Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

19.Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері.

  1. Адам өлтіру ұғымы, өлтіру тәсілдері

  2. Адам өлтіру мен зорлауда бастапқы тергеу этабының жағдайы

Криминалистика негіздері 79

  1. Қатыгездікпен өлтіру белгілері бар өлікті табу туралы іс бойынша тергеудің әрекет сипаты

  2. Зорлаудың ұғымы мен пәні

  3. Адам өлтіруде және зорлауда сот медициналық сараптама тағайындау.

1.Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру.

Адам өлтіру тұлғаға қарсы ауыр қылмыс болып табылады. Кісі өлтіруді болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсатының бірі болып табылады.

Адам өлтірудің кең тараған тәсілі болып мыналар табылады:

  • жәбірленушіге әртүрлі қарулар мен құралдардың көмегімен денесіне зақым тигізу;

  • жәбірленушіні көмексіз халге келтіру немесе осы халін пайдаланып келесі дене жарақатын түсіру, яғни тұншықтыру, өміріне қауіпті жағдайды тудыру;

  • жәбірленушіні биіктен лақтыру;

  • жәбірленушіні қозғалмалы көлік құралдарынан құлату;

  • жәбірленушінің ағзасына улы заттарды жіберу;

  • жәбірленушіні батыру т.б.

2.Тергеудің бастапқы этабында қалыптасушы жағдайлар мыналар болып табылады:

  1. адам өлтірілген кезде сезікті мен жәбірленушіні анық болған жағдайда;

  2. қарақшылық шабуылмен жасалынған (жәбірленуші белгілі ал қылмыскер белгісіз) жыныстық қатынас себептерінен немесе бұзақылық салдарынан адам өлтіру;

  3. анықталмаған дәлел бойынша адам өлтіру: адамның із-түзсіз жоғалуы (жәбірленуші белгілі, сезікті белгісіз), анықталмаған өлікті немесе дененің мүшеленген бөліктерін тапқанда;

Криминалистика негіздері 80

  1. балаларды өлтіру: жаңа туылған нәресте өлігін табуы, нәрестенің жоғалып кетуі.

Зорлау туралы іс бойынша тергеудің бастапқы этабында пайда болған екі түрлі жағдайды бөлуге болады:

  1. жәбірленуші зорлаушы ретінде оған таныс тұлғаны атауы немесе сезіктіні анықтауға қиындық тудырмауы;

  2. жәбірленушіге белгісіз іздестіру қиындыққа түсетін тұлғамен жасалған қылмыс.

3.Аяусыз қатігездік арқылы өлтірілген белгілері бар өлікті табу ісі бойынша тергеуші келесі бастапқы әрекеттерді жүргізуі тиіс:

- оқиға болған жерді қарау;

- білетін адамдарды жауаптау;

- өлікті қажет болған жағдайда танытуға көрсету;

- сот медициналық сараптаманы тағайындау;

- криминалистикалық сараптаманы тағайындау;

- анықтаушы органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді тапсыру.

4.Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Зорлаудағы қылмыстық әрекет пәні болып нақты әйелдің жыныстық органының қол сұғылмауы болып табылады. Сондай-ақ жәбірленушіге мұндай жағдайда физиологиялық, моральдық, материалдық залал келуі керек.

5.Адам өлтіруді тергегенде, көбінесе, келесі сараптама түрлері тағайындалады:

  • өлікті сот-медициналық сараптау;

  • заттық дәлелдемелерді сот-медициналық сараптау;

  • сот-химиялық, биологиялық сараптама;

  • сот-психологиялық сараптама;

  • сот-психиатриялық сараптама;

Криминалистика негіздері 81

  • криминалистикалық сараптама (трасологиялық, баллистикалық т.б.);

  • микрообъектілерді зерттеу сараптамасы.

Зорлауда жәбірленушіге байланысты сот медициналық сараптаманың шешетін мәселелері:

  • соңғы уақытта жәбірленуші жыныстық қатынаста болуы; болған жағдайда оның болу уақыты;

  • жәбірленушіні қамқорсыздық жағдайға жеткізетін белгілердің болмауы;

  • болған жыныстық қатынастың немесе оған төнген қауіптің зорлық сипаты туралы шешім қабылдайтын жәбірленушінің денесіндегі зақымдардың немесе басқа да белгілердің болуы; болған жағдайда оның пайда болуының орнықтылығы мен ескілігі;

  • жәбірленушімен болған жыныстық қатынастың қатарынан бірнеше рет қайталану белгілерінің болуы;

  • жәбірленуші қыздығынан айрылды ма, айрылса, оның бұзылуының ескілігі (егер жәбірленуші зорланғанға дейін қыз болғаны анықталса);

  • жыныстық қатынас қыздығы алынбай жүзеге асуы мүмкін бе?

  • жыныстық қатынас салдарынан жәбірленушінің аяғы ауыр болуы немесе оның денсаулығына зиянды залалдар тигізуі; жәбірленушіге венерологиялық аурудың жұғуы, жұқса аурудың қай түрі және қашан;

  • жәбірленушінің денесіндегі зақымдардың пайда болу себептері мен өту мерзімі оның жағдайы туралы көрсетпесіндегі сараптамасына сәйкестігі;

  • жәбірленушінің денесінде қылмыскер ұрығының немесе қан іздерінің болуы, олардың орнығуы қандай.

Криминалистика негіздері 82