Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТТ Саргужин.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

Дәрiс жұмыстарының конспектiсі

1 Дәріс. Кiрiспе. Жалпы мәлiметтер, арнайы крандардың сыныпталуы және конструкциясы

Тиеп-түсіру, қойма, технологиялық, орнату және басқа да жұмыстарды

механикаландырудың бірден-бір құралы арнайы крандар болып табылады. Арнайы крандар көтеру-тасымалдау немесе технологиялық операцияларды

орындауға арналған, мысалы, ірі тонналық контейнерлерді тиеу, сөрелі қойма ұяшықтарына жүктерді орнату, балқытылған немесе қыздырылған металдарды, жарылатын немесе өртке қауіпті заттарды тасымалдау, мартен қорытпаларын шешіндіру және т.б.

Арнайы крандарды құрылысы бойынша көпірлі және жебелі түрдегі крандар деп шарты түрде бөлуге болады.

Көпірлі түрдегі арнайы крандарға: көпірлі, төрт тағанды, жартылай төрт тағанды, арқанмен тасымалдаушы, кабелді және көпірлі-кабелді крандар, кран-штабелерлер, көпірлі қайта тиегіштер жатады.

Жебелі түрдегі арнайы крандарға: жебелі, мұнаралы, порталды, жартылай порталды, мачталық, ванталық, қатаң аяқты, консолды және жүзгіш крандар жатады.

Көпірлі арнайы крандар өнеркәсіптің әртүрлі салаларында қолданылады. Көбіне грейферлі және магнитті-грейферлі крандар кеңінен қолданылады.

1 Сурет. Арнайы крандардың жіктелуі

Металлургиялық крандар металлургиялық заводтарда және машина жасау заводтарының металлургиялық цехтарында қолданылады. Бұл крандарға қызмет көрсету үшін стропальщиктер қажет емес.

Төрт тағанды крандар дара және төкпелі жүктердің қоймаларында, гидроэлектростанцияларда, кеме жасауда және т.б. жұмыстарда пайдаланылады. Төрт тағанды крандардың көпірлі крандардан айырмашылығы олардың көпірлері тіректік тіреуіштердің көмегімен кран жолына тіреледі, ал көпірлі кранның көпірі жер үстіндегі жолға немесе арқалыққа бекітілген кран жолына тікелей тіреледі. Төрт тағанды кранның құрылысы әртүрлі болып келеді. Тек қана металл құрылысының түрі бойынша олар төрт тағанды және жартылай төрт тағанды, консолды және консолсыз, аспалы немес тіректі арбашалы және т.б. болып бөлінеді. Орын ауыстыру мүмкіндігіне қарай олар тұрақты және қозғалмалы болып бөлінеді.

Штабелдеуші крандар көбінесе дара жүктерге арналған қоймаларда қолданылады. Олар көпірлі және сөрелі штабелдеуші крандар болып бөлінеді.

Қайта тиегіш крандар көпірлі қайта тиегіштер құрылысы бойынша төрт тағанды крандарға ұқсас болып келеді. Оларды көбінесе дара және төкпелі жүктерге арналған қоймаларда қолданады. Қайта тиегіштер кран жолы бойынша жүретін екі тірекке тірелетін көпірден тұрады. Төрт тағанды крандарға қарағанда көпірлі қайта тиегіштердің пролеті 100м және одан да жоғары келеді. Оларды көбінесе консолды етіп жасайды. Жоғарғы температуралық деформацияларға байланысты қайтатиегіштердің көпірінің бір тірегі көбінесе «иілмелі» болады, яғни бұл тіректі цилиндрлік немесе шарлы топса көмегімен көпірге жалғастырады.

Жебелі түрдегі арнайы кранның қолдану салаларын қарастырайық. Бұл крандардың көптеген топтарын порталды крандар құрайды, олар дара және төкпелі жүктерді тиеу үшін көбінесе көлдермен өзендердегі порттарда, сонымен қатар құрылыста, кеме жасауда қолданылады. Порталды крандар - толық бұрылатын жебелі крандар, бұрылмалы бөлігі порталда орнатылып, кран рельсімен қозғалады. Порталды крандардың иін өзгерту траекториясы кезінде жүк қозғалысы горизонталға жақындайды.

Жебелі өздігінен жүретін крандар қоймаларда, темір жол мен порттарда, құрылыста, сонымен қатар темір жол станцияларында тиеу және түсіру жұмыстары үшін қолданылады.

Вертикалды орналасқан мұнараға бекітілген жебелі мұнаралы крандар құрылыста, сонымен қатар қоймаларда қолданылады.

Қалқымалары бар жүзгіш крандар порттардағы құрылыста, мұнай және газ қазбалары және т.б. үшін бұрғылау қондырғыларында орнату, тиеу жұмыстарында қолданылады.

Әдебиет: 1 нег.[12-18], 2 нег.[20-25].

Бақылау сұрақтары:

1. Арнайы крандардың арналуы.

2. Арнайы крандардың ерекшелігі.

3. Арнайы крандардың классификациясы.