Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Kazakhi_v_Rossii_Istoria_i_sovremennost_tom-2_Omsk_2010

.pdf
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2024
Размер:
17.51 Mб
Скачать

көне дəуірлердегі жазба деректердің сөз байлығындағы негізгі сөздік қорын өте тамаша сақтап келген. Мысалы, көктем, күз, түс, жарық, ұран, еріншік,күй, жауыр, айлан,қайыт, жүген, төр, у, ем,емдеу, ұры, өкпе, бауыр, сағым, жау, өкін, асқазан, асүй, шідер, тұғыр… тағы басқа мыңдаған сөздер.

Қазақ тілінің сөз байлығы, қайнар көзін өзінің дастан епос, аңыз,ертегі, мақал-мəтел, шешендік сөздер, айтыс, жыр, өлеңсияқты бай ауыз əдебиетінен алуда. Қазақьтарда мөлшермен мыңға таяу дастан, он мыңнан астам мақал мəтел,он мыңнан астам фразеологиялық сөздер, мыңдаған айтыс үлгілері, алуан түрлі халық əндері бар.

70-жылдарда басылып шыққан онекі томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, онекі томдық Қазақ Совет Энциклопедиясы, Қазақ Тілінің Фразеологиялық Сөздігі, 1999 ж. шыққан Қазақ Тілінің Сөздігітіл ғылымы саласындағы құнды еңбектер болып табылады.Осы еңбектерденқазақтілініңсөзқорыныңбайлығынайқынкөругеболады.

Абай Құнанбай, Ахмет Байтұрсын, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабай, Мұхтар Əуезов сияқты классикалық ақын жазушылардың еңбектеріндегі сөз байлықтары, əлемдегі барша қазақ тілінің бірлесуіне үлес қосты. Византиядан Моңғолияға, Пекиннен Мəскеуге дейінгі ұлан қайыр жерде мекендеген қазақтар арасындағы диялектикалық айырмашылықтың аздығы аталыш тұлғалардың еңбектерінің арқасында болса керек. Бір тілдің сөз байлығы, сол тілде жазған классикалық ақын жазушылардың еңбектерінде қолданылған сөз қоры байлығы арқылы да көріледі. Өйткені, классикалық жазушылар сол ұлттың мəдени өкілі, ұлтты тіл арқылы бірлестірген ұлы тұлғалар болып табылады. Барша əлемге танымал ақын жазушылардың шығармаларындағы сөз байлығына көз жүгіртер болсақ, А.С. Пушкиннің шығармаларында 21197, В. Шекспрдің шығармаларында 15000, Мамин Сибриктің Приваловские миллион атты романында 16983 сөз қолданылғанын көреміз. Қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Əуезовтың 20 томдық еңбегінде қолданылған сөз саны 29483 деп анықталып отыр.

Қазақ тілінің сөз байлығы, оның лексикалық ерекшелігі жəне сөз атауларының молдығы мен дəлдігінде жатыр. Қазақ тіліндегі үйжайға байланысты атаулар, қолөнер бұйымдарының атаулары, киім кешекке, құрал жабдыққа, жер суға байланысты атаулар, сəулет өнеріне, қару жараққа, ыдыс аяққа, тағамдарға байланысты атаулар, өсімдік, жан жаныуар атаулары, мал шаруашылығына, егіншілікке байланысты атаулар, аңшылық, балық аулау атаулары, адамдарға,

361

салт дəстүрге, ұлттық ойындарға байланысты атаулар, өлшем, жыл жəне уақыт мезгілдер, тағы басқа атауларды айтуға болады. Мысалы,

Малдың аттары

Балапандарының аттары

1.

Жылқы

Құлын

2.

Сиыр

Бұзау

3.

Түйе

Бота

4.

Қой

Қозы

5.

Ешкі

Лақ

6.

Тауық

Шөже

7.

Есек

Қодық

8.

Ит

Күшік

9.

Мысық

Марғау

10.

Шошқа

Торай

11.

Марал

Қодығы

12.

Бұғы

Бұғышақ

13.

Аққу

Көгілдір

14.

Құндыз

Құнай

15.

Киік

Құралай

16.

Қоян

Көжек

17.

Түлкі

Мыршай (Түлкішек)

18.

Қасқыр

Бөлтірік

19.

Аю

Қонжық

20.

Жолбарыс

Шөнжік

21.

Бүркіт

Балапан

Ал осы малдардың түсі, жасы туралы атаулар өз алдына. Тек қана аттың бір жасынан яғыни, құлыннан бастап 24 жасқа келгенге дейін 24 түрлі аты бар.

