Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТТ Саргужин.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.08 Mб
Скачать

41 Сурет. Көпірлі және сөрелі штабелдеуші крандар

Колонналар. Штабелдеуші крандарда колонналар тұтас, телескопты және екі бөліктен тұратын болуы мүмкін. Кеңінен таралған колонналардың бірі ұзартылатын кареткалы 1 колонналар болып келеді. Каретка алқасы полспасталы. Арқанның бір ұшы барабанға бекітілсе, екінші ұшы колоннаның қатаң секцисына бекітіледі. Аяты көтеру биіктігі каретка ұзындығымен анықталатын болса, онда бұрылмалы платформада қойманың биіктігін жақсы пайдалану үшін каретка өтпесі үшін тесік жасалған. Бұл жерде бұрылмалы платформаның өлшемі ұлғаяды, демек арбашаның да өту жол кеңейеді.

Көтеру механизмі. Штабелдеуші кранның көтеру механизмі ретінде кейде стандартты электрлі тальдар, ал көбінесе екі жылдамдықты микрожетекті электрлі тальдар қолданылады. Көпірлі штабелдеуші крандардың көтеру механизмінің барабандары бұрылмалы арбашада орнатылған. Сөрелі штабелдеуші крандарда егер кран рельс жолымен қозғалса арбашаның астында, ал егер кран сөреде орнатылған рельс жолымен қозғалса, онда арбашаның үстінде орналасады.

Бұрылу механизмі. Бұрылу механизмі тек қана бұрылмалы колоннасы бар көпірлі штабелдеуші крандарда болады. Бұл механизмдер - арбашасының бұрылмалы жоғары бөлігі болатын басқа да крандардың бұрылу механизмінен айырмашылығы болмайды. Егер штабелдеуші кранда бұрылмайтын колонналар болса, онда оларды қозғалмалы ашалы қармауыштармен жабдықтайды. Бұл жерде колонна соңына горизонтады арқалықтар бекітіледі, ол вертикалды ось бойымен айналып отырады. Бұл арқалықпен каретка қармауышпен бірге горизонталды бағытта қозғалыс жасайды.

Қозғалту механизмі. Штабелдеуші кранның қозғалту механизмі басқа да сәйкес крандардың қозғалту механизмдерінен айырмашылығы болмайды.

Жүк қармау құрылғысы. Жүк қармау құрылғысының құрылысы жұмыс шартына және өңделетін жүктің түріне байланысты болады. Штабелдеуші крандарды сыртқа шығушы қаумауыштармен (42, а сурет) жабдықтайды, егер ол поддондарға, контейнерлерге немесе арнайы тарларға салынған жүктерге, сонымен қатар өте ұзын жүктерді тиеуге арналған.

Орамдықтарды (рулон) тиеу кезінде істікті қармауыштар (42, б сурет) қолданылады. Цилиндрлік жүктерді тиеу үшін екі істікті қармауыштар (42, в сурет) немесе екі цапфалы қармауыш (42, г сурет) қолданылады.

42 Сурет. Жүк қармау құрылғыларының құрылысы

Сонымен қатар, кәдігімгі ілмегі бар арнайы қысқа жебе түріндегі қармауыштар да (42, д сурет) қолданылады. Ашалы қармауышты ауыр штабелдеуші крандардар горизонталды жазықтықта ашаның көлбеулігін өзгертуге арналған механизммен жабдықталуы мүмкін (42, е сурет). Штабелдеуші крандардағы қармауыштар, олардың түрлеріне қатыссыз колоннада вертикалды бағытта қозғалатын жүк көтеру механизмінің кареткасына бекітіледі.

Қауіпсіздік құрылғысы. Штабелдеуші крандарда көпірді және арбашаны қозғалту механизмін бір уақытта қосуға мүмкіндік беретін бұғаттаушы құрылғылар қарастырылған. Кейде көпір мен арбашалардың қозғалту механизмін қосуға мүмкіндік беретін бұғаттаушы құрылғылар да қолданылады.

Тарту элементі үзілген кезде кабинаны ұстап қалатын қауіпсіздік құрылғысын қарастырайық. Штабелдеуші крандарда кабинаны ұстап қалғыштар орнатылады. Жүк көтеру механизмінің кез-келген екі арқаны үзілген кезде серіппе мен иінтіректер жүйесі сыналы қармауыш әсеріне келеді.

Әдебиеттер: 1 нег.[37-66], 1 қос., (арнайы бөлім) 3 қос., 2 қос.

Бақылау сұрақтары:

1.Кран-штабелдеушiлердiі түрлері.

2. Қауiпсiздiктiк құралдары және олардың қолдануын атаңыз.

3.Жүк қармағыш құралдары туралы әңгiмелеңiз.