Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

28. Пара алушылықты тергеу

  1. Пара алушылық ұғымы

  2. Анықтауға жататын мән-жайлар

  3. Тергеудің бастапқы кезеңіндегі түрлі жағдайлар мен тергеу әрекеттері

  4. Пара алушылықты тергеудегі тағайындалатын сот сараптамалары

Криминалистика негіздері 102

1.Пара алушылық – бұл лауазымды адамның өзі немесе өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүліктік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) лауазымды адамның өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс -әрекетке мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі (ҚР ҚК -311 бап), сондай-ақ лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру (ҚР ҚК 312 бап).

2. Пара алушылықты тергеуде келесі мән-жайлар анықталуға жатады:

- пара беру дерегінің алатын орны;

- парақорлық пәні қандай; пара ретінде құнды заттар немесе ол қызмет қалпында берілсе, онда заттың немесе қызметтің ақшалай құны қандай;

- пара беруші мен пара алушы кім?

- қылмыстың жағдайы қандай? (уақыты, орны, пара беру тәсілі);

- пара қандай мақсатта берілген?

- пара берушінің ойындағы әрекеттер орындалды ма, ол заңды сипатқа ие ме?

- парақорлық әректтерінде басқа қылмыс белгілері бар ма, болса қандай;

- қылмыскерлердің әрекеттерінде топталатын белгілер жоқ па?

- пара берушінің әрекеттерінде оны қылмыстық жауаптылықтан босататын мән-жайлар жоқ па?

- парақорлыққа қандай мән-жайлар ықпал жасады?

3. Пара алушылықты тергеу кезеңінде бастапқы 3 түрлі жағдай пайда болады:

а) Пара берушінің арызы бар және ол пара алушыға белгісіз, оны әшкерелеуге көмектесуге дайын.

Бастапқы тергеу кезеңіндегі тергеу әрекетінің шеңбері мен реті мынадай көрініс алады: пара берушіні жауаптау; пара

Криминалистика негіздері 103

алушыны болған жерде ұстау, пара алушыны жауаптау, пара алушының тұрған орны бойынша тінту, оның мүлкін қамауға алу және қарау, куәларды жауаптау, беттестіруді өткізу;

ә) Пара алушы мен пара беруші келісіп әрекет жасайды; қылмыс туралы ақпарат жедел іздестіру көздерінен түседі; парақорлар ол жайды білмейді.

Егер пара беруші мен пара алушыны қоса әшкерелеу үшін бастапқы кезеңде мыналарды жүзеге асыру керек: парақорларды пара беріп алу кезінде ұстап, жеке тінту жүргізу; тұрғын және жұмыс орындарын тінту; олардың мүлкін қамауға алу; сезіктілерді жауаптау; қызмет құжаттарын алу және қарау; куәгерлерді жауаптау.

б) Пара алушылық деректері туралы мәлімет белгілі көздерден келуі; парақорларға олардың әрекеттері жөнінде құқық қорғау органдарының айналысуы белгілі.

Ондай жағдайларда куәгерлерді жауаптау; құжаттарды алу мен қарау; сезіктілерді жауаптау; толық анықтама болғанда сезіктілерге тінту жүргізіледі. Оларға қоса жедел іздестіру іс шара кешені жүзеге асады.

4. Пара алушылық іс бойынша келесі сот сараптамалары жүргізіледі:

- дактилоскопиялық сараптама – пара затындағы немесе қабындағы қылмыскерлердің ізін алу үшін;

- сот-қолжазба танушы сараптама – құжатты, хатты, ананим арызды жазушыны табу үшін;

- құжаттарды техникалық криминалистикалық зерттеу – құжаттағы жөндеу, қолжазбаны, мөрді жасауды анықтау үшін;

- сот-бухгалтерлік сараптама – бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеу мен өткізу тәртібінің дұрыстығын табу үшін;

- трасологиялық сараптама

- фоноскопиялық (дыбыстық) сараптама

Криминалистика негіздері 104