Атаулар адам немесе ұлттыңөмірдегі түрліше құбылыстарды, тəбиғатты, жан-жаныуарды бақылауының нəтижесінде жарыққа шығады. Талай тарихи кезеңдерді басынан кешірген қазақ халқының тіл мəдениетінде, оның сөз байлығында терең сырлар, қызықты қызықты құқбылыстар бар. Халықтың тарихымен құрдас тілінен сол халықтың өмір-тіршілігі, əдет-ғұрпы, шаруашылық жағдайы, өзге елдермен болған қарым қатнастары, саяси, мəдени өресінің аңғарылатыны жұртқа мəлім. Қазақ халқы ұзақ тарихи барыстаөзінің өмір тіршілігін, маңайындағы құбылыстарды, табиғаттың өзгерістерін жəне басқа да ерекшеліктерді егжей-тегжейлі бақылап отырған. Мысалы, қазақтар күн мен айдың əрекеттерін бақылау

362

нəтижесінде уақыт түсінігін қалыптастырған. Осы аяда, уақыт пен мезгілге байланысты атаулар жарыққа шыққан.

1.

Таң алдында

25.

Шаңқай түс

2.

Таңға жақын

26.

Түс қияберді

3.

Таң біліне

27.

Түс ауа

4.

Таң сібірлей

28.

Түс қайта

5.

Таң сəріде

29.

Кіші бесін

6.

Таң құлан иектене

30.

Бесін

7.

Таң қылаң бере

31.

Күн еңкейе

8.

Таңның шеті сөгіле

32.

Күн жамбасқа келе

9.

Таң ағарып ата

33.

Екінті

10.

Таң атты

34.

Кешке қарай

11.

Елең алаңда

35.

Кеш түсе

12.

Күн рауандады

36.

Кешқұрым

13.

Күн шыға

37.

Ақшам кезі

14.

Күн көтеріле

38.

Ақшам жамырай

15.

Күн іргеге түсті

39.

Қас қарая

16.

Күн құрық бойы көтерілді

40.

Апақ сапақта

17.

Күн арқан бойы көтерілді

41.

Қас қарайды

18.

Күн иыққа шықты

42.

Қызыл іңір

19.

Күн түске жақындады

43.

Іңір қараңғысы

20.

Сəске түс

44.

Түн

21.

Жалған түс

45.

Жұлдызды түн

22.

Түс

46.

Түн ортасы

23.

Тал түс

47.

Жеті түн

24.

Талма түс

48.

Түн ортасы ауа

Міне, қазақтар уақытты 48 түрлі жеке жеке атау арқылы бейнелеген. Бұл əлем тілдері арасында сирек кездеседі.

Қазақ тілінің сөз байлығы, оның сөз жасайтын жəне сөзді түрлендіруші жұрнақтарынан да айқындалады.

Су-сушы, сулы, сула, сусыз, суар, суат, сусын, судай.

Қон – қонақ, қонақасы, қонақжай, қонақ-қопсы, қонақта, қоналқы, қондырма, қонжы, қоныс, қоныстан, қоныстас, қоныста.

Қазақ тілінде, сөз де, сөз мағнасы да заттар мен құбылыстарды топшылап барып аңғартады. Сөз сыры жалпылық пен даралықтың бірлігі арқылы білінеді. Көптеген сөз əлде неше мағналарға ие болады да, кейдеполисемия мен омонимия бірібірімен тоғысып жатады.

Синоним сөздердің көптігі қазақ тілінің сөз қорын байытуда. Синонимдер саны мен көлемі жағынан да, синонимдік қатарларының

363

молшылығы жағынан да өте бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20–30 синоним сөз қолданыла береді. Синонимдердің қолданылу өрісі кең, сөйлегенде, жазғанда белгілі бір ойды сегіз саққа жүгіртіп,тілді соншалықты оралымды етеді. Мысалы, Мұхтар Əуезов (Абай Жолы) романындаАбайдыңөлімінмынадайауфенизмдерарқылыбейнелеген:

Осылайша айналасы айықпаған сұр тұман, суық заман ішінде ұлы жан дүниеден көшті. Мағаштың қырқын беріп болған күннің ертеңіндеАбай жəне қаза тапты. Ұлы кеуденің ыстық демі тоқтады. Шөл даланы жарып аққан дəриядай игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан, зəулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті Мұнда жазушы Абай деудің орнына бір ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде игілік өмір, бірде зəулім өскен алып шынар деу арқылы парафраза тəсілімен ерекше назар аударытқызып, ден қойғызып отырған болса, өлді деген жағымсыз қатты сөздің орнына дүниеден көшті, қаза тапты,демі тоқтады, үзілді, құлады, кетті сияқтанған сөздерді қолданған.

