Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТТ Саргужин.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

48 Сурет. Жағалаулық контейнерлік тиегіш

9 Дәріс. Жебелі өздігінен жүретін крандар, құрылысының ерекшеліктері мен есептері

65 суретте автомобиль шассиіне орнатылатын қанқаның металл құрылысы көрсетілген. Қазіргі кездері өздігінен жүретін жебелі крандарды тік жебелермен немесе «гусько» жебелерімен ғана емес, сонымен қатар мұнаралармен де жабдықтайды. Жылжымалы крандардың мұнаралы-жебелі жабдықтары туралы мәліметті алуға болады.

65 Сурет. Автомобиль шассиіне орнатылатын кранның металл құрылымының қаңқасы:

1 – қаңқа; 2 – бұрылмалы платформа; 3 – бұрылмалы шеңбер; 4 – тісті тәж; 5 – аутригер; 6 – рессор; 7 – аутригер жетегінің гидроцилиндрі.

Өздігінен жүретін жебелі крандардың жүк көтеру жылдамдығы 5–30м/мин, бұрылмалы бөлігінің айналу жиілігі 0,5–4айн/мин, қозғалу жылдамдығы 20–50 км/сағ. Егер автомобилді кран жүк көтергішті бойынша пайдалану шартын қанағаттандырмайтын болса, онда пневмодөңгелекті кран деп аталатын арнайы жобаланып, дайындалатын шассиі бар жебелі крандар қолданылады.

Пневмодөңгелекті крандардың жүк көтергіштігі көбінесе бірнеше тоннаға дейін жетеді. Олай болса, ең қуатты отандық крандарға К-1001 түріндегі краны жатады, оның жүк көтергіштігі ең кіші иінде 100 т. Пневмодөңгелекті крандар ұзындығы 10–25 м жебемен жабдықталады. Пневмодөңгелекті кранның барлық механизмдерінің жетектері жеке тұрақты тоқты қозғалтқыштан тұрады.

66 Сурет. Өздігінен жүретін крандардың мұнаралы-жебелі жабдықтары

Бұл крандар дизелді қозғалтқыштар арқылы жүргізілетін генераторлы қондырғыдан тұрады, ол негізінен сыртқы желіден қоректенеді. Соңғы жағдайда кранды моторлы-генераторлы қондырғымен жабдықтайды. Маневрлігі бойынша пневмодөңгелектер автомобилді крандарға жол береді.

Әртүрлі өздігінен жүретін крандардың құрылымдық ерекшеліктері.

Автомобилді крандар. Автомобилді крандар қуатты таңдау қорабына қосылатын механикалық трансмиссия арқылы автомобиль қозғалтқышымен жетектеледі. 67 суретте ілмек арқылы немесе грейфермен жұмыс істейтін жүк көтергіштігі 7,5 т автомобилді кранның АК-75 механизмдерінің жетегі келтірілген.

Кранның механизмдерінің жетегі автомобилдің трасмиссиясынан қуатты іріктеу қорабы (1), аралық конусты бәсеңдеткіш (16) және конусты реверсі бар орталық үлестіргіш қорабына (11) қозғалыс беріп отырады. Грейфердің тұйықталатын барабаны (16) және көтергіш барабан (5) червякты редукторлар 5, 10 және фрикционды қосқыштар арқылы жүргізіледі. Жебе көтергіш лебедканың барабаны (4) червякты редуктор (2) арқылы жүргізіледі. Бәсеңдеткіштің біліктері (8) және (2) таспалы тежегіштермен (3) және (7) жабдықталған. Фрикционды қосқыштарды (9) грейфермен жұмыс істеген кезде қолданады. Ілмекпен жұмыс істеген кезде барабан (6) өшіріледі. Кранның бұрылмалы бөлігі шектік моментті қосқышпен (12) жабдықталған червякты бәсеңдеткішпен (13) айналдырылады. Бұрылу механизмінің жетекші тегершегі (14) автомобиль шассиінің металл құрылысымен байланысқан тісті тәж (15) бойымен айналады. Қазіргі кездері барлық механизмдері гидравликалық жетекті автомобилді крандар қолданылады.