Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

11.Криминалистік тіркеу және криминалистік техникадағы басқа да тергеу бағыттары

  1. Криминалистикалық тіркеу

  2. Жедел анықтаманы тіркеу

  3. Ішкі істер органдарындағы криминалистикалық тіркеу

  4. Микрообъектілер – криминалистикалық маңызы бар ақпаратты тасушы.

5. Одорология

1.Криминалистикалық тіркеу дегеніміз – қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін, жедел-іздестіру және қылмыстық құқықтық істерді құқық қорғау органдарында жүргізу барысында түскен объектілер туралы мәліметтерді тіркеу, шоғырландыру және пайдаланудың ғылыми негіздері мен әдістемелік жүйесі.

Криминалистік тіркеу жүйесі әр түрлі есепке алудың жүйесінен тұрады. Әрбір есепке алу түрі белгілі біртектес объектілер тобын қамтиды. Егер, тіркеудің жаңа бір түрі пайда болса есепке алудың да жаңа түрі пайда болады. Яғни, есепке алу бұл біртектес объектілер туралы мәліметтер шоғырланған криминалистік тіркеудің жүйесінің бір бөлігі.

Криминалистік тіркеудің мақсаты – қылмысты ойдағыдай ашуды бірдейлестіруге қажетті деректер мен сұраныс жасайтын органдарды қамтамассыз ету.

Криминалистік тіркеудің көмегімен сезіктілер мен айыпкерлер жайындағы қажетті ақпаратты жылдам табады; белгісіз қылмыстарды ашуға көмектеседі; қылмыстық әрекет құралын алу мен табуға көмектеседі; өлік денесі бойынша тұлғаны идентификациялауға көмектеседі; жоғалып кеткен тұлғаларды іздестіруге бағыт береді; тергеуші және ізделуші жұмыстарды тексеру бойынша ойша жақсартуға көмектеседі.

Криминалистика негіздері 56

Тіркеу объектілері: адамдар; криминалды өліктер, сонымен бірге тұлғасы анықталмаған өлген адам денесі; пайдаланған атылатын кескінді қару, ұрланған заттар, авто көліктер және т.б.; іздердің кейбір түрлері; құжаттар; ұрланған немесе жоғалған мал; ашылмаған қылмыстар.

2. Жедел анықтаманы тіркеу аудандардың, облыстардың және Ішкі Істер Министрлігінің негізгі ақпарат орталығында аумақты дәрежеде жүргізіледі.

Жедел анықтаманы тіркеудің мынадай түрлері бар: алфавиттік, дактилоскопиялық бейне түсіру, шетел азаматтарымен, азаматтығы жоқ тұлғалармен жасалынған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, ізделінудегі антиквариант пен мәдени мұраларды, атылатын кескінді қаруды, жалпы мемлекеттік қатысы бар құжаттар мен нөмірленген заттарды тіркеу.

3.Ішкі істер органдары мынадай криминалистикалық тіркеу жүргізеді: қылмыстың жасалу әдісі бойынша; жоғалып кеткен тұлғаларды, танылмаған өліктерді, белгісіз ауруларды және балаларды анықтау бойынша; іздердің жиынтығын; жасанды ақша белгілері мен бағалы қағаздарды; оқ гильзалардың жиынтығын; полиграфиялық әдіс арқылы жасалынған жалған құжаттарды; есірткі заттарын алуға бағытталып жасалынған медициналық рецептерді; дауыс пен сөз фонетикаларын анықтау.

4. Криминалистік микрологияны құрайтындар микрообъектілер, құралдар және технология жөніндегі, олардың пайда болуы, табылуы, тіркелуі мен сақталуы, сонымен бірге қылмыстық соттық іс жүргізуде криминалистикалық маңызы бар ақпаратты алу мен қолдану мақсатындағы оларды зерттеу әдістері мен тәсілдері туралы білім жүйесін ұғындырады.

Микрообъектілер – бұл кіші мөлшер күші мен саны жай анализ әдісімен зерттелінбейтін және ол микроскопиялық объектілермен жұмыс жасауға арналған техниканы қолдануды

Криминалистика негіздері 57

талап ететін криминалистикалық ақпаратты материалды тасымалдаушылары.

Микрообъектілерді криминалистикалық зерттеу әдістері:

  1. морфологиялық анализ әдісі – макро-кіші, микро-кішірек және ультромикро-өте кішірек деңгейдегі материалдардың алғашқы құрылымын оқуға ықпалы бар;

  2. элементті анализ әдісі – химиялық элемент заттарындағы сандық құрамын анықтайды;

  3. молекулярлы анализ әдісі – кристалды құралған заттарлы зерттеу үшін қажет;

  4. физикалық және химиялық заттардың тұрақты шамасына және жеке құрамдарына анализ беру әдісі.

5.Криминалистикалық одорология – бұл қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану мақсатымен иіс іздерін табу, анализдеу, алу және сақтау бойынша ғылыми негізделген тәсілдер, техникалық құралдар, кеңестер және олардың объектілері туралы білім жүйесін көрсететін криминалистикалық техниканың дамушы саласы. Иістерді алу, анализдеу мен тіреку әдістерімен байланысты криминалистикалық одорология кинологиялық және аспаптық одрология деп бөледі. Кинологиялық одороголияда иістенген заттардың анализаторы ретінде арнаулы дайындалған қызметтік ит асырау органы қолданылады. Аспаптық одорологияда анализатор ретінде иісті заттардың спекторын бөлуге, оны ольфактограмм түрінде тіркеуге және адамнан бөлініп шыққан бөлшектерді жоғары сезімталдықпен детектірлеуге қолайлы физика-химиялық құралдар қолданылады.

Қылмыстарды ашу кезінде адамнан қалған иістерге көп көңіл бөлінеді. Ол қылмысқа қатысушылар туралы көп ақпарат береді. Адам исін тасушы объектілер болып мыналар табылады:

Криминалистика негіздері 58

  • тер, қан (сонымен бірге олардың құрғақ дақтары), шаш. Бұл заттарда адамның иісі он шақты жылға дейін сақталады.

  • өзіндік заттар. Мысалы, киілген киімдер мен аяқ киімдер жекеше иісті бір күннен бірнеше айға дейін сақтайды.

  • әр түрлі заттар – қылмыс істелінген қарулар т.б. адаммен 30 минуттай мерзімде қатынаста болған заттар. Мұнда жеке иіс 2 тәуліктен кем емес мерзімге сақталады.