Қазақ тіліндегі синонимдернегізінен зат есім, сын есім жəне етістіктен жасалады. Синоним сөздер-кел келген бір тілдің дамығандығын, оралымдылығын көрсететін сөз байлығының құнарлы бір саласы.

Мысалы, бұлғақтау мағнасында мына сөздер бар: Бұралаңдау,былқылдау,сылқылдау,бұлғақтау, бұлғалақтау, бұлғалаңдау, қисаңдау, қисақтау, қисалақтау,

қиқаңдау, қиралаңдау,шайқақтау, тəлтіректеу, тағы басқа… қазақ тіліндегі зат есім,сын есім,сан есім, есімдік,етістік, үстеу

сөз, еліктеу, шылау, одағай, сынды сөз таптарының бəрінің өзіне тəн ерекшеліктері бар, бəрі мағналы, тартымды, орамды.Абайдың:

Желсіз түнде жарық ай, Сəулесі суда дірілдеп, Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп, деген шумағындағы əр бір сөз өте тартымды, ықшамды əрі пішімді.

Қазақ тіліндегі сөз таптары, кейде сөйлемдегі орнына қарай өзгеріп басқасының орнын алады. Мысалы, жақсы, жаман, көп, ақ сияқты сөздер сын есім болса да, мəтіндерде зат есім ретінде де қолданылуда.

Жақсы келсе-құт, жаман келсе-жұт. Көп жабылса-жоқ табылар.

Аққа зауал жоқ.

364

Сын есім, етістік, көмекші етістік жəне еліктеу сөздер, қазақ тілінің сөз байлығы ішінде маңызды орынға ие. Бұл сөз таптары, құрылсы, міндеті жəне бейнелеген түсініктері жағынан тіпті жанды əрі орамды.

Мысалы, қазақ тілінде күлу сөзінің 42 түрі бар:

Аңқылдап күлу, барқылдап күлу, балдырап күлу, ду күлу, жымыйып күлу, жылмыйып күлу, жыртыйып күлу, жырқылдап күлу, кеңкілдеп күлу, қаңқылдап күлу, қарқылдап күлу, қиқылдап күлу, қоңқылдап күлу, қорқылдап күлу, көркілдеп күлу, қылмыңдап күлу, мыйығынан күлу, мұртынан күлу, мырсылдап күлу, саңқылдап күлу, селкілдеп күлу, солқылдап күлу, сықылықтап күлу, сыңғырлап күлу, таңқылдап күлу, тарқылдап күлу, шаңқылдап күлу, шиқылдап күлу, шіңкілдеп күлу,ырбыйып күлу, ырқылдап күлу, ырсылдап күлу, əзіл күлкі, зəрлі күлкі, көмей күлкі, нəрлі күлкі, жалған күлкі, сайқал күлкі, шат күлкі, арсыз күлкі.

Əлемде ең бай тіл деп саналған тілдердің өзінде күлкі түсінігін суреттеген сөздер көп болғанда 20 сөзден кейін, түсіндіру жолымен бейнеленген.

Еліктеуіш сөздерден де қазақ тілінің сөз байлығын жақсы аңғарамыз. Өмірде ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бірбірімен қақтығысуымен соқтығысуынан туылатын жəне жан жануарлардың дыбыстарына еліктеуден шыққан сөздерді еліктеуіш сөздер деп атаймыз.бұлар еліктеуіш сөздер жəне бейнелеуші сөздер болып бөлінеді.

Енді қазақ тіліндегі мал мен құстың дыбыстау мүшелерінен шығатын дыбыстарға еліктеуден шыққан сөздерге көз жіберейік.

Түйе

боздайды

Жылқы, құлан

кісінейді

Айғыр

арқырайды

Сиыр, қодас, бұғы

мөңірейді

Қой, ешкі, арқар, киік, тəутеке

маңырайды

Қошқар

мекіренеді

Теке

бақылдайды

Есек

ақырады, аңырайды

Ит

үреді, арсылдайды,

 

ырылдайды, қыңсылайды

Итаршы, күшік

шəуілдейді

Доңыз

қорсылдайды

Арыстан

ақырады

365

 

Жолбарыс, піл

күркірейді

Аю

өкіреді

Маймыл, қоян

шыңғырады

Қасқыр

ұлиды

Қорқау

қорқылдайды

Түлкі

шəуілдейді

Борсық, кірпі

мырсыңдайды

Мысық

мияулайды, пырылдайды

Тышқан, жарғанат

шиқылдайды

Күзен, зорман, шақылдақ

Шақылдайды

Суыр, шаршұнақ

сақылдайды

Құстың дауыстары:

