Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Kazakhi_v_Rossii_Istoria_i_sovremennost_tom-2_Omsk_2010

.pdf
Скачиваний:
0
Добавлен:
26.01.2024
Размер:
17.51 Mб
Скачать

1-7-класқа дейінгі қазақ тілі, математика, əдебиет, жағарафия, тарих, табиғат, мұғалімдер қолданбасы сияқты 3000 оқулық таратылып берілді. Іле-шала Алтайдың жергілікті халқынан зиялылар шоғырын молықтыру үшін Кəмел, Солтан т. б 20 дан артық балаларды Ресейдің Алматы, Тəшкент қалаларына оқуға аттандырды. Алтай көлемінде құрылған əр жердегі мектептерді түйін ете отырып ойын-сауық ұйірмелерін құрып əн-би, күйлерден басқа «Шұға», «Еңлік-Кебек» пьесаларын əзірлеп Алтай халқының оянуы мен білімге деген ынтасын, болашаққа деген үміткерлігін арттырды.

Деректерге қарағанда Алтай өңіріне 1867 жж. бастап Ресейліктер геологиялық барлау жəне саяхатпен келіп-кеткен көрінеді. Мысалы: 20-ғасырдың басында Обручев экспедициясы Бұлғын өзені өңіріне геологиялық барлау жүргізіп, Бұлғын, Шіңгіл өзенінің құйғанынан бір алтын кенін байқаған. Алтайда аты мəлім Ақыт Ұлымжіұлының «Қисса и жиһанша-тамұзша ұғылы», «Əділя ғақлиялар» сынды жеті қиссасының 1893 жж. бастап «Қазан университеті баспасынан» жарық көруіне Ресейлік саудагер ноғай Ғабдулғадыр, Кəрімберділер саудамен келіп-кетіп жүріп бастырғаны, Ресей адамдарының Алтаймен қарым-қатынасының қай кездерден басталғанын анықтайды.

Осыдан кейін 1910 жж. мөлшерінде Алтай қаласына Ресей консулы құрылды. 1913 ж. 12-айда Ресей консулы «Қытай əскері өмірімізге хауып төндіретін көрінедің деген сылтаумен Ресейден 1300 əскер шақыртып əкеліп Буыршын ауданы мен Алтай қаласына орналастырып алады да, Қытай үкіметіне: «Ертіс өзенінен параход жүргізу, Буыршын қаласын кемежай (порт) салу, Ресей саудасынан бажы алмау, Алтайдан Ресейліктердің жер ашу немесе майлап алғанына рұқсат ету. Ресейліктердің мал-мұлкін кепілдендіру Алтайға Орыс жер аударушыларын орналастыру сияқты талаптарды ортаға қойып орындалуын талап етеді. Бірақ, бұл шарттардың атқарылуы енді басталып келе жатқанда Ресейде 1 дүние жүзілік соғыс бұр ете қалып, шарт аяқсыз қалады. 1917–1920 жж. аралығында Ресейден əскерге бала беруден қашқан шығыс Қазақстандағы орта жүз Қазақтары мен Орыстар Алтайға келіп мұнда қоныстанады. артартынан келіп жатқан Орыстармен, Орыстардың мəдениетін көре қалған Қазақ, Өзбек, Татарлар Алтай өңіріне Ресей мəдениетін ала келеді. мысалы: Буыршынның Шұңқыр деген жеріне, Көктоғайдың Қу үй, Ұсақ қайыңындаң, Алтайдың Қалутан деген жерлеріне келіп орныққан Сергеи, Егінтай, Мешка, Фетка( Қазақтар осылай атаған)

301

есімді Орыстар ара бағып, бал алып, əр түлік малдың терісінен «көзел» (көк, қызыл, қара түсті тақыр терлер) жасап олардан тақыр тон, шалбарлар тігіп саудаласа, ал өзен аңғарларында отырған Ресейден келген Қазақтар су тирмен, тас тиірмендер орнатып ұн мəнерлеп жергілікті халықтың тұрмыс өресін, мəдени сапасының көтерілуіне түрткі болды.

