Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Kazakhi_v_Rossii_Istoria_i_sovremennost_tom-2_Omsk_2010

.pdf
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2024
Размер:
17.51 Mб
Скачать

2ҚасқабасовС.А. Казахскаянесказочнаяпроза. Алматы, 1990. С. 206–207.

3Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Алматы, 1988. Б. 37.

4Құран кəрім (ауд. Рəтбек қажы Нысанбайұлы). Алматы, 1991. Б. 26.

5Мəшһүр-Жүсіп. Шығармалары. Т. 5. Б. 410.

6ҚР ОҒК ҚҚ. Мəшһүр-Жүсіп жазбасы. 1170-папка. Б. 358.

Қ.С. Ермағанбетова

Қазақстан, Астана, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ПОЭМАСЫНДАҒЫ ДІНИЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Кезінде біздің ата-бабаларымыз да «Бақыт деген не?», «адамгершілік, əділдік, адалдық, даналық деген не?» сияқты мəңгілік сұрақтарға жауап іздеген. Солардың бірі «Құтты білік» поэмасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.

Дастанның идеялық желісін сипаттаған А.Н. Кононов пен С.И. Иванов «ислам» элементтерімен қоса суфистік реңктің бой көрсететінін атап көрсетеді. Шындығында, поэманың идеялық өзегінде ислам белгілі орын алады.

«Құтты біліктің» кіріспесінде тəңірдің құдіреттілігі суреттелген кезде оның бар болмысы – айды, күнді, жерді, көкті жаратқандығы айтылады. Тəңірдің сандық қатынастардан, кеңістік пен уақыттан тыс екендігі, көзден жырақ, бірақ көңілге жақындығы ескертіледі. Оның еш жерде тұрағы жоқ, ол мəңгі, табиғаттың барлық құбылыстары, тау-тасы, орман-көлі – бəрі құдіреттің жасампаздық əрекетінің ізі, суреті.

Жаратқанның көкте тізіп қойған сансыз жұлдыздарының ішінен Жүсіп Баласағұн он екісін бөліп алады да оларды үш-үштен төрт мезгілге бөледі. Олардың үшеуі – су, үшеуі – жел, үшеуі – от, үшеуі – топырақ. Оларды бітіспес қайшылықтан жарастыққа мəжбүр ететін жаратушы хақ.

Үш от, үш су, үш жел түгел таралды, Үш топырақ – ғалам солай жаралды. Бір-біріне жаулар бұлар өлгенше, Жауды жауға салып қойған сенгенше…

© Қ.С. Ермағанбетова, 2010

311

Қатыспас жаулар, іштей тынып жарасқан, Көріспес жаулар, өшіп бүгін тарасқан. Жаратушы хақ жаратты апарып, Жаратты да, жарастырды қатарын.

Төрт нəрсе бар, аз деп ұғып кейіме. Дана айтқан сөзі түйгін зейінге. Бұл төртеудің біреуі жау, бірі – өрт, Үшіншісі тіршіліктің торы дерт. Бұлардан басқа біреуі бар, ол – білім Осал көрме, төртеуінің ешбірін «Жамандық – от, от күйдіріп өтеді,

Жолын бөгер күш жоқ, құл қып кетеді»1.

Жүсіп Баласағұнның түсінігі бойынша жер бетіндегі тіршіліктің барлығы «Тəңірінің» туындысы. Өмірдегі қарама-қарсы құбылыстар да жаратушының ісі. Адамның өзі де жаратушының ең керем туындысы болып табылады. Адамның бойындағы қасиеттер де «Тəңірінің» берген қасиеттері. Адам сол берген қасиеттерін игі істерге бағыттай білуі тиіс.

Жүсіп Баласағұн өз шығармасының орталық мəселесі ретінде төрт этикалық ұғымды – əділетті, бақытты, дəулетті, ақылды қарастырады.

