Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТТ Саргужин.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

10 Дәріс. Жүзгіш және кемелік крандар. Жіктелуі, құрылысы және негізгі параметрлері

Жүзгіш крандар. Жалпы мағлұматтар. Жүзгіш крандар жоғарғы құрылымнан және понтоннан тұрады. Жүзгіш крандардың артықшылықтары: бір порттан екінші бір портқа жүре алу мүмкіндігі және жоғары жүк көтергіштікте салыстырмалы өзіндік құнының аздығы. Бірнеше жүзгіш крандар жүк көтергіштігі жүзден бірнеше жүздеген тоннаға дейінгі кез-келген жүкті тией алады.

Арналуы бойынша жүзгіш крандар: порттарда тиеп-түсіру жұмыстарына арналған және орнату жұмыстарына арналған крандар болып бөлінеді.

МЕСТ-ке сәйкес тиеуші жүзгіш крандардың жүк көтергіштігі 5, 16 және 25 т, мардымды иіні 30м, мардымсыз иіні 9-11м, су астының деңгейінен ілмектің көтерілу биіктігі 18,5-25 м, су деңгейінен төмен түсу тереңдігі – 11-20 м кем емес, көтеру биіктігі 1,17-0,75 м/с, иін өзгерту механизмі 0,75-1,0 м/с, айналу жиілігі 0,02-0,03 с.

Жүзгіш крандар кемеқұрылысы және кемежасау зауыттарындағы жұмыстар үшін гидротехникалық құрылысты енгізу де орнату жұмыстарын атқару үшін қолданылады.Бұл негізінен жүк көтергіштігі жоғары крандар. Жүк көтергіштігі 350 т «Демаг» неміс фирмасының краны 80 тонналық порталды крандарды орнату кезінде Санк-Петербург реконструкциясында қолданылды. Жүк көтергіштігі 250 т кран Каспий теңізінде мұнай мұнараларын орнатуға дайындалған.

71 Сурет. «Витязь» кранының сұлбасы Қалқымалы кран

Жүк көтергіштігі 1600т «Витязь» краны (71 сурет) ауыр жүктермен жұмыс істегенде қолданылады, мысалы өзен арқылы жағаға көпір құрылысын салған кезде тіректерді орнатуда қолданылады. Бұл кранның негізгі көтеруіндегі көмекші жүк көтергіштігі 200 т негізгі көтерудің иіні 12 м, көмекші 28,5 м. Сонымен қатар, жүк көтергіштігі жоғары жүзгіш крандар да кездеседі.

Құрылымдық ерекшеліктері. Қалқымалар беттік болаттармен қоршалған көлденең және өнбойлық элементтерден тұратын кеме тұрқына ұқсас болып келеді. Қалқымалар түріне байланысты дөңгелектен бұрышты параллепипедті немесе корабельді орамаларды болып келеді. Тікбұрышты бұрышты қалқымалардың түбі жазық және қоректендіргіш бөлігінде қиық болады. Кейде кранда екі понтон орнатылады. Жүзгіш крандардың қалқымаларын кейде батпайтын етіп жасайды, яғни өнбойлық және көлденең іріктемелермен жабдықталады. Жүзгіш крандардың тұрақтылығын ұлғайту үшін мүмкіндігінше олардың ауырлық центрін төмендету керек. Қалқыма ішінде оның ернеуінің өн бойында дизелді жанар май мен престі суға арналған танкалар орналасады.

Кемелік крандар. Өзен жәнекөлдердегі порттарда қуатты көтеру-тасымалдау жабдықтарының жеткілікті болуына қатыссыз кемелер жүк көтеру құрылғыларымен, яғни крандармен жабдықталуы тиіс. Порттарда бос жүк көтеру машиналарының болына қарамастан кемелермен қамтамасыз етіледі және кемелерді тиеп-түсіру уақыты қысқарады. Сонымен қатар, өзендегі порттарда өзен кемелерінен жиектерге немесе керісінше тасымалданатын жүктер өте көп. Бірақ, мұндай операцияларды орындау кезінде порттардағы крандардың иіні жеткіліксіз болуы да мүмкін. Сондықтан да, кемелік крандар қолданылады.

Құрылымдық ерекшелігі. Бұрылмалы жебелі крандар. Бұрылмалы платформалы немесе жылжымайтын колоналы крандар өздері жұмыс істейтін аймақта тюрмалар мен порттардағы тиеу алаңының кез-келген нүктесінен жүкті алуға және оны осы аймақтың кез-келген нүктесіне түсіруге толық мүмкіндігі бар. Кран негізінен үш механизмнен тұрады: көтеру механизмі, иін өзерту және бұрылу механизмдері. Үлкен кемелерде кейде мұндай крандардың бірнешеуі орнатылады. Кран тұрақты және ауыспалы тоқпен жұмыс істейтін электр жетегінен тұрады. Кран ілмекті немесе грейферлік болуы мүмкін.