Жоғарыда айтылғандай Алтайға орналасқан Ресейліктердің мəдениетін өздеріне жұқтырған жергілікті халықта түрлі шаруашылықпен шұғылданған тың тіршіліктер көтерілді. Деректерге қарағанда Алтай өңіріне 1924 ж. 5-айда ең алғаш Ресей саудагерлерімен көлемді, ұйымды тұрде сауда келісімін жасап, 5000 қой, 1000 өгіз өткізу тоқтам саудасына келісіп, ұн, шай, мата, қəмпит сауда айырбасын жасаған. 1927 ж. Қара ертіс бойынан Мəңкей бейсі жүн жуатын «мойке» салдырса, Көктоғайдан Қалел тайжы, Шіңгілден Зəтелбай сияқты байлар да «мөйке» салдырып, Ресей саудагерлерінің талабымен жүнді жуып, тазалап жөнелтетін болған. 1930 жж. Сауырдағы Əлен уаң мен Қадуан ханым (төре ауылдары) Жеменейден сауда орталығын ашып, Ресейден зат енгізіп онда «Европа-Азия корпорациясында жұмыста болған руы Арғын Төлеуғазы деген азаматқа саудаларын басқартып, бұл жаққа əзірленген төрт түлік малдың шикізатін Ресейге жөткеу үшін Алтайдың əрбір аудандарынан түйін құрып, Ресейден енген ұн, чай, бұлдарды сататын əр ауданнан магазиндер ашты. Сауданың қарқыны соншалықты кіремен үлгіруі мүмкін болмағандықтан екі жүк машина, бір «Победа» маркалы жеңіл машина енгізіп сауданы жандандыра тұседі.

Жоғарыда айтып кеткеніміздеи 1913 жж. консулдың алты шартының бірі Буыршыннан порт салу іске асып, 1963 жж. дейін осы порт арқылы мұндағы шикізат пен кен өнімдері Ресейге жөткеліп, Ресейдің заттары Алтайға еніп тұрды.

1934 ж. Шəріпқан төренің ұйғаруымен Ресейге сауда шартымен барған адамдар бұлық, соқа, сеялка, беимка, барана, тракторға деиін енгізіп жер-жерге егін егу науқанын қозғайды. сөйтіп Ресейдің өз кезіндегі даму өресі Алтайдағы халықтың да Экономикасы мен мадениетін бірге ала жұрды.

Алтай негізінен Қазақтар қоныстанған район. ал Қазақтар ежелден көшпенді халық болғандықтан қыстауларда тас ұйлер, тошала ұйлер, жайлауларда ағаш ұйлерді тұтынбаса көбінде киіз ұймен көшіп-қонып жұргендіктен арнайы құрылыс жұргізбеген, жоғарыда айтылғандай 1913 жж. Ресей конслының алты түрлі шарты мен Алтай

302

өңіріне келген əскерлер мен тұрғындар параход порты орналасқан Буыршын ауданына, консул орналасқан Алтай қаласына, түрлі-түсті металдардың қордасы болған Көктоғай ауданына семияліқ жəне іс басқару үйлері мен аурухана жане ойын-сауық клубтар сияқты ірі құрылыстар салды. Əсіресе осы өңірлерге электр станциялары мен егін суаратын су тоспаларын салуы жергілікті халыққа айырықша мəдениет ала келді. Ресейдегі архитектура мəдениетінің ерекшелігін танып білген Алтай өңіріндегі Əлен уаң, Қадуан ханымдар Ресейден арнаулы құрылыс шеберлерін шақырып Жеменейдің Тосты өңірінде сегіз бөлмелі отыралғы үй, склад, машина ұилеріне деиін Еворпа ұлгісімен салдырды.