Əділеттің ақ туы Күнтолды Елік – орталық, кіндік тұлға, себебі ізгілікті қоғамның мəңгілік арқауы – əділеттілік. Ол – ана сүтімен сүйекке сінетін қасиет. Ал ақыл да, дəулет те, қанағатшылдық сезім де жүре бітер қасиеттер. Дəулет баянсыз, тұрақсыз, түлеп, жаңғырып тұрады. Ақыл адалға да, арамға да бітеді, қанағат сараңдықпен де шектесуі мүмкін. Төрт қасиет жеке-жеке ешқандай жетістікке жетпейді, сол себепті төртеуі тек бірлікке жеткен жағдайда ғана халық бақытқа кенеледі. Жүсіп Баласағұнның түсінігі бойынша бақыт деген жеке басқа ғана тəн ұғым емес, ол халықтық сипаттағы ұғым. Сондықтан да шығар бақыт деген кезде міндетті түрде халық бақыты айтылатыны, ал халық бақыты деген кезде билеушінің бақыты да көрсетеді.

Үш нəрсе бар, жер қылатын адамды, Үш күнə бар оттай қырар табанды. Біріншіден – арсыз мақтап, жамандық, Екіншіден – алдау, арбау, арамдық. Үшіншісі – алыпсатар, сарандық,

312

Ақымақ қылар осы үш түрлі надандық2 – деп, Жүсіп Баласағұн адамды жер қылатын қасиеттерді сипаттап өтеді.

Жүсіптің ар ілімінде білікілік, ақыл ізгілікпен ұштасып жатады. Ізгілік ісі – ақылдылықтың көрінісі. Ақыл ненің жақсы, ненің жаман екенін анықтай алады. Керексізді аластап, керектіні таңдап алуға мүмкіндік береді. Адам ненің жақсы, ненің жаман екенін де бажалай алмайды. Білім құнын тек білікті бағалай алады… Дастанда парасаттылық, ақыл, білім жайлы ойлар өте көп кездеседі.

Ей, білімпаз, бір сөзім бар ойымда, Парасат пен білімпаздық жайында. Ақыл-ой – шам-шырағын түндегі,

Білімбарлық – жарық көзі күндегі3, – деген жыр жолдары арқылы адамдарды білімге, үлкен парасаттылыққа шақырып, тек білімге адамға дұрыс жол көрсете алады деп кейінгі ұрпаққа өсиет айтады.

Жүсіп Баласағұнның ар ілімі мен діни қағидалары бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені дін əрбір адамнан жақсы істер жасауды талап етеді, ал ар ілімі жақсы қасиеттерді адам бйына сіңіруге, тəрбиелеуге көмектеседі.

Жүсіп Баласағұнның Құдай туралы ілімі əл-Фарабидің қағидаларымен ұштасып жатыр:

Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен, Қара түнді жарық еттің күндізбен. Қанша ұшқан, жүрген, тынған інде өскен, Ішіп – жемесіне болып күн кешкен.

Көк үсті мен жар қойнының арасы, Мұқтаж саған, жоқ өзгеше шарасы… Хақ қайда деп, қандай деп те сұрама,

Барлық жерде ол, біл де бұны сынама4 – деп Жүсіп Баласағұн Құдайдың құдіретін мадақтап, оның бар-жоғын іздеудің қажеті жоғын айтып өтеді.

Жүсіп Баласағұнның шығармаларында да кемшіліктер кездеседі, себебі əрбір адамзаттың дүниетанымына қайшылықтар тəн. Бұл оның кемшілігі емес, керісінше диалектикалық жасампаздығы болып саналады. Сонысына қарамастан ар ілімінің обал – сауап, жақсылық – жамандық, адалдық – арамдық, парыз – қарыз, қуаныш – қайғы, бақыт пен ізгілік категорияларының философиялық тереңдігін түсінуге болады.

