тұлғаны атайды.

Мына істерді жүргізгенде бейнежазуды қолданудың қажеті өте көп:

- өрт, көліктік апаттар болғаны жайында оқиға туралы барынша ақпаратты жедел бекітуге қажетті жерлерді қарауда;

- бағалы заттар мен құрылыс құралдарын алу, оларды тыққан жерлерін тінту әдістерін бекіткенде;

- тергеуші тәжірибе – сапалы әрекеттер мен олардың салдарын бекіткенде;

-сұрақ-жауап алу, аудармашының қатысуымен жүргізілетін беттестіруде.

Криминалистика негіздері 21

Криминалистика негіздері 22

Криминалистика негіздері 23