Сəулет өнерінің тағы бір түрі қамыр, күмбез мəдениеті болғандықтан, Алтай Қазақтарының ежелден сақталған күмбез тұрғызу дара істілі болсада, қолы жеткен Буршындағы Өміртай бидің жəне Жеменеидегі Жəке бидің, Алтайдағы Мəми жəне Қанапя беиістердің ұрпақтары өз ата-бабаларының мазырларын орта Азйя сəулет өнер ұлгісі мен тұрғызу үшін Ресейден Баязлин бастаған арнаулы құрылыс шеберлерін шақырып мазырлар тұрғызып, Алтай өңіріндегі ендігі мазырларға жаңа, тың ұлгілер жалпыластырып қалмастан Алтай халқы өздері де өздерінің отралғы ұйлеріне деиін безендіріп, салуына қудау болды.

Міне бұлардың бəрі де ежелгі патшалық Ресей Совет үкіметі болсын барі де орыс мəдениетінің ықпалы екендігі сөзсіз, арада қанша уақыттардан бергі түрлі саяси жағдайлар себебінен қақтығыстар болғанымен ұлт пен ұлт арасындағы, ел мен ел арасындағы мəдениетке шекара болмады. Бұл еш қашан жамандық емес, ұлт, заман, қоғам қашанда мəдениеттің бір-бірі мен тоғыспалығымен дамиды. дамыған Ресей мəдениетінің Алтай халқына айрықша дамушылықтар ала келгенін, Алтай халқының ертеңіне нұрлы жол бағыштады деп айтуға əбден болады.

303

Н. Жүсіпов, Ə. Шапауов

Қазақстан, Павлодар, С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеті,

Көкшетау, Ш.Ш. Уəлиханов атындағы мемлекеттік университеті

МƏШҺҮР ЖҮСІП – ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ

Мəшһүр-Жүсіп жазбалары арасында мифтер де, діни хикаяттар да кездеседі. Мəселен, «Нұх пайғамбар мен бір кемпір туралы» хикаятта: пайғамбардың да адам тəрізді қателесуі сөз болады1.

Нұх пайғамбар туралы хикаяттар «Библия» мен «Құранда» баяндалатын топан су жайындағы сюжеттерге негізделгені белгілі. Ал, жер жүзін су басып, əлем теңіз астында қалатыны жөнінде мифтерді Библия заманынан да бұрын пайда болған Шумер иен Вавилион, сондай-ақ ежелгі Үнді мен Қытай мифологиясынан білеміз. Көне мифологияда да, Библия мен Құранда да топан су жер бетіндегі адамдарға арналған жаза деп айтылады. Тек, көне мифологияда жазалаушы болып бірнеше құдай көрінеді де, Библия мен Құранда бір-ақ құдай. Жəне бұл кітаптарда Құдай топан су жіберетінін алдын-ала Нұх пайғамбарға ескертіп, кеме жасау керек, сол кемеге тірі жəндіктің бір-бір өкілін алу қажет деп айтады. Міне, осы сюжеттің өзіндік бір варианты ретінде Мəшһүр-Жүсіп жазбасындағы хикаяттың мазмұнын келтіре кетейік: топан су əуелде білінгенде, нан жабатұғын тандырдан білінеді дейді. Ол тандыр тас еді де, орнап тұрған жері Куфа шаһары болатын. Сол шаһарда Нұх пайғамбар жиырма жыл кеме жасайды, «Топан су тасиды» деген, оған кəпірлер күледі. Тек бір кемпір ғана күнде жалғыз сиырын сауып, сүтін пісіріп, ұйытып қатығын Нұх пайғамбарға əкеп береді екен. Жəне су тасығанда мені сиырыммен бірге кемеңе ала гөр дегенді айтып жүреді. Абыр-сабырда Нұх пайғамбар ол кемпірді ұмытып кетеді. Арада алты ай, он екі күн өтеді де, дүние жүзі құрғақшылық болады. Бір күні тағы да баяғы кемпір қатығын алып келіп тұр дейді. Баяғыша: «Су тасығанда мені сиырыммен бірге кемеңе ала гөр!» – деп. Сөйтсе, кемпір байғұстың зор ықыласына, шын жүректі сезіміне тəнті болған Құдай (Нұх ұмытса да) ұмытпаған екен. Кемпір əдетінше сиырын сауып ұйықтаған да, сол ұйқыдан бəрі жай болған соң бір-ақ оянып, қазір қатығын алып келіп тұрғаны екен дейді. Мəшһүр-Жүсіп атамыз осы хикаятты келтіру арқылы, игі тілектің ұмытылмайтындығы туралы ой түйеді.