313

Дəулетке мастанып керілудің қажеті жоқ, қолыңнан келгенше қайырымдылық жаса. Қуаныштың арты – қайғы, өмірдің арты – өлім. Өлімге барар жолда ессіздікпен өткізген өміріне өксімеген абзал. Тағдыр тауқыметі, бар нəрсенің алдын ала кесіліп-пішіліп қойылғаны жаратқан Хаққа ғана аян:

Бар нəрсенің уақыт күні белгілі, Тірі жанның тақыт күні белгілі. Жыл, ай, күндей тіршілігін кешеді, Кешкен күнмен өшетінің белгілі5.

Жаралған көшеді, жаратқан қалады. Бұл пəнидегі тіршілік иелерінің қамшының сабындай ғана шолақ ғұмыры – жаратқанның мəңгілік екендігінің көрнекі айғағы. Осы орайда сарандықты адамды масқара ететін үш қасиеттің бірі ретінде қарастыратын Жүсіп, тойымсыз сұғанақ көздің топыраққа толғанда ғана тоятынын ескертеді.

Халық даналығының төл қазынасына айналған ар ілімінің айшықты категориялары Жүсіп Баласағұн шығармашылығында саналуан реңкпен көрініс табады. Адамның я жақсы, я жаман болуы «алланың ісі» демейді, оның себебін кісілік тұлғаның ішкі рухани байлығынан немесе жұтандығынан, біліктілік яки надандықтан көреді. Ғұмырына риза болмау, басқаша айтқанда, мағыналы өмір сүрудің өлшемі кісілік тұлғаның дəреже – деңгейіне байланысты, – дейді Жүсіп Баласағұн. Жұмақ пен тозақты көлденең тартып, адамдардың мінез-құлқын реттеушілікке бой ұрумен де əуестенбейді. Жүсіп Баласағұнның ажалды сабырмен қарсы алу хақындағы ойлары бүгінгі күнгі экзистенциалдық философияның негізгі идеяларымен ұштасып жатыр. Яғни, өмір – өлімге дайындық қана. Пенденің бір аяғы көрде, бір аяғы жерде тұратын шекаралық ситуацияда болады. Осы кезеңде адам ажалға қапысыз мойын ұсынып, ғұмыр бойы дайындалған адам бұл дүниеден о дүниеге көшер сəтте, бүкіл болмыстың мəнін бір пəсте жарқ етер көңіл арқылы тұшынып, пайымдау бақытына ие болады. Сондай сəт үшін өмір сүру əр пенденің борышы. Мұндай бақытқа қол жететіндердің көпшілігі – өмір бойы өлімді ойлап, қайғы-қасіретке, мұңға батып, өзінің ішкі дүниесіне үңіліп азап шегетін пенделер. Бұл көзқарасқа «бақытқа жету дегеніміз – азап шегу арқылы рухани тазару» деп ой түйген Ф. Достоевский де кезінде үн қосқан. Ал, Жүсіп Баласағұн болса:

Ажал келмей, ойла қамын қазанын, Ерте əзірлен, тартып, тірлік азабын.

314

Кешкен күнің – көрген түсің, құр сағым, Келер күнің – уайым, мұң, бір сарын. Не дейді екен болған кісі шерменде, Уайым – мұң ет жүрегін езгенде… Дүние – жалған! Үйрет бойды осыған, Түр ажалың, қарсы шығып тосып ал… Жан алғыштан келер қандай қайыр бар?! Ұзақ жолға өмір бойы дайындал!

Еш шара жоқ өлімнен бой тасалар, Қамдан ерте,күйікті сол баса алар. – дейді6.

