Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

5.Криминалистік техника Криминалистік техниканың жалпы ережелері

1. Криминалистік техника ұғымы, салалары, мазмұны.

2. Криминалистикалық техниканы қолданушы субъектілер.

3. Криминалистикалық техниканы қолдану, қолдану шарттары

4. Техника криминалистік әдістер мен құралдар және олардың қолданылуы.

1. «Криминалистік техника» термині жалпы екі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы, криминалистика ғылымының бөлімі ретінде болса, екінші жағынан – техникалық құралдар жиынтығы.

Криминалистік техника – бұл ғылыми жағдайлар жүйесін құрайтын және олардың негізі бойынша қылмысты ашу мен тергеуге қажетті дәлелдемелерді жинауға зерттеуге және пайдалануға арналған техникалық-криминалистік құрал-жабдықтар, әдістер мен тәсілдерді құрамына қосатын криминалистиканың бөлімі.

Техникалық-криминалистикалық құралдарға қылмыс іздерін табуға, жинауға, зерттеп бағалауға керекті түрлі приборлар, аппаратуралар, құрал-саймандар, жабдықтар мен материалдар және т.б. жатады.

Қазіргі кезде криминалистикалық техника жүйесіне келесі салалар кіреді:

  1. криминалистік техниканың жалпы теориясы;

  2. криминалистік фотосурет, дыбыс және бейнежазу;

  3. криминалистік ізтану (трасология);

  4. криминалистік қарутану (баллистика);

Криминалистика негіздері 15

  1. криминалистік құжаттану;

  2. адамның сыртқы бейнесі жайлы криминалистік ілім (габитоскопия)

  3. криминалистік тіркеу (есепке алу).

Сонымен қатар, соңғы уақытта криминалистік техниканың басқа да салалары қалыптасуда, олар: криминалистік одорология, вокалография мен фоноскопия (иіс, дауыс пен дыбыс іздері туралы ілімдер), материалдарды, заттар мен жабдықтарды криминалистік зерттеу т.с.с.

2. Криминалистік техниканы қолданушы субъектілер қатарына: тергеушілер, анықтаушылар криминалист-мамандар, сарапшылар, жедел-іздестіру қызметкерлері, прокурорлар, прокурор-криминалистер, соттар, тергеу, сараптау, криминалист, жедел-іздестіру бөлімдерінің басшылары және басқа осы құқық берілген ішкі істер органының қызметкерлері жатады.

3.Криминалистік техниканың құралдары мен әдістерінің қолдану формалары іс жүргізу түрінде және іс жүргізу емес түрінде қолданылады.

Криминалистік техника құралдары мен әдістерінің қолданылуы іс жүзінде бекітіліп, қалыптастырылады. Яғни, тергеу әрекетінің хаттамасында, сарапшының қорытындысында және басқа да құжаттарда криминалистік техниканың құралдары мен әдістері қолданылғаны туралы көрсетілуі керек.

Техника-криминалистік құралдар мен әдістерді қолданудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген.

Техника-криминалистік құралдар мен әдістер мына талаптарға немесе қолдану шарттарына сай болуы қажет:

  1. әлеуметтік және жаратылыс техникалық сілтемелеріне сәйкес қолдануға ыңғайлы;

  2. адамның абыройын түсірмейтіндей, адамгершілік нормасына сай келуі қажет;

Криминалистика негіздері 16

  1. ғылыми түрде толық сыналып тексерілген, тиімділігі ғылыми қағидаларға сай дәлденіп, ұсынылған;

  2. этика нормаларын бұзбайтындай болуы;

  3. қолданғанда адам өміріне қауіп-қатер, денсаулығына зиян келтірмейтіндей болуы;

  4. пайдалану тиімділігі;

  5. нормативтік және құқықтық қолдану актілерінде бекітілген болуы.

4.Қылмысты тергеу барысында, оған қатысты деп табылған объектілер және олармен байланысты іздердің барлығы табылуы, тіркелуі және алынуы тиіс. Қылмыс іздері көзге көрінетін, шамалы көрінетін және көрінбейтін болып үш түрге бөлінеді. Сондықтан оларды тез арада тауып алу үшін арнаулы іздеуші техникалық құралдар қолданылады. Құралдар мен әдістерді үш топқа бөлуге болады:

1. Қылмыс іздерін табуға арналған құралдар: жарық түсіруші құралдар – олар түнде жарық аз түскен жерлерді, сонымен қатар оқиға болған жерлерді қарау, фотосуретке түсіру барысында қолданылатын түрлі жарықтың жасанды көздері. Оптикалық құралдар – бұлар адам көзінің сезіну диапазонын кеңейтіп, жай көзбен көрінбейтін немесе көмескі көрінетін объектілерді үлкейтіп қарау үшін қолданылатын құралдар. Іздегіш құралдар және жабдықтар – олар қылмысқа қатысты жасырылған: объектілер мен айғақтарды заттай, бағалы металдар мен тастарды, өліктерді, қаруды, есірткіні және т.б. объектілерді табу үшін қолданылады. Химиялық заттар немесе риагенттер, объектілердің биологиялық және химиялық құрамдарына негізделген.

2. Қылмыс іздерін бекітудің техника криминалистік құралдары: фотографиялық құралдар және бейнетаспаға жазу құралдары, өлшеуіш құралдар – объектілердің өлшемі мен сандық сипатын анықтау үшін қолданылады, көшірмелер

Криминалистика негіздері 17

дайындау үшін қажетті жапсырма материалдар, әсіресе беткі және үш өлшемді іздерді бекітіп алу үшін қолданылады.

3. Қылмыс іздерін алудың техника криминалистік құралдары. Криминалистикада қалыптасқан ережелерге сәйкес іздер өздері орналасқан объектілермен немесе олардың бөліктерімен алынуы керек (мысалы, ыдыс-аяқ бетіндегі саусақ ізімен бірге алынады). Егер басқа бір себептермен ол мүмкін болмаған жағдайда олар объектісіз алынады. Ол үшін көлемді іздерден жапсырма қалыпқа көшіріледі, ал беткі жазықтықтағы іздерден олардың көшірмесі дактилоскопеялық пленкаға көшіріледі.