 

Сұқсыр, шүрегей

пыр пырлайды

Құр, кептер

пырылдайды

Байқұс, үкі

бақырады

Сыбызғышы

сыңсиды

Безгелдек

безілдейді

Жапалақ

барқылдайы

Шағала

шаңқылдайды

Көкқұтан

қиқулайды

Қарға

қарқылдайды

Бөдене

пырылдайды

Торғай

шырылдайды

Қарлығаш

шықылықтайды

Бұлбұл, мыңсайран

сайрайды

Тоты

сөйлейді

Əупілдек

əупілдейді

Шіңкілдек

шіңкілдейді

Құрқылтай

құрқылдайды

Жылқышы

шырылдайды

Күркетауық

тырқылдайды

Тақтақ

тақылдайды

Бытпылдық

бытпылдайды

Көкек

көкектейді

Сауысқан

шықылықтайды

Тауық

қытқыттайды

Бүркіт

шаңқылдайды

əтеш

шақырады

 

366

сұңқар

саңқылдайды

шақшақай

шақылдайды

қаз

қаңқылдайды

тауыс

қырқылдайды

Қазақ тіліндегі сөздер өзінің төркіні жағынан басқа тілдермен тығыз байланысты екені түсінікті. Сөздік қорында түбірлес түркі тілдерге ортақ сөздер де, шығыс тілдерінен моңғол, арап, парсы жəне орыс тілдерінен ауысқан сөздер де кездеседі. Бірақ, осы тілдерден сөз қабылдаған кезде қазақ тілінің фонетикасына, лексикалық ерекшелігіне қарай қабылданған. өзінің ұлттық бояуын сіңіріп, сөздік қорын одан ары байыта түскен. Сонымен қатар қазақ тілі басқа жұрттың тіліне, əсіресе көршілес моңғол, орыс, қытай тілдеріне ықпал жасаған. Орыс тіліне 600 дей сөз кірген. Мысалы, ярки (жарық), чтани (іш тон) тағы басқа. Қытай тіліне жүзге жақын сөз кірген. Мысалы, Домбыра , ақын , ауыл , алтай

, бауырсақ , пияз, хан, бек, бай, базар, ана, жүз, қобыз, су, теңге, түйе, топырақ, наурыз, женіт, іщік, нарын, баян, елші, емші, бас, тамыр, ел, томаға, қасқыр, сыбызғы, батыр, аға, інжу, тал, қатын, ши, бөз, тоңу.

Əсіресе бес мың жылдық жазба тарихқа ие қытай тілінде, қазақ тіліндегі сөздердің орын алуы, қазақ тілінің сөз байлығын көрсетуде.

Қазақ халқы ежелден шешендікке əуес, тіл өнеріне келгенде мүлт жібермейтін халық. Өнер алды-қызыл тіл. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. Сөзі мірдің оғындай. Тіл-қылыштан өткір, деген мақал мəтелдер тегін шықпаған.

Қазақтың тіл байлығы, оның шешендік сөздерінен айқын байқалады. Мазмұны халыққа таныс, қалыптасқан, терең ойлы, көркем тілді, жүйелі, үлгілі сөздер ғана шешендік сөсздер бола алмайды. Ауыз əдебиетінде мұның үлгілері көп кездеседі. Мысалы,

Əз Жəнібектің алпыс биі болған екен, бір жолы хан билерінен,: Дүниеде не өлмейді?-деп сұрағанда бір ауыздан былай деп жауап берген екен:

Ағын су өлмейді, Асқар тау өлмейді,

Аспанда ай мен күн өлмейді, Əлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бəріне былай деп қарсы шыққан екен: Ағын судың өлгені-алты ай қыста қатқаны,

367

Асқар таудың өлгені-басын бұлттың жапқаны, Ай мен күнің өлгені-еңкейіп барып батқаны, Қара жердің өлгені-қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ, бір Алланың қақпаны. Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді.

Қазақ тілінің байлығы оның сөз мағнасында жатыр. əр бір сөз белгілі бір ұғымды білдіреді. Сөз бен ұғым тығыз байланысты. Алайда, сөз бен ұғым бірбірімен тепе тең емес. Өйткені, сөз-тілдік категория, ал, ұғым-ойлаудың формасы. Тілсіз ойлау мүмкін емес. Сондықтан да тіл мен ойлау тығыз байланысты.

Мысалға Асан қайғының:

Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, жел толқыса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз, шер толқыса шығады-деген толғауы қазақтың сөз байлығын білдірумен қатар, тіл мен ойдың жəне сезімнің тығыз байланысын да пəш етуде.