Бұл өлең жолдарында Жүсіп Баласағұн адам бойына жауапкершілік артады. Адам өмірі табиғат құбылыстары сияқты ауысып, өшіп отырады. Ажалды алдын ала болжау мүмкін емес, содықтан əр адам өлімнің жақын екенін, өмірден кейін өлімнің бар екенін түсіне білуі керек жəне дайындауы керек. Өлімнен қорқудың қажеті жоқ. Себебі ол – табиғат заңы. Шыққан күннің батуы сияқты… Өлім туралы ойлаған адам, тозақ пен жұмақ туралы да ойлайды. Əрбір адам жүмаққа баруды қалайды. Жұмаққа түсудің де жолы жеңіл емес, ол осы өмірдегі ісімен анықталады. Кейбір адамдар мəңгі өмірді аңсайды. Мəңгі өмір дегеніміз Қорқыт атамыз айтып кеткендей өзіңнен кейін атың мен ісіңнің қалуы.

Ендеше, адамзат міндетті түрде діни тəрбиелерге, өнегелік принциптер мен ұғымдарға сүйене отырып өмір сүруі керек. Əрқашан адамгершілікке, өнегелікке ұмтылуы керек.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы XI–XII ғ. талабына сай жазылған поэма болса да, ешқашан мəнін жоғалтпайды. Оны оқып отырып, өз заманыңа да қажетті, тəрбиелік мəні зор ойларды кездестіруге болады.

____________________

1Ж. Баласағұн. Құтты білік. А., 1986. Б. 77.

2Сонда. Б. 20.

3Сонда. Б. 34.

4Сонда. Б. 52.

5Сонда. Б. 167.

6Сонда. Б. 174.

315

Қ. Қабдиұлы

Қазақстан, Көкшетау университеті

ЖОҒАРЫ БІЛІМ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ

Бүгінде бұл тақырып қазақ тілі үшін өте маңызды, əрі ауқымды екені белгілі. Сондықтан бұл жерде əңгіме тек қана инженерлік пəндер аумағында пайдаланылып жүрген техникалық терминдер төңірегімен шектелмек.

Кəзіргі қолданыста жүрген бұндай терминдерді 3 топқа бөліп қарауға болатын секілді. Бұның 1-тобы қазақ тілінде анық қалыптасқан, тұрақты аудармасы бар техникалық терминдер. Мысалы, вал – білік, клещи – тістеуік, плоскогубцы – балықауыз, щипцы – шымшуыр, прибор – аспап, самолет – ұшақ, аэропорт – əуежай, космос – ғарыш т.б. көптеген осындай техникалық термин сөздері бүгінгі қазақ тілінде əбден қалыптасып, тұрақты қолданылып жүр. Оларды ұстаздар қауымы өз оқулықтары мен дəрістерінде кеңінен пайдаланып жүргендіктен бұған шəкірттері де əбден жаттығып, құлақтарына сіңісті болып кетті деуге болады.

«Техникалық термин жасауда ана тіліміздің барша байлығын сарқа пайдалану керек» – деген қағиданың жүзеге аса бастағанын соңғы жылдары анық байқауға болады. Бұған бір – ғана мысал ретінде «Автоматика» пəні бойынша қолданысқа ене бастаған контакт – түйіспе, схема – сұлба, датчик – сезгіш, привод – жетек т.б. көптеген жаңа терминдерді айтуға болады.

Тіл мамандарының мəліметі бойынша қазақ тіліндегі терминологиялық лексиканың жалпы саны бүгінде 100 мыңнан асады екен1. Бірақ бір қызығы оның шамамен тек жартысына жуығы – ғана ресми түрде бекітілген екен де, ал қалғаны бекітілмеген термин атаулар екен. Сонда лексикалық қордың жартысы-ғана пайдаға асып жатыр деген сөз. Яғни, бейнелеп айтсақ техникалық терминология саласында жазылып, айтылып жүрген дүние ќоржынымыздағы асыл азыќтың тек бір басы екен де, екінші басы жабулы күйінде əлі ќозғалмай жатыр екен. Ол терминдердің ішіндегі ұтымды, оңтайлылары ғана қазақ қауымының тіл сүзгісінен өтіп, өміршеңдігін көрсетіп, қолданысқа біртіндеп сіңісіп келе жатқаны анық.