© Н. Жүсіпов, Ə. Шапауов, 2010

304

Көркем əдебиет өз бастауларын құдайлар, пайғамбарлар жайындағы аңыздардан алатыны белгілі. Əйтсе де кезінде «əдебиеттің таптығы» деген айдармен көптеген діни əдебиет мұралары өзіне лайықты бағасын ала алмай келгені мəлім. Бүгінде хандар, билер, батырларға қатысты мəліметтермен қатар құдай, пайғамбарлар туралы жазылған əдеби үлгілерге де кең назар аударуымыз керек.

Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының Сүлеймен пайғамбарға байланысты жазып алған хикаяттары да көңіл бөлерлік. Белгілі фольклортанушы ғалым С. Қасқабасов өзінің «Казахская несказочная проза» еңбегінде Сүлейменге байланысты хикаяттарды ел арасында негізінен үш сюжет төңірегінде құрылатынын, тəрбиелік мəнде айтылатындығын айтты2.

Ал, Мəшһүр-Жүсіптегі «Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа» атты хикаятты өз алдына төртінші сюжет желісі деп атауға да болады. Шығыс аңыз-əңгімелерінде Сүлеймен патша туралы көп айтылатындығы белгілі. Ғалым А. Қыраубаева «Рабғузи қиссасында» да осы тəрізді бірнеше əңгіме бар дегенді айтады: «Бұл сияқты мысал əңгімелерде жан-жануарлардың жанды-жансыз нəрселерді бірбірімен сөйлесу арқылы түрлі мінез-құлықтары ашылады. Фольклорда, қазіргі жазба əдебиетімізде мол тараған ертегі, мысал, əңгіме, өлеңдердің терең тамырлары міне осындай үлгілер деуге болады», – дейді де, сол аңыздардың ішінде «Сүлейменді сөзбен жеңген құмырсқа» хикаясына тоқталады3.

Бұл хикая сюжет желісі жағынан Мəшһүр-Жүсіп үлгісімен ұқсас болғанымен, ақын нұсқасының өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Біріншіден, хикаяда Сүлеймен мен құмырсқа арасындағы айтыс «жүзік» əңгімесі тұсында бітсе, ал Мəшһүр-Жүсіп үлгісінде сюжет əрі қарай құмырсқаның қамалуы, босануы жəне кейінгі патшаларға ақылшы болып тағайындалуы тұрғысынан өрбиді. Үшіншіден, Рабғузиде Сүлеймен мен құмырсқа арасындағы сөз тартысы қысқа, бір-екі сөйлем мөлшерінде бітеді. Мəшһүр-Жүсіп жазбасында, керісінше пікір сайысы ұзаққа созылады. Хикаяттың қысқаша мазмұны мынадай: Бір күні Сүлеймен əскерімен құмырсқа илеуінің үстімен өтіп бара атқанда құмырсқа патшасы өз қол астындағыларға тығылып, сақтануға бұйрық береді де, сол жарлығы əуедегі Сүлейменнің құлағына шалынады. Ол тоқтап құмырсқа патшасын шақырып сөйлеседі. Сөзден-сөз шығып, Құмырсқа Сүлейменнен: «Құдай саған не берді?» – деп сұрайды. Ол желді билеткенін айтса, Құмырсқа оның

305

«ақыретке пайдасы жоқ», «желге кеткен бір өмір екен» – дейді. Тағы не берді дегенде, Сүлеймен жүзік алғанын айтады. Құмырсқа оған: «Барлық құны тырнақтың көлеміндей тас болған бақ-дəулеттің болғанға, тұрғанға не сəні бар?» – деп жауап қайтарады. Кейін Сүлеймен: «Сен артық па, мен артық па?»-дегенде, Құмырсқа өз артықтығын дəлелдейді. Ал, «Кімді Құдай жақсы жаратты?» – дегенде, тағы Құмырсқа жеңіп шығады. Соңынан Құмырсқа Сүлеймен əскерін астықпен тамақтандырады. Мұны қайдан алғанын сұрағанда, Құмырсқа бір керуеннің осы араға түнегенін, солардың шашылған астығын бір керегі болар деп жинатқанын айтады. Жəне жалғыз бидай жеті жыл жеуіне жарайтынын айтады. Оған Сүлеймен сенбей Құмырсқаны бір бидаймен қамап, жеті жылдан кейін ашса, ол бидайдың жартысын ғана жеген екен. Сүлеймен қайран қалып, себебін сұрағанда, құмырсқа: «…Өзі өтірікші болған кісі сөзіне нанбайды» деген бар еді. Мені сөзіме нанбағандығыңнан жазықсыз қапасқа салып, мейман тұтқын қылдың. Жеті жылда ашамын деген уағдасына тұрмай, ар жағында жеті жыл артық салып қойса, сонда керек болар деп жартысын сақтағаным сол», – дейді.

Міне, сөйтіп, Мəшһүр-Жүсіп жинаған «Сүлеймен пайғамбар мен Құмырсқа» атты хикая арқауына – үлкен философиялық ой, табиғат пен адам арасындағы байланыс, үйлесім негіз болған. Адам да, хайуанаттар да, жəндіктер де, – бəрі табиғаттың жемісі. Сол себепті олар татулықта, сыйластықта өмір сүруі керек деген пəлсапаны Мəшһүр-Жүсіп атамыз «Сүлеймен мен Құмырсқа» атты фольклорлық үлгі арқылы бере білген. Тағы бір айтарымыз: «Құран кəрім» кітабында Сүлеймен мен Құмырсқаға қатысты мынандай бір дерек бар: «Сүлейменнің əскерлері жыннан, адамдардан, құстардан жиналған еді… Олар (Шам төңірегінде) құмырсқалы алқапқа жеткенде, бір құмырсқа жар салады: «Ей, құмырсқалар!» – деді ол.-Індеріңе кіріңдер! Сүлеймен жəне оның жасағы байқаусызда сендерді жаншып кетіп жүрмесін». Құмырсқаның сөзін естігенде, Сүлеймен күлімсіреп, басын изеді. «Тəңірім! – деді ол. – Сенің өзім берген, ата-анама берген игілігіңе шүкіршілік етуім үшін, өзің риза болатын ізгі істерді орындауыма қол жеткізуге лайық ет…»4.

Мəшһүр-Жүсіп жоғарыда айтқан хикаятты қайдан естіп, жазып алды десек, «əулеттік архивте» сақталған Фазыл жазбасындағы Мəшһүр-Жүсіптің мына бір дерегі көңіл аударарлық. Онда: «Ізден абыздың Боштай əкесі Тұрсынбайға айтқаны: «Əділ тақ Сүлейменнің құмырсқаға айтқан сөзін нақыл қылып, артынан мынаны айтқан», –

306

делінген. Бұдан білеріміз: «Сүлеймен мен құмырсқаға» қатысты əңгімені Мəшһүр-Жүсіп Ізден абыздың Боштай əкесі Тұрсынбайға айтуынан жазып алғандығы. Мұнда, сондай-ақ əңгіменің кімге бағышталып айтылатындығы турасында (аты-жөні көрсетілген) дерек те сақталған. Бұл да Мəшһүр-Жүсіп жинаушылығының бір қырын танытады.

Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлының аңыз-əңгімелерді, тарихи əңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мəтел, ақындар айтысын т.б. жинағаны белгілі. Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30 шақтысы топталған5.

Мəшһүр-Жүсіп ел арасынан: «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Сайын», «Нəрік ұлы Шора батыр» т.б. тəрізді батырлар жырын5 да, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» т.т. лиро-эпос жырларды1 да; сондай-ақ «Киік», «Бозторғай», «Дін үйренетұғын»5 тəрізді басқа шығармаларды да жинаған. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын» жырларын Мəшһүр-Жүсіп 1866 ж. 8 жасында-ақ Қамар Хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал, «Алтынбас-Күмісаяқ» – 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.В.Радлов екендігін Мəшһүр-Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куəсі болдық6.

Мəшһүр-Жүсіп ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған /»ЕділЖайық», «Көр ақтарған Жаманбай», «Баһырам патша туралы», «Есен тентек туралы», «Ертеде бір хан болыпты», «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама», «Еңсегей бойлы Ер Есім»; «Алаша хан»; «7 жасар Желкілдек»; «Ер Төстік», «Əз Жəнібек жəне бір ұста», «Екі патша», «Əділ би», «Сүйіндік: Олжабай батыр; «Тама Сарыбас мерген» т.б.1

Ал, ертегілер ел арасынан қалай жиналды, жеткізуші есімдері кім дегенде т.б. – ол турасында Мəшһүр-Жүсіп шамасынша түсінік беруге тырысқан. Мəселен, жоғарыда айтылған: «Сүйіндік: Олжабай батыр» ертегісін Мəшһүр-Жүсіп 1865 ж. Сақау ақынның айтуынан жазып алған. Оған дəлел «əулеттік архивте» сақталған Əлкей Марғұланның Сердалы деген адамға жазған хаты. Онда мынадай сілтеме беріледі: «Сақау ақынның айтуынан 1865 ж. жазып алған Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлы», – делінген. Яғни бұдан білеріміз: біріншіден – жазылған нұсқаның ертегі жанрына жататынын Мəшһүр-Жүсіптің білгені; екіншіден – Сақау ақынның ауызша ай-

307

туынан жазып алуы; үшіншіден – бұл үлгінің жазылынып алыну мерзімі 1865 ж. екендігі /ақынның 7 жасар кезі/. Келтірілген бұл деректердің осы фольклорлық үлгінің паспортын құрайтыны анық. Ал, кімнен, қашан, қалайша жазып алғандығы жөніндегі т.б. мұндай сілтемелер жиынтығыжалпы фольклористика ғылымының фольклорлық үлгіні жазып алу паспортына керекті негізгі талаптарының бірі екендігі мəлім.

Сол сияқты «Тама Сарыбас мерген» ертегісін Мəшһүр-Жүсіп Кіші жүз Қарабура ұранды Тама елінің мергені Сарыбастан естігенін айтады. Бұл аңыз-ертегіде ерте замандағы қазақ аңшылар өміріне сирек кездесетін аң ерекшеліктері бейнеленген. Демек ертегі ішінде табиғат сырын, ел тарихын ашарлық материалдар болуы шығарма мəнін көтере түсетіні анық. Сонымен қатар жоғарыда атап өткеніміздей, МəшһүрЖүсіп жинаған фольклорлық үлгілерді фольлорист-ғалым Ə. Диваев экспедициясы да пайдаланған тəрізді. Себебі Мəшһүр-Жүсіп қолжазбалары арасында «Еңсегей бойлы ер Қасым» атты ертегі /шамасы «Ер Есім» болар. – Н.Ж./ 1062-папкада сақталған. Онда жоғарыдағы ертегімен қоса бірнеше фольклорлық үлгі тағы бар. Оларды «1920–1921 жж. арасыда Ə. Диваев жинаған», – делінген дерек те бар. Қолтаңба араб жазуы үлгісінде папканың сыртқы мұқабасында жазылған. Ал, папканың ішкі жағында, əңгіменің соңына қарай мынадай ескертпе берілген: «Атақты Мəшһүр-Жүсіп Көпейұлының айтуына қарағанда осылай», – делінген. Демек көрсетілген папка ішінде жинақталған фольклорлық үлгілер Мəшһүр-Жүсіптікі деуге болады.

Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мəтелдерді Мəшһүр-Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мəлім. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мəтелдерді жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі мақал-мəтелдер дайын күйінде жеке дара кездеспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян. Мұнда жоғарыда аталған жинаушылықтың негізгі үш тəсілі де қолданылады5.

Мəшһүр-Жүсіп қолжазбалары ішіндегі мақал-мəтелдер тақырыптарының көп түрлілігімен де құнды. Мұнда адамның мінез ерекшелігіне, бітіміне, тұрмыс-тіршілігіне, əдет-ғұрпына, дінге т.б. қатыстылары жиі кездеседі. Мəселен, қолжазбаларда: «Қазақтың: «Ат биеден, алып анадан», – деген сөз тараулары мəнісі, «Екі қырағыдан су қараңғы», Ұйқыда өскен бұзау өгіз болмайды», «Абылай аспас сары

308

бел» дегеннің мəнісі», «Ала арқан жоғалды, бір лақ алып табылды дегеннің мəнісі», «Қазақ: «Пірден емес, мұраттан», – деуінің мəнісі» – деп аталатын т.б. мақал-мəтелдер топтамаларының қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін танытудағы мəні үлкен.

Асылы, белгілі бір фольклор үлгілерін шығарғанда, əр материалдың қайдан, кімнен алынғаны көрсетілмеуі ғылымдағы асығыстықты, өзінен бұрынғы зерттеуші, жинаушы еңбектерін елемеуді дəлелдесе керек. Ал, Мəшһүр-Жүсіп əр мақалдың дерлік қайдан жазып алынғанын көбіне сөз арасында айтып кетіп отырған. Мəселен, «Байлық мұрат емес, // Жоқтық ұят емес!» – деген мақалды Мəшһүр-Жүсіп: «Күні кеше Сарыарқада қасиетті, шарапатты болып өткен Ғайса Бикей ишан дуам айтып отырады екен», – дейді. Яғни, бұдан мақалды жеткізуші есімі Ғайса Бикей ишан екендігі, оны Мəшһүр-Жүсіптің жазып алғандығы көрініп тұр.

Сол сияқты мына үлгілерді де ауызша айтудан тікелей хатқа түсірген: «Байды Құдай атқаны, // Жабағы жүнін сатқаны», – деп басталатын топтаманы Мəшһүр-Жүсіп Шортанбай қожа айтты десе, «Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды, // Үлгісізден би қойса, өсиеті болмайды», – деген жолдан басталатын бір топ мақал – мəтелді Мұса Шорман би ұғлынан естігенін жазып қалдырған5. Міне, осы тəрізді белгілі бір ел аузынан жиналған фольклорлық үлгілердің жазылу паспортына қатысты түсініктемелер, толықтырулар Мəшһүр-Жүсіп жазбасында көптеп кездеседі.

Жалпы жиналған мақал-мəтелдердің көпшілігіне дерлік Мəшһүр-Жүсіп анықтама беріп отырған. Яғни ол мақал-мəтелдердің қандай жағдайда, не себептен туғандығына, ел арасында не үшін қолданылатынына, о баста қандай мағына бергендігіне, тіпті қай заманнан бері айтылып жүргендігіне де т.б. назар аудартады. Бұл тағы да Мəшһүр-Жүсіптің жинаушылық қызметінің зерттеушілікпен ќатар жүргендігін дəлелдесе керек. Мəселен, қолжазбаларының бірінде: «Молдалар», «Құдай сөзі құран айтады», «Пайғамбар сөзі, хадисшариф мынау», «Хадис-шариф, алла жаратады», «Шіп Алутин мен Алайман, хадис-шариф», – делінген5 айдармен мақал-мəтелдер топтамалары берілген. Бірінде молдалар төңірегінде жиналған мақалмəтелдер шоғыры орын алса, келесісінде «Құран» кітабынан алынғандары, ал, қалғандарында «Хадис-шариф» кітабынан алынған мақал-мəтелдер топтамалары енгізілген. Мұндағы соңғы тақырыпта: «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» мақалының мағынасын қазақ білмейді: «Бұл Хадис-Шарифта» Шіп Алутин мен Алайманның

309

мағынасынан алынған сөз», – деп, – оның қандай мағына беретінін де ашып береді.

Соның бір көрінісі – біз қарастырып отырған Мəшһүр-Жүсіп Көпеевтің «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» мақалының шығу төркіні əңгімесі5. Əңгіменің қысқаша оқиғасы мынандай: далада келе жатқан жесір əйелдің бір қап ұнын жел ұшырып əкетеді. Соның мəнісін білу үшін Хазірет Дəуіт Ғалейссаламға барады. Ол жауап берудің орнына бірде үш, екіншісінде бес пұт бидай беріп қайтарады. Əр қайтарғанында есік алдында ойнап жүрген Сүлеймен оның ұн алғанға мəз болмауы керектігін, қиянат иесін жауапқа тарту қажет екенін айтып, əйелді қайта əкесіне жұмсайды. «Осы саған далада біреу бір нəрсе үйретіп тұр ма, шыныңды айтшы», – деп Хазірет Дəуіт əйелден сұрағанында, ол үйретуші Дəуіттің он үш жастағы баласы Сүлеймен екенін айтады. Одан əрі Сүлеймен келіп, əкесінің жел əрекетінің себебін жел иесінен сұраған жөн екенін түсіндіреді. Кейін əкесі Хазірет Дəуіт ғибадатханаға барғанда құдай жіберген періште келіп оған түсінік береді. Сөйтсе, ол қап бидай теңізде батуға таянған бір кемеге ұшырылып апарылып, соның тесігін бітеген екен. Себебі олар құдайға жалбарынып, кемедегі жарты қазынаны жетімжесірлерге бермекші болыпты. Аяғында кемедегілер соны істепті де, жарты дүниені əйел алыпты. «Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» деген сөз содан қалды дейді.

Баланың ойы мен санасын дамытуда, сезімін ұшқырлауда т.б. жұмбақтың атқарар қызметін жақсы түсінген Мəшһүр-Жүсіп, фольклордың бұл жанрын да ел арасынан жинауды ұмытпаған5. Жинау барысында Мəшһүр-Жүсіп жұмбақтарды ауызша айтушыдан тікелей қағазға түсірумен бірге кітаптарды да пайдаланған. Мəселен, Мəшһүр-Жүсіп қолжазбасында бір топ жұмбақтарды бере отырып, бас жағында «Хадис-шарифтан» деген ескертуді де береді.

Сол сияқты, жұмбақтардың туу негізін, тəсілін жақсы меңгерген Мəшһүр-Жүсіп өз жанынан да жұмбақтар ойлап шығарады. Мысал үшін: «Жылдың он екі атауына» қатысты материалды ол өзі: «Мəшекеңнің жұмбақтары», – деген.

Қорыта айтқанда, Мəшһүр-Жүсіптің жинаған фольклор үлгілері, қазақ хандары, батырлары, билері, шешендері т.с.с. туралы жазып қалдырғандары – Қазақстан тарихы үшін де, халық мəдениеті үшін де баға жетпес қазына көзі болып қала бермек.

____________________

1 Мəшһүр-Жүсіп. Шығармалары. Т. 6. Павлодар, 2005. Б. 396.

310