Қазақ тілінің сөздік құрамы үнемі дамып, байып келген. Дамудың заңдылықтары мен ішкі мүмкіндіктері арқылы лексикасын сан мен сапа жағынан да қорландырып, жаңа сөздермен толтырып отырған.

Қазақстан тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ой түбінде жатқан шерді төгетін орай табылды. Еркін қанат сермейтін кеңстігі кеңейді. Мысалы, Жəркен Бөдешұлы туған жер туралы былай толғайды:

Туған жердің қар мұзыЫзғарыңмен жуындыр. Туған жердің бал қызыБұрымыңмен буындыр. Туған жердің бұлағыТолқыныңмен ат, мені. Туған жердің жыланыШырылдатып шақ, мені. Туған жердің шеңгелңТырна аямай бетімді.

Туған жердің желдеріАузыма құй өтімді.

368

Туған жердің доңызыҚұрсағымды жарып кет. Туған жердің қоңызыДомалатып алып кет.

Туған жердің қасқырыКемір, ақын сүйегін. Туған жердің тас, кыры, Сені осылай сүйемін.

Қорыта айтқанда, қазақ тілі, қоғамдық өмірдегі барлық құбылыстарды, əр алуан тіршілік дүниесін, адамның ішкі дүниесіндегі сезімді, табиғаттың тамаша көріністерін, қазақ даласының қош иісті гүлдерін, қызғалдақтарын, қошқыл-кермек жусандарды, шипа бұта ишлерді, домалаған қаңбақтарды, шиыр шалғындарды, кербез тауларды, көк тіреген шыңдарды, түпсіз тұңғиық құздарды, күлкіші өзендерді, ақ айдын көлдерді, жасыл майса көгалдарды, торғын аспанды, шудаланған бұлытты,сіркіреген жаңбырды, ақ ұлпа қарды, асау боранды, ерке желді, тентек құйынды, шымыр саздарды, шулаған бел белестерді, йшыл ормандарды, тынысты тоғайларды, ақ ару айды, жымыңдаған жұлдызды, тұнжыраған тұманды, алдамшы сағымды, күндізді, түнді, қысты, жазды, күзді, көктемді бəрі бəрін орамды да тартымды, əрі жанды бейнелей алатын бір тіл. Қазақ тіліндей бай тіл барша əлемде некен саяқ десек артық болмас.

Осындай бай тамаша қазақ тілін, тез қарқынмен дамыған егеменді еліне, гүлденіп көркейгн, өркендеген елордасына сай дамыта түсу баршамыздың ортақ борышымыз. Қазақ халқы жахандық дамуға сəйкес, латын əліпбиіне көшіп, өзінің саяси, ғылыми технологиялық, медициналық, құқықтық, сəулет өнері терминологиясын қалыптастырса, шын мəніндегі мемлекеттік деңгейіне көтерілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Егеменді Қазақстанның ақылды да айбарлы, кемеңгер Нұрсұлтан Назарбаевтей басшысы бар. Сегіз қырлы бір сырлы ақын жазушылары мен өнерпаздары, білімді де зерделі ғалымдары мен зиялы қауымы, еңбекшіл де кеңпейіл халқы бар. Біз қазақ тілінің көп кешікпей халқаралық тіл деңгейіне жететініне кəміл сенеміз.

369

СПИСОК СОКРАЩЕНИЙ

АВПРИ – Архив внешней политики Российской империи АИ – Акты исторические Акмол. обл. ведомости – Акмолинские областные ведомости

АП РК – архив Президента Республики Казахстан БГПУ – Барнаульский государственный педагогический уни-

верситет БОАК – Бүкілодақтық орталық атқару комитеті в. – век вв. – века г. – год гг. – годы

ғ. – ғасыр (век)

ғғ. – ғасырдар (века)

ВКП (б) – Всероссийская Коммунистическая партия (большевиков)

вып. – выпуск ГААК – государственный архив Алтайского края

ГАРФ – государственный архив Российской Федерации ГНА РК – государственный архив Республики Казахстан ГАНО – государственный архив Новосибирской области ГАОО – государственный архив Оренбургской области ГАСКО– государственныйархивСеверо-Казахстанскойобласти ГАСО – государственный архив Саратовской области ГАТО РФ – государственный архив Томской области РФ

ГУ «ИсА» – государственное учреждение «Исторический архив Омской области»

Губисполком – губернский исполнительный комитет Губоно – губернский отдел народного образования ДАИ – Дополнение к Актам историческим ж. – жыл жж. – жылдар

ЗСО ИРГО – Западно-Сибирский отдел Императорского русского географического общества

Инф. – информатор

370