© Қ. Қабдиұлы, 2010

316

Лингвистикалық зерттеулердің нəтижесіне қарағанда біздің тілімізде барлығы бір миллиондай мағналық бірлік бар дейді. Олай болса нағыз тіл байлығы деп осыны айтса керек. Сондықтан тіліміздің потенциаль мүмкіндігі əсіресе инженер-техникалық салада əлі толық игеріліп болған жоқ деуге болатын сияқты. Мысалға, орыс тіліндегі «эффективность – действенность чего-л.» деген терминнің қолданыста жүрген қазақша аудармасын (нəтижелілік – результативность?, тиімділік – выгодность?) алып қарауға болады. Осы терминнің басты ерекшелігі ол техника саласында да жəне экономика, қаржы саласында да кеңінен қолданылатындығы болып табылады. Алайда, бұл екі саладағы оның мағынасында айтарлықтай айырмашылық бар, яғни экономикада ол қаржы-қаражаттың, не басқадай қор көздерінің пайдалы, əйтпесе пайдасыз екенін сипаттайтын болса, техникада іс-қимыл, əрекеттің, не қолданған инженерлік шараның ілкімділігін, немесе ілкімсіздігін көрсетеді. Бірақ бұл жерде айтпақ болып отырған негізгі ойымыз терминді ана тілімізге аудару барысында оның салалық ерекшеліктерін айрықша ескерумен қатар, əсіресе, «пуризм» үрдісінен, яғни əсіреқазақшалаудан аулақ болғанымыз жөн дер едік2.

Осы орайда өткен ғасырдың 70-ж. өзім куəсі болған бір жайға тоқтала кеткім келеді. Ол кезде мен Монғолия мемлекетінің азаматы ретінде сол елде тұратын едім. Сонда монғолдар өз тілдерінің мызғымас тазалығын сақтау жолында шектен тыс талпыныстарға барып инженер-техникалық терминдерді былай қойғанда, тіпті орта мектептердегі пəндердің атына дейін монғол тіліне аударып алған еді3. Мысалы, математика – тооны ухаан (есеп ғылымы), физика – бодисын зүй (заттар құрылымы), география – газар зүй (жер реті), биология – байгалын шинжлэл (табиғат зерттеу), астрономия – одон орны судлал (жұлдыз жүйесін бақылау) т.б. Бірақ, уақыт өте келе олар бұл қадамының қате болғанына, дүниежүзі бойынша мойындап, қолданып отырған халықаралық терминдерді өз тілінен аластатуға талпыну, сүйтіп өз тілін басқалардан оқшаулау оқушылардың білім деңгейіне кері əсер етуі мүмкін екеніне көздері жетіп, барлық оқулықтарды, баспа материалдарын қайта өзгертуге мəжбүр болған еді. Қазақ тілі бұндай қателікке бармасы анық, бірақ оны біліп, есте сақтап жүру артық болмайды əрине.

Техникалық терминдердің 2-тобын шет тілдердегі техникалық терминнің мағыналық жағын, немесе құрылымдық жəне логикалық ерекшеліктерін талдай отырып өз тілімізге сөзбе-сөз аударған тер-

317

миндер құрайды. Мысалы, «Теориялық механика» пəнінде қолданылатын орыс тіліндегі «ползун» терминінің мағнасы ползать – еңбектеу етістігінен алынған. Ағылшындар «slider» дейді, ол сырғанау мағынасын (slide – скользить) білдіреді. Осы айтылған жүйе бойынша қазақша «сырғақ» деп аталып жазылса. Сонымен қатар орыс тіліндегі «шатун» терминінің мағынасы шатать – шайќау, теңселту, бұлғақтату етістігінен алынғандықтан, оны қазақша «бұлғақ» деп атап жүрміз. Ал, осы бөлшектерді біріктірген жалпылама «кривошипно-коромысловый механизм» тіркесін ағылшындар

«crank-and-rocker mechanism» десе, ондағы кривошип – айналма, ко-

ромысло – күйенте деп алып, өз тілімізге «айналмалы күйенте механизмі» деп аударсақ. Əрине, бұл кетірілген терминдер əзірге тек ұсыныс қана.

Лингвист мамандар бұны калька тəсілі деп атап термин жасау практикасында кеңінен қолданады. Осындай балама-калькалар ішінде термин түп нұсқасының сыртқы кескін-келбетіне байланыстырып атау да кездесіп жатады. Мəселен, электрондық пошта адресіндегі бұралған @ белгісін ағылшынша «əт белгісі» деген мағынадағы «atsign» десе, неге екені белгісіз орыстар оны «собачка» деп атайды. Бір қызығы осы «собачка» термині «Теориялық механика» пəніндегі орысша «храповой механизм» бөлшегінде де қолданылады жəне оны біз қазақша «тиек» деп аударып жүрміз. Ал, @ белгісін қазақша «айқұлақ» деп атасақ деген ұсыныс айтылған. Сыртқы кескініне қарап қойған өте бір дұрыс, ұтымды термин. Сонымен қатар ағылшындар «keyboard», орыстар «клавиатура» дейтін компьютерлік терминді «перне тақта» деп, ал мониторда бір көрініп, бір жоғалып тұратынына қарап «курсор» деп аталатын терминді қазақша «жылтылдақ» деп атайық деген ұсыныс ақпарат құралдарының бірінде айтылып қалды. Міне, осы келтірілген мысалдардың барлығы калька тəсілін пайдалану арқылы ана тіліміздің мүмкіншілігін арттыруға болатынын дəлелдейтіндей. Ал, енді осы тəсілмен орыс жəне халықаралық терминдерге балама ретінде ұсынылып жатқан көптеген жаңа атауларды бұл арада тізбелеп толық келтірудің қажеті жоқ болар деп есептеймін. Бəріне уақыт төреші.

Қазақ тіліндегі оқулық, басылымдардағы техникалық терминдердің 3-тобын халықаралық, немесе ұлтаралық терминдер құрайды. Терминология дəстүріне бай шет тілдердің терминдік өрнек-үлгілерін өз ана тілімізге оңтайлы да үйлесімді енгізіп пайдалану мəселесі ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл жерде алдымен

318

сол интернационалдық термин атауларды қазақшалаудың қажеттігін анықтап алу мəселесі туындайды. Мысалға, «Сызба геометрия» пəнінде кескін-келбетті бейнелеу қағидасын шəкірттерге анық түсіндіру үшін эпюр, проекция, координата, октант, перпендикуляр, фронталь, форма тəрізді бірқатар халықаралық терминдерді аудармай, сол қалпында пайдалануға тура келеді.

Басқа бір мысал, көпшілікке белгілі «двигатель» деген орыс тіліндегі термин бар, ол двигать-қозғау, қозғалту деген мағынадан бастау алатыны белгілі. Ал, осы атауды тура қазақшалап «қозғалтқыш» деген термин қолданатын болсақ, оны көпшілік қауым мүлде қабылдамауы мүмкін. Себебі тіршіліктегі қолданыста ондай термин жоқ, оның орнына тура «мотор» деп атайды. Бұл терминді немістер, француздар, испандар т.б. еуропа елдері қалыпты қолданатындықтан оны халықаралық термин ретінде қарап біз де «мотор» деп қолдана берсек əркімге де түсінікті, əрі қолайлы екені белгілі.

Шет елдермен, жат тілдермен жақындасып ғаламдану процесі жүріп жатқан бүгінгі жағдайда қазақ тілінде баламасы жоқ, аударуға келмейтін техникалық терминдерді сол қалпында алып қолданудан басқа амал жоқ. Бұл ретте «марризм» сырқаты тілімізді өлтіреді деп, яғни дүниежүзіндегі барлыќ тілдер жалғыз тілге келіп тоғысады да басқасының бəрі жойылып кетеді деп қауіптенуге ешбір негіз жоқ.

Аударуға келмейтін интернационалдық терминдерді сол шетел тіліндегі қалпында емес, қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне үйлестіре қалыптастырса терминнің өміршеңдігі арта түсер еді. Сөз реті келгенде осы айтылған тұжырымға мысал ретінде кезінде монғол тілінен қазақ тіліне көптеп еніп, етене сіңісіп кеткен малақай (монғолша малгай), ноқай (нохой), ноян (ноëн), сайын дала тіркесіндегі сайын (сайын-жақсы, жайлы) секілді көптеген сөздерді айтуға болар еді. Жалпы қазақ жəне монғол тілдерінің этимологиясын осы екі тілді бірдей жетік меңгерген тіл мамандары тереңдете зерттесе талай қызық жаңалықтар ашылар еді шіркін!

Сонымен қатар техникалық терминдерді қалыптастыру барысында қазақша жазба түрде орыс тілінің жазба нормасын бұлжытпай қабылдау тіліміздің ұлттық болмысына нұқсан келтіретіні туралы кезінде ғұлама ғалымдарымыз ескертіп айтқан еді. Осы орайда жапондардың техникалық терминдерді, тіпті жалпы шетел тілінің кірме сөздерін жапон тілінде жазып келтіру тəсілі қызық. Жапондар шетел сөздерін өз тілінде жазғанда арнайы əріп катакананы

319

қолданады жəне катаканамен жазылған термин сөз жапон тілінің фонетикасына сай айтуға қолайлы, ыңғайлы түрге келіп өзгеріске енеді4. Əрі оның кірме сөз екені сыртқы жазылу келбетінен-ақ бірден көрініп тұрады. Сонда егер қазақ жазуы болашақта латын əріпіне көшер болса терминологияның емле мəселесін бірге шешіп алу қажеттігі туындайтынын болжау қиын емес секілді. Себебі, кейбір шетел тілдеріндегі сөздердің латынша жазылуы мен айтылуы екеуара сəйкеспейтінін, яғни мүлде бөлекше болатынын жақсы білеміз. Жалпы өз басым қазақ жазуын латыншаға көшіру өте дұрыс екенін көптен бері жазып та, айтып та жүрмін жəне осы бір баспасөз бетінде əртүрлі нұсқалармен талқыға түсіп, əбден кемеліне келіп, пысып тұрған мəселені енді кейіндете бермей тура қолға алып бастайтын уақыт жетті деп білемін5. Ал ең маңыздысы бұл шара рухани тəуелсіздігімізге тікелей əсер ететінін сол жапон тарихынан пайымдауға болады.

Сөз соңында белгілі шындықты қайталайтын болсақ, қай тілде болмасын тума термин болмайды, терминнің бəрі де сол тілдегі қарапайым сөздер. Оларды термин етіп қолданып, белгілі бір логикаға сай код ретінде пайдаланып отырған өзіміз. Тек оның мағынасы анық, тұлғасы ықшам, айтуға жəне жазуға ыңғайлы, «қысқа, əрі нұсқа» болса болғаны. Сондықтан техникалық термин атауды өз тілімізден алып жасасақ та, немесе оны дайын күйінде сырттан алып қабылдасақ та осы талапқа сай келсе болғаны. Яғни Ұлы Абайдың сөзімен айтсақ: Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, – деген сөз.

____________________

1Қайдаров Ə. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993.

Б. 41.

2Как работать над терминологией (основы и методы). М., 1968. С. 75.

3Монгол хэлний товч тайлбар толь. Улаанбаатар, 1966.

4Современный японско-русский словарь / Лаврентьев Б.П. и др. М.,

1998.

5 Қабдиұлы Қ. Башëның «бақасы» // «ZAMAN Қазақстан». 1997.

№ 31 (204). Б. 16.

320