Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Криминалистика лекциялары.doc
Скачиваний:
666
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
5.05 Mб
Скачать

21.Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеу әдісі

    1. Өтірік ұғымы

    2. Өтіріктерді жіктеу

    3. Жалғанды куәландыру себептері

    4. Өтірікті ашу бойынша тергеу әрекеттері

1. Өтірік – бұл шындықты әдейі бұру. Өтірік айту – заттың және іс жағдайының шындығын бұру, яғни шындықты айтпау.

2. Өтірікпен байланысты оқиғаларды тергеуде келесі мәселелерге көңіл бөлу керек:

- пассивті өтірік - өзіне анық ақпаратты айтып жеткізбеу (айтпау)

- белсенді өтірік - әдейі өтірік ақпаратты беру

Пассивті өтірік толық, бөлшекті және шынын айтпаушы болып бөлінеді.

Белсенді өтірік мынандай болып бөлінеді:

  1. толығымен ойдан шығарудан құралатын өтірік;

  2. бөлшекті өтірік (шындық элементтері мен өтірік элементтерінің қосындысы).

Өтірік көрсетпелер өзінің сипаты, бағыты бойынша мынандай болады:

  1. ақтаушы;

  2. айыптаушы;

  3. біреулер үшін ақтаушы, басқа тұлғалар үшін айыптаушы;

  4. бейтапарты (мысалы, қылмыс істеген нақты тұлғаны көрсетпей, болмаған қылмыс туралы теріс деректі жариялау).

  1. Кездейсоқ негіздегі өтірікте әр түрлі психикалық, физиологиялық, логикалық факторлармен негізделген

Криминалистика негіздері 85

себептер жатуы мүмкін (кәрі-жасы, басқа түскен залал, ақпаратты дұрыс қабылдау, сақтау мен өзгеге жеткізу ісіне және тезис пен дәлелге кері әсері т.б. байланысты қателікке соқтыратын төменгі білімі мен білгірлігі).

Қасақана берілген теріс куәгерлік үшін басқа негіздер сипатталады. Әдейі берілген теріс көрсетпе көбіне мыналар үшін беріледі:

а) айыптыларды қылмыстық жауаптылықтан айыруға көмектесу;

ә) айыпкердің (сотталушының) кінәсін жеңілдету;

б) қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе тартылуға жататын тұлғаның кінәсін ұлғайту;

в) кінәсізді оның ешқандай қатысы жоқ істелінген қылмыстан бас тартуға немесе болмаған қылмысты істегені туралы көрсетпе беруіне келістіру.

4. Іс бойынша жүргізілетін тергелуші әрекеттердегі құрылған көзқарастың өтірік болу мүмкіндігі 4 топқа бөлінеді:

  • өтірікті болдырмауға бағытталған әрекет;

  • өтірікті тануға бағытталған әрекет;

  • өтірікті ашуға бағытталған әрекет;

  • өтірікші бағыттарын өзгертуге бағытталған, өтірік көрсетпелерден бас тартып, дұрыс көрсетпе беруді қалыптастыру әрекеті.

22.Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеу

  1. Өзін кінәлау ұғымы

  2. Өзін кінәлау түрлері

  3. Өзін кінәлау белгілері

Криминалистика негіздері 86

  1. Өзін кінәлауды тергеу

1. Өзін кінәлау – бұл сезіктінің (айыпкердің) өзінің болған немесе болмаған қылмыстарға себепті қатысуы жөніндегі теріс көрсетпесі.

2. Өзін кінәлау – жай (өзін айыптаушы) немесе күрделі, яғни өзін айыптаумен бірге басқа тұлғаларды айыптауы.

Сондай-ақ мыналар ерекшеленеді:

а) толық өзін кінәлау (арызданушының қылмысқа шартты қатыспауы);

ә) жеке өзін кінәлау (егер қылмысқа қатысты белгілі бір шаралар болса);

б) теріс кінәлау (ойдан шығарылған қылмыс қатарында).

3. Өзін кінәлаудың белгісі мыналар болып табылады:

- болған қылмысты сезіктінің жасағанын растамайтын дұрыс көрсетпелерді алу (айыпкер, сотталушы). Сондай-ақ бұл қылмысты басқа адаммен істелінгенін анықтау;

- сезіктінің немесе айыпкердің өздерінің қылмыс жасауы туралы көрсетпенің шындығына сенімсіздік тудыратын дәлелдерді табу;

- сезіктінің немесе айыпкердің қылмысқа қатыстығын айту туралы бастапқы тергеу көрсетпесінен бас тартуы.

4. Өзін кінәлаумен байланысты жағдайларды тергеуде мыналарды анықтау керек:

- іс жағдайды кінәлау туралы көрсетпені тергеу ісімен байланысты алудың іс жолдары (уақыты, орны, қылмыстың түрі және т.б.);

- кінәлаудағы күдіктенген сезікті, айыпты, сотталған тұлға туралы дерек;

- кінәлау жағдайы (оның уақыты, орны, мақсаты және басқа жағдайлары);

- кінәлауға сай және онымен шартталған жағдайлар ;

Криминалистика негіздері 87

- іс бойынша бұзылғандығы орын алады ма, егер алса, олар немен түсіндіріледі, кіммен, қашан, қандай себептермен